Атмосфера және географиялық қабық

1.Атмосфера Жердің ауа қабығы.

Атмосфера (грек.atmos-бу және sphaira-шар) –Жер шарының өзімен бірге айналатын және оның тәуліктік, жылдық айналымына қатысы бар газ қоспаларынан тұратын ауа қабаты. Ол газдан, су тамшыларынан, шаңнан, мұз кристалдарынан тұрады. Массасы 5,15.1015т. Жер бетінен жоғарылаған сайын Атмосферарының қысымы мен тығыздығы төмендей түседі де, біртіндеп планетааралық кеңістікке ұласып кетеді. Атмосфера негізінен азот (78%), оттегі (21%), көмірқышқыл газы (0,03%) басқа газдардан тұрады.

Атмосферада барлық метеорологиялық өлшемдердiң кеңiстiктiк өзгерiсi байқалады. Атмосфераны, белгiлi бiр қасиеттерiнiң вертикальдi бағытта өзгеруiне байланысты, қабаттарға бөледi. Мысалы, температураның биiктiк бойынша таралуы, ауа құрамының өзгеруi және зарядталған бөлшектердiң болуы, атмосфераның жер бетiмен әрекеттесу сипаты және де атмосфераның ұшатын аппараттарға әсерi. Атмосфераның ауа құрамына байланысты гомосфера мен гетеросфера қабаттарына бөлiнетiнi жоғарыда айтылды. Атмосфера қабаттарға әсiресе ауа температурасының биiктiк бойынша таралуымен айқын бөлiнедi. Бұл термикалық қасиетiне байланысты атмосфера бес негiзгi сфералық қабаттарға бөлiнедi: тропосфера (орташа биiктiгi 12 км-ге дейiн), стратосфера (орташа алғанда 12–55 км аралығы), мезосфера (55–90 км аралығы), термосфера: ионосфера (90–800 км аралығы) және экзосфера (800 км-ден жоғары). Ол негiзгi қабаттардың арасында төменгi қабаттың атымен аталатын жiңiшке (1–2 км) өтпелi қабатшалар — тропопауза, стратопауза, мезопауза және термопауза болады

  1. Тропосфера. Атмосфераның ең астыңғы, орташа температурасы биiктiк бойынша төмендейтiн қабатын тропосфера дейдi. Оның жоғарғы шекарасының биiктiгi ендiк пен жыл маусымы бойынша және де атмосфера айналымы бойынша өзгермелi келедi. Тропосфераның биiктiгi экватор маңында 16–18 км, қоңыржай белдеулерде 10–12 км, полюстарда 8–9 км құрайды. Тропосфераның жоғарғы шекарасының биiктiгi қыста төмендесе, жазда бiршама көтерiлiп отырады, сонымен қатар жоғарғы қысым облысының үстiнде төмендеп, төменгi қысым облысының үстiнде көтерiледi. Тропосферада ауа горизонтальдi және вертикальдi бағыттарда қозғалады және үнемi араласып тұрады. Осы қабатта су буының негiзгi бөлiгi орналасады, бұлттар құрылады, жауын-шашын жауады, әртүрлi метеорологиялық құбылыстар байқалады. Тропосферада әр 100 метр биiктiк сайын температура орташа алғанда 0,650С-ға төмендейдi. Орташа жылдық температура жер бетiнен тропосфераның жоғарғы шекарасына дейiн экватор маңында плюс 260С-дан минус 750С-ға дейiн, қоңыржай белдеулерде плюс 30С-дан минус 550С-ға дейiн, Солтүстiк полюста минус 230С-дан қыста минус 600С-ға, жазда минус 480С-ға дейiн төмендейдi. Тропосфераның жоғарғы шекарасында ауа қысымы жер бетiндегiден 3–10 есе төмен болады. Тропосфераның жермен жанасып жататын ең төменгi жiңiшке 50–100 м биiктiкке дейiнгi қабатын жерге жақын ауа қабаты деп атайды. Бұл қабатқа жер бетiнiң әсерi өте зор, яғни онда температураның тәулiктiк тербелiсi айқын байқалады. Температура күндiз биiктiк бойынша өте жылдам төмендейдi, түнде кейде керiсiнше өседi. Бұл қабатта желдiң жылдамдығы да биiктiк бойынша қатты өседi. Ал жер бетiнен 1000–1500 метр биiктiкке дейiнгi ауа қабаты планетарлық шекаралық қабат немесе үйкелiс қабаты деп аталады. Бұл қабаттағы ауа қозғалысына жер бетiнiң үйкелiстiк кедергiсi байқалады. Үйкелiс қабаты метеорологиялық өлшемдердiң тәулiктiк тербелiсiнiң байқалуымен сипатталады. Үйкелiс қабатынан жоғары, жер бетiнiң әсерi болмайтын атмосфераны еркiн атмосфера деп атайды.

