Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны

Жоспары:

1.Жалпы психология және әлеуметтану — әлеуметтік психологияның негізі.

2.Қазіргі психологиялық және әлеуметтану ғылымдарындағы әлеуметтік психологияның пәні туралы біртекті түсініктердің болмауы.

3.Әлеумсттік психологияның пәні туралы түсініктердің эволюциясы.

4.Адам және қоғамның қазіргі мәселелерін шешудегі әлеуметтік психологияның мәні мен рөлі.

Лекцияның мақсаты: Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны жөніндегі ғылыми – теориялық мәліметтерге шолу.

Лекцияның мәтіні: Әлеуметтік психология ғылымының маңызы — адам өмірінің барлық жақтары қарым-қатынас, топ ішілік және топ аралық қатынастардан құрылатынымен байланысты. Әсіресе, бұл ғылымның оқыту және тәрбиелеу практикасында, педагогикалық әсерлесуді ұйымдастыруда маңызы зор.

Әлеуметтік психологиямынандай сұрақтарға жауап іздестіреді:

1.»Мен» — «Басқа адам» жүйесіндегі қарым-қатынас, яғни жеке адам аралық қатынас. Олардың бір-біріне әсері, адамдардың бір-бірін түсінуі және тану механизмдері, ортақ іс-әрекетті ұйымдастыру.

  1. Түрлі әлеуметтік жағдайлардың адамның мінез-құлығы мен жеке адамдық ерекшеліктеріне әсерін зерттеу. Әлеуметтену процесін (адамдардың әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды игеруі), әлеуметтік күтінулерін, әлеуметтік тандауларын зерттеу. 3.»Мен» — нің әлеуметтік жағдайларға әсері, қоршаған әлеуметтік ортаға адам әсерін зерттеу. Адамды өз өмірінің қожасы өзі-өзінің әлеуметтік байланыстары, ролдері мен өмірдегі өз позициясының иегеруі ретінде қарастырады.

4.»Топ» — «топ» жүйесіндегі қарым-қатынастар. Әлеуметтік психологиятоптардыбіртұтасәлеуметтікжүйеретінде қарастырады. Ол өз бетімен дамып, жетіліп қалыптасады, өз іс-әрекетінде өзіндік мақсаты бар, өзіндік қайталанбас ерекше белгілері бар жүйе. Әрине топтар жекелеген адамдармен де, басқа топтармен де қарым-қатынасқа түсе алады. Мұндай қарым-қатынас әр уақытта қалыпты жағдайда өтпеуі мүмкін, кейбірде жай топаралық қатынастар бір-біріне деген қарсы тұру (агрессия), түсініспеушілік, басқаны қабылдамаумен ілесіп отырады. Әртүрлі әлеуметтік топтардың әсер етуінің психологиялық механизмдерін де, оларды тиімді түрде жоғарылату мәселелерін де әлеуметтік психология қарастырады. Сонымен, әлеуметтік психологияның негізгі қарастыратын мәселелері: жеке адам аралық қарым-қатынастар, топ аралық қатынастар, топтар және жеке адам деп белгілеуге болады.

Осыған байланысты оқу құралы төрт тараудан тұрады: 1) әлеуметтік психология пәні туралы жалпы түсінік; 2) қарым-қатынас мәселелері; 3) жеке тұлға және 4) топтардың әлеуметтік — психологиялық сипаттамалары.

Әлеуметтік психологияның пәні екі бөлек ғылымның -социология (әлеуметтану) жөне психологияның (жантану) жігінде пайда болып, XX ғасырдың басынан өз бетінше дербес ғылым ретінде қалыптасуда.

Сондықтан да, бір жағынан, социология ғьлымы әлеуметтік психологияны өзінің бір тармағы деп есептесе, екінші жағынан, ол — психология ғылымының бір саласы деп есептелінеді. Оның бірнеше себептері бар. Негізінде, қоғамдық өмірдегі көптеген қүбылыстарды зерттеу, екі ғылымның да-психология мен социология ғылымдарының жетістіктерін пайдаланғанда жемісті болуы мүмкін. Қоғамдық зандылықтар, адамдар іс-әрекеті, адамдардың мінез-құлқы, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болса, екіншіден адамдардың қарым-қатынасында, іс-әрекетінің барысында ерекше байланыс, өзара әсерлесу, ерекше қарым-қатынас типтері пайда болады, ал оларды талдау психология білімінің жүйесін білмейінше мүмкін емес екені анық.

Әлеуметтік психологияның екіжақтылығы, бұл пәннің осы екі ғылымның — психология мен социологияның қойнауынан дамып, жеке пәнге айналуымен байланысты.

Әлеуметтік психологияның жеке тұлға психологиясымен де түйісетін жерлері бар.

Екеуінің де негізгі қарастыратыны — индивид, жеке тұлғаны зерттейтін психологтар индивидтердің ішінара жекедаралық механизмдері мен олардың бір — бірінен ерекшеліктеріне көңіл аударса, әлеуметтік психология индивидтерден тұратын адамдар тобы тұтастай алғанда бір-бірін қалай бағалайды, біріне бірі қалай әсер етеді деген мәселемен айналысады.

Әлеуметтік психологияның дербес ғылым ретінде пайда болуын 1908 жыл деп санайды, осы жылы ағылшын психологы В.Макдугалдың (1871-1938) «Әлеуметтік психологияға кіріспе» еңбегі Европада басылып шықса, Америкада социолог Э.Росстың «Әлеуметтік психология» деген еңбегі де жарық көрді. Дегенмен де 1897 ж Дж.Болдуиннің психологиялыққұбылыстарғаамерикалықжәнеевропалық дәстүрлер сақталынуда.

Өз дамуында әлеуметтік психология зерттеу пәнін анықтауда көптеген қиындықтарға кез болды. Егер де XX ғасырдың бас кезінде зерттеушілер көбіне қоғамдық көпшіліктік психологияны зерттеуге көңіл бөлсе (топтар, көпшіліктік еліктеулер, ұлттар, психологиялық тұрпат, т.б.), ал ғасырдың орта шеніне таман, негізінен, шағын топтар, адамдардың әлеуметтік бағдары, топтарға әсер ету тәсілдері мен әртүрлі адам-аралық қатынастарға үңіле бастады. Қазіргі уақытта адамның әлеуметтік мінез-құлқының жалпы теориясын құру проблемасы өте өзекті. Адамның социумдағы мінез-құлқы зерттеуге де, болжауға да күрделі құбылыс болғандықтан, әлі де болса ондай теория жасалыну үстінде.

Бақылау сұрақтары:

1.Жалпы психология және әлеуметтану — әлеуметтік психологияның негізі.

2.Қазіргі психологиялық және әлеуметтану ғылымдарындағы әлеуметтік психологияның пәні туралы біртекті түсініктердің болмауы.

3.Әлеуметтік психологияның пәні туралы түсініктердің эволюциясы.

4.Адам және қоғамның қазіргі мәселелерін шешудегі әлеуметтік психологияның мәні мен рөлі.