Тропосфераның жоғарғы шекарасында, тропопаузаның астында болатын жылдамдығы өте жоғары (150–300 км/сағ) жiңiшке ауа ағындары – жылғалы ағындар деп аталады. Тропосфера мен стратосфераның арасындағы тропопаузаның қалыңдығы 1–2 км құрайды және онда температура биiктiк бойынша тұрақты болады немесе аздап өседi.

  1. Стратосфера. Тропопаузадан жоғары 50–55 км-ге дейiн, температурасының биiктiк бойынша өсуiмен сипатталатын стратосфера қабаты ажыратылады. Температураның биiктiк бойынша өсуi 35 км биiктiкке дейiн өте жәймен, ал одан жоғары стратопаузаға дейiн жылдам жүредi. Стратосфераның жоғарғы шекарасында Жер бетiндегi сияқты ауа жылы, орташа алғанда температурасы 270 К (минус 3 0С) тең болады және озон қабатының өзгерiп тұруына байланысты жыл маусымы мен ендiк бойынша температурасы да өзгерiп тұрады. Стратосферада температураның өсуi ондағы озонның күн радиациясын жұтып қоршаған ортаны жылытуымен түсiндiрiледi. Сондықтан оны озоносфера деп атауға да болады. Температурасының биiктiк бойынша өсуi стратосферада тұрақтылық орнатады, қарқынды ауа айналымы болмайды. Бiрақ сонда да, кейде көлемi үлкен емес вертикальдi баяу қозғалыстар стратосфера қабатын қамтиды. Стратосфера ауасының тропосферадан тек озон қоспасымен ғана айырмашылығы бар.

Стратосферада су буы жоқтың қасы. Бiрақ, жоғарғы ендiктерде 22–24 км биiктiкте кейде өте жiңiшке маржан бұлттар байқалады. Олар өте салқындаған тамшылардан тұрады, күндiз көрiнбейдi, ал түнде горизонт астындағы күн сәулесiнiң түсiп шағылуы арқасында жарқырап көрiнедi.

  1. Мезосфера. Стратосфераның үстiнде, стратопаузадан шамамен 82–85 км биiктiкке дейiн мезосфера қабаты орналасады. Ол қабатта температура қайтадан биiктiк бойынша төмендейдi де жоғарғы шекарасында минус 1000С-ға дейiн жетедi. Мезосферада температураның биiктiк бойынша тез төмендеуi нәтижесiнде турбуленттiлiк қатты дамиды, ауа қарқынды араласып тұрады. Желдiң жылдамдығы 150 м/с дейiн барады. Мезосфераның жоғарғы жағында (82 км) мұз кристалдарынан тұратын күмiс бұлттар байқалады. Оларды түнде ғана байқауға болады. Мезосфераның үстiндегi мезопауза өтпелi қабатында ауа қысымы жер бетiндегiден шамамен 1000 есе төмен болады. Осылайша тропосфера, стратосфера және мезосфера қабаттарында бүкiл атмосфера салмағының 99,5 % орналасады.
  2. Термосфера. Атмосфераның мезосферадан жоғары бөлiгiн термосфера деп атайды. Термосферада температура биiктiк бойынша жылдам өседi, жерден 150 км қашықтықта температура 240 К, 200 км қашықтықта – 500 К-нен жоғары болады, ал термосфераның жоғарғы шекарасында 1000 К-нен асады. Температураның биiктiк бойынша өсуi атомдық оттегi мен азоттың ультракүлгiн радиацияны жұтуымен түсiндiрiледi. Бiрақ ол биiктiктердегi температура тек молекулалардың қозғалысының кинетикалық энергиясын сипаттайды, яғни газдардың молекулалары мен атомдары өте жоғары жылдамдықпен қозғалады. Термосферада ауа тығыздығы өте төмен болғандықтан, онда орналасқан дене (мысалы, жасанды жер серігі) ауамен жылу алмасу арқылы жылынбайды, тек күн радиациясын жұту арқылы жылынады.

Термосферада 100 км-ден жоғары ауа құрамы өзгере бастайды: атомдық оттегi пайда болады, аргон мен көмiртегi диоксидi болмайды, ауа өте күштi иондалып электрөткiзгiштiгi жоғарылайды. Сондықтан да термосфераның мезопаузадан 800–1000 км биiктiкке дейiнгi бұл бөлiгiн ионосфера деп атайды.

  1. Экзосфера. Атмосфераның сыртқы 800-1000 км-ден жоғары жер тәжiне дейiнгi қабатын экзосфера деп атайды. Бұл қабат ауасының өте сиректiгiмен (тығыздығы өте төмен) ерекшеленедi. Жылдамдығы өте жоғары газ бөлшектерi бiр-бiрiмен соқтығыспай жердi эллипстiк орбитамен айналып ұшып шыға алады, кейбiр жеке бөлшектердiң жылдамдығы екiншi космостық жылдамдыққа жетiп (11 000 м/с) әлемдiк кеңiстiкке ұшып кетедi. Сондықтан да экзосфераны газдардың ұшып кету қабаты деп те атайды. Температура 800 км биiктiкте күндiз 2000 0С, түнде 1000 0С шамасында болады.

Бұрын, экзосфера және сонымен бiрге жер атмосферасы 3000 км биiктiкте бiтедi деп есептелiнген. Соңғы кездерi спутниктiк бақылаулар бойынша, экзосферадан ұшып шыққан сутегiнiң Жердiң айналасында 20 000 км-ге дейiн созылып жер тәжiн құрайтыны анықталды. Мұндағы зарядталған бөлшектерге Жердiң магниттiк өрiсi әсер ететiндiктен оны магнитосфера деп те атайды.

Спутниктер мен геофизикалық ракеталардың көмегiмен атмосфераның сыртқы бөлiгi мен жер айналасындағы космостық кеңiстiкте Жердiң радиациялық белдеуi бар екенi де анықталды. Ол жер бетiнен бiрнеше жүз километрден ондаған мың километрге дейiн созылып жатыр. Ол белдеу жылдамдығы өте жоғары (400 км/с шамасында) электрлiк зарядталған бөлшектерден – протондар мен электрондардан тұрады. Олардың энергиясы жүздеген мың электрон-вольт құрайды.

Ұшатын аппараттарға (Жердiң жасанды серiгi және басқармалы космостық кемелер) әсерi бойынша атмосфера екi қабатқа бөлiнедi: атмосфераның өзi (тығыз қабат) және жер айналасындағы космостық кеңiстiк. Екеуiнiң шекарасы шамамен 150 км биiктiкте жатыр. Атмосфераның тығыз қабатының кедергiсi өте жоғары болатындықтан, ұшатын аппарат сөндiрiлген двигателiмен Жердi бiр рет те айналып шыға алмайды (жылдамдығы төмендейдi немесе өртенiп кетедi).

торлық белдеу

2.Биосфера деген түсінік грекше” bios”- тіршілік, ” sfaira”-шар деген мағына береді, яғни Жер шарындағы тіршілік аймағы ретінде ғылымға енгізген австриялық геолог Зюсс болды. Ол 1875 жылы “географиялық қабық “ деген терминді ғылымға енгізгенімен биосфера туралы көп дерек бермеген,тек қана бұл қабықты “тіршілік қабығы ” деп. атаған.Ал биосфераны ғылымға толық енгізген орыс академигі В.И.Вернадский болды.Ол өзінің “Биосфера” деген еңбегінде биосфераны планетаның ең маңызды қабықтарының бірі деп. қарастырып, биосфераның сандық көрсеткіштері аз болса да ,Жер бетіндегі барлық процестер тіршілікке байланысты деп. атап көрсетті.

Биосфераның жоғарғы қабаты 25 км-де шоғырланған — “озон” қабатына дейін, ал биосфераның төменгі шекарасы литосфераны қамтыған.Төменгі шекарасын түрлі ғалымдар әр-түрлі пікір айтады. Кейбір ғалымдар бұл қабатының шекарасын бірнеше метр тереңдікке дейін деп жорамалдаса, кейбір ғалымдар бірнеше жүздеген киллометрге дейін шоғырланған деген пікір айтады.Өйткені бұл тереңдікте кейбір тереңдіктегі бактериялар өмір сүреді.Биосфераға гидросфераның барлық аймақтары кіреді.

Барлық биосфера тарихында 500 млн тірі организмдердің түрі болған, ал қазіргі кезде олардың саны 2 млн.нан.10 млн.ға дейін жетеді.

Жер бетіне тірі организмдердің кең көлмде таралуына олардың қоршаған ортаға бейімділігі және көбеюінің көп мөлшерде болуы әсерін тигізді.

Қазіргі таңда биосфераның сандық құрамы:

-жануарлар: 1,5-1,7 млн түрі.

-өсімдіктер: 350-500 мың түрі бар. Жер бетінде жануарлардың түрінің саны өсімдіктердің түрінің санына қарағанда көп болғанымен, Жердің биомассасының үлкен бөлігін өсімдіктер алып жатыр.

Дүние жүзілік мұхиттың биосферасының сандық көрсеткіші бүкіл дүние жүзілік мұхитта 300 мың түрлі өсімдіктермен жануарлар мекендейді.

Гидросфераның тіршілігі 3топқа бөлінеді.

1.Планктон(planktos-блуждающий) –су бетінде ағысқа қарсы тұра алмайтын ,екі түрге бөлінетін –фитопланктон- өсімдіктерден құралған планктон дар, зоопланктон дар- жануарлардан құралған планктон дар

2.Бентос(benthos-глубина) – су түбіне жабыса өмір сүретін өсімдіктер, жануарлар, жәндіктер.

3.Нектон(nektos-плавающий)-суда еркін жүзе алатын –балықтар т.б.

Дүние жүзілік мұхиттың жалпы биомассасы –35 млрд тонна, олардың ішіндегі 32,5 млрд.тоннасы –жануарлар, 1,7 млрд тоннасы-өсімдіктерге жатады.

3.Географиялық қабық дегеніміз-Жердің сыртқы қоршаған қабығы, оның құрамына-литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера кіреді. Бұл біздің планетамыздың қиын және күрделі жүйелерінің бірі. Географиялық қабық гидросфераны толығымен, атмосфераның төменгі қабыттарын, литосфераның жоғарғы қабаттырын және сондағы тіршілік иелерін зерттейді.

Географиялық қабықтың анық шекарасы жоқ.Сондықтан әрбір ғалым он өзінше бөледі. Географиялық қабықтың жоғарғы бөлігін атмосферадағы озон қабатымен шектессе(25 км биіктікте), төменгі қабатын 1 км тереңдікте деп есептейді.Сонымен географиялық қабықтың жер бетіндегі орташа қалыңдығы 30 км-ге жетеді.Дүние жүзілік мұхитта шекарасы оның түбіне дейін орналасқан.

Географиялық қабыққа тән ерекшеліктер:

-жер қабықтарының әрқайсысы бір ғана заттан (атмосфера-ауадан, гидросфера-судан, литосфера-тау жыныстарынан, биосфера-тірі организмдерден )тұрады;

-организмдер тек қана географиялық қабықта тіршілік етеді. Атмосфераның жоғарғы қабаты мен литосфераның терең қойнауларында тіршілік таралмайды;

-жерге түсетін күн сәулесімен келетін жылу түгелдей дерлік географиялық қабыққа шоғырланған. Оған жылу мөлшерінің белдеулер түрінде таралуы сипатты.Атмосфераның жоғарғы қабатында немесе литосфераның терең бөлігінде жылу бұлайша белдеулік заңымен таралмайды;

-географиялық қабық құрамды болғанымен, біртүтас дүние;

-географиялық қабық әр-түрлі заттық құрамнан шоғырланған;

-географиялық қабықтың құрамындағы заттар 3 күйде кездеседі;

-тек географиялық қабықта тіршілік кездеседі.

Географиялық белдеулер климаттық белдеулерге сәйкес келеді және солардың атымен аталады. Әр географиялық белдеу климат жағдайларының тұтастығымен ерекшеленеді. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың әрқайсысы 4 негізгі географиялық белдеуге бөлінеді. Олар: экваторлық, тропиктік, қоңыржай және полярлық белдеулер.

Негізгі географиялық белдеулердің аралықтарын өтпелі белдеулер бөліп жатады. Өтпелі белдеулерге “суб” (латынша – кіші, таяу) деген сөз қосылып айтылады.

Субэкваторлық – экваторлық пен тропиктік белдеулердің; субтропиктік – тропиктік пен қоңыржай белдеулердің; субполярлық (субарктикалық, субантарктикалық) – қоңыржай мен полярлық белдеулердің аралығын бөледі.

Экваторлық белдеу.Экватордың екі жағын бойлап созылып жатады. Белдеудің климат жағдайлары жыл маусымдарына бөлінбей, температура бүкіл жыл бойы біркелкі таралуымен ерекшеленеді.Жазда да, қыста да температура үнемі жоғары, яғни 25 – 300 С. Жауын-шашын жыл бойы біркелкі таралады (жылына 2000 – 3000 мм-ден, тауларда 10000 мм-ге дейін). Күн сайын, әдетте түстен кейін нөсер жаңбыр құйып өтеді. Жылу мен ылғалдығын молдығы өсімдіктердің қаулап өсіп, сан алуан жануарлардың мекендеуіне қолайлы. Белдеудің көп жерін экваторлық (тропиктік) ұдайы ылғалды, мәңгі жасыл ормандар зонасы алып жатыр.Экваторлық ұдайы ылғалды ормандарда түрлі пальма, діңі қатты темір ағаш, жемісі тамаққа пайдаланылатын нан ағашы, шоколад ағашы өседі. Өсімдік сияқты жануарлары да биіктік қабаттарға бөліп таралған. Ағаштарда быжынаған бунақденелілер, ағаш бақалары, жыландар, шиқылдаған құстар қаптап жүреді. Оларға маймылдардың бақырғаны үні қосылады.

Субэкваторлық белдеу.Экваторлық ауаны қыста тропиктік ауа ауыстыратын өңірде жыл екі маусымға, яғни жаңбырлы жаз бен құрғақ жылы қыс маусымдарына бөлінеді. Белдеудің құрғақ маусым 2 – 3 айға ғана созылатын аудандарында ауыспалы ылғалды ормандар өседі. Бұл ормандарда экваторлық ұдайы ылғалды ормандарға қарағанда ағаштар біраз аласарып, аралары ашылады. Соған байланысты онда бұта және шөп өсімдігі көріне бастайды. Ағаштың кейбір түрлері құрғақшылық маусымда бойындағы суды аз буландыру үшін жапырағын тастайды.Құрғақ кезең 5 – 6 айға созылатын жерлер с а в а н н а л ы болып келеді (саванна Оңтүстік Америка үндістерінің тілінен алынған сөз). С а в а н н а деп әр жерінде жеке немесе шоқ-шоқ ағаш пен бұта кездесетін,көбінесе шөп басқан алқапты айтады.

Тропитік және субтропиктік белдеу

Тропиктік белдеуге бұлтының аз болады. Материктің тропиктік климат ауа температурасы ауытқуларының үлкен болып, өте құрғақ және ыстық келеді. Континенттердің батыс жағауларының тропиктік климаты өте ерекше. Оның ауа температурасы төмен(18-200) жауын-шашын мөлшері аз (мөлшері 100мм аз) (Батыс Сахара, Нашиб, Атакама, Колифорния ) 1000(25-280С) 1200С қыста жетеді.

Континенттердің шығыс жағалауларында тропиктік климаты батыс жағалауының тропиктік климатынан неғұрлым жағдайдағы температурасымен жауын шашынның көптігімен көзге түседі.Мұхиттің тропиктік климат экваторлыққа ұқсас өйткені Мұхит үстіне t-ның тәуліктік және жылдық температурасы біршама үлкен емес.

Бұл климат – ауа массаларының сезондық ауысуымен сипатталады. Материктік субтропиктік климат – жазда ыстық, құрғақ -300С тем-сы, ал қысы – ылғалды болып келеді. Евразияда субтропиктік климат континенттің орталығыда орн. Солтүстік Америкада Коларадада орн. Субтропиктік климатқа тәуелді континенттердің батыс жағалауларын – жерорта теңіздік климат деп аталады. Бұл климатқа Оңт. Европа, Алдыңғы Азия, Солт. Африка жатады. Бұндай климатқа ұқсас Солт және Оңт Америкада да, Африканың оңк-батысында да Австралиада да бар.Бұл климатқа салыстырмалы ыстық 22 С , құрғақ жаз ,10 с-ылғалды (500-700мм)қыс тән.

Субтропиктік климатқа тән континенттің шығыс жағалаулары –муссонды болып келеді.Жазда тұрақты муссон-мұхиттан келеді, ыстық(25 с) ылғалды.

Субтропиктікбелдеулер-бүкіл жыл бойы бір қалыпты температураның болуымен ерекшеленеді.Бірақ қыста бүкіл бклдеуде қысқа уақыттық температураның төмендеуі және, аз мөлшерде қар түсуі де мүмкін.

Қоңыржай белдеу климаты. Бұл белдеудежазда-тропиктік ауа массасы ,қыста арктикалық ауа массасы әсер етеді.Континенттік қоңыржай климат-Евразияда және Солт Америкада ғана кездеседі. Ең жылы айдың температурасы-12 С(Солтүстікте)оңтүстіке қарай 24-5С. Ал ең суық ай-январьда –батыста 5 С,материк ортасына қарай -25 С(30)-ге деиін, ал Ресейдің кеибір тер-да 40 С жетеді. Жауын шашын мөлшері батыстан шығысқа қарай жол түседі.

Қоңыржай белдеу

Тәуліктік ауа температрасының өзгеруі дегеніміз яғни тәулік ішіндегі темпратураның өзгерісін айтамыз . Жердегі температураның өлшеумен немесе бақылаумен метеорологияның қызметкерлер айналысады. Олар ауаның температурасы зертеу мақсатында термометрді 2.м биіктікте орналастырып зертеледі. Жерде ауаның температурасын зерттеу 1 тәулікте 14-15 сағатқа жүргізіледі, суда-16 сағат шамасында , жерде күн батқан соң аз зертесе, су үстінде күн батқан соң 2-3 сағат өткен соң аз сезіледі .

Ауаның тәуліктік температурасы 14-15 сағат аралығында су үстінде-16 сағатта максимумдық температура сезілсе, минимум температура –жерде күн батқан соң 2-3 сағатқа – су үстінде күн батқан соң сезіледі. Осындай ауа температураның максимумдық минимумдық 1 күн ішіндегі өзгерісі — тәулік температурасының амплитудасыда олар бірнеше факторларға байланысты жыл мезгілдері, бұлытылық, рельеф, өсімдіктер жамылғысы т .б. байланысты .Қоңыржай белдеулерде Күннің радиациялың баланысының өздігінше ерекшеліктері бар. Мысалы жазда Күннің көп түсуі байқалса –соның нәтижесінде күн ұзаққа созылады, қыста-керісінше Күннің түнге қарағанда қысқа болуы байқалады. Евразияның қоңыржай белдеулерінің жауын –шашынның жылдық мөлшері батыстан шығысқа қарай азайады -700-600 мм –ден -300 мм дейін азаяды. Ал Солтүтік Америкада жауын шашын керіснше Шығыстан батысқа қарай азаяды. Қоңыржай климаттың белдеулердің континенттілік белдеулерінің орталығында жауын –шашын қысқа қарағанда жазда көп түсед. Қоңыржай ендіктерде салқын жазымен, қатаң қысымен ерекшеленеді. Ылғалдық қоңыржай климаттық белдеуде –солтүстігінде көп болса,оңтүстікке жақындаған солтын азаяды .Материктердің болмыс жағалауларындағы қоңыржай климат –жылы ағыспен батыс желдерінің ықпалымен қалыптасады .Бұл белдеулік климатқа тән жазы ыстық емес (100 С –солт де,170С оқт. де) жазы қатаң емес, t-00 -50 C арасында (қыста). Солт-де қыста төмендеп, қар жауады. Таулы аймақтарда қар жауады, жауын – шашын мөлшері көп болады. Мысалы: Скандинавияның оңт-батысында – 1500мм, Кардильер мен Андтың батыс бөліктерінде – 300 мм, жетеді. Материктердің шығыс жағалауындағы қоңыржай белдеу климаты – ауа массасының сезондық ауысуына байланысты климаты муссанды болып келеді. t – жазда 200С, қыста – 100С — 200С. Жазғы жауын – шашын мөлшері қысқы жауын-шашын мөлшеріне қарағанда 10-20 рет көп.

Полярлық және субполярлық белдеу климаттары.

Оңтүстік жарты шарда қоңыржай блдеу климатында – мұхиттың климат үстемдік етеді. Онда салқын жазымен, батыс желдерінің үстемдігімен ерек-ді.

Полярлық және субполярлық белдеулер..Антрктида, Гренландия, Канада аралдарында шоғырланған жыл бойы t – суық. Мысалы: Антрктиданың «Восток» станциясындағы t-ның ең минимум көрсеткіші – 89,20С. Жауын-шашын – 100мм.

Теңіздік Артикада кедеседі. Тем те суық көрсеткішке ие бірақ жазда-полрлық күн кезеңінде күн біраз жылынуы мүмкін. Жауын шашын-200-300мм.

Субполярлық белдеу

Солтүстік жарты шарда, Еурзия мен Солтүстік Американың солтүстік шетін алып жатыр (субартикалық деп аталады). Оңтүстік жарты шарда тек аралдарда ғана кездеседі (субартикалық). Бұл белдеуде ең жылы айдың орташа температурасы+10 0С- тан аспайды. Жылдық жауын-шашын 100-300 мм, ол буланушылықтан 1,5 еседей көп. Жердің беткі қабаты жылы кезде 30 см-дей қалыңдықта ғана жібиді де, одан әрі қарай қысы-жазы тоң болып қатып жатады. Жазда мәңгі тоңның тек беткі жұқа қабаты ғана (0,5-1 м) ериді . Мәңгі тоңның жаппайтаралуы және төмен температура жағдайында топырағы өте батпақты болып келеді.

Белдеуді негізінен тундыра мен орманды тундыра зоналары алып жатыр.

Тундырад мүк, қына және бұталар өседі.

Полярлық белдеу

Солтүстік полюс төнірегі артикалық, оңтүстік полюс төңірегі антартикалық (грекше анти- қарс) белдеу деп аталады. Екеуінде жаппай муз басып жатыр. Климат жағдайлары өте қатаң. Арктикалық белдеудің екі-үш аптаға ғана созылатын жаз маусымы кезінде ауаның температурасы0 0С-тан сәл ғана асады. Оны есесіне ұзақа созылатын қыста ол- 30-40 0С-тан түспейді, қақаған аяз болып тұрады. Антрактиданың климаты оданда қатаң. Одан жер шарындағы ең төмен температуңрасы (-88,30 С) байқалады.