Балаларға музыкалық білім беру процесін ұйымдастыру оқытудың негізгі мақсаттарының нақты тұжырымды болуын ғана емес, сонымен қатар музыкалық жұмыс тиісті түрде өтілуін анықтауды және балалардың музыкалық тәжірибені меңгерудің негізгі әдіс-тәсілдерінің орнатылуынталап етеді. 20жылдар кезеңінде музыка саласыны мамандарының еңбектерінде бұл мәселелер ерекше орын алады. Бұл уақытта музыкалық тәрбие мен музыкалық дамудың әрекеттестігі (екі жақтың өзара қатынасы) туралы сұрақ әлі шешілмегендігін ескеру керек. 20 жылдардағы педагогика «еркін тәрбие беру теориясының» әсерін басынан кешірді, педагогикалық процесті басқару жөніндегі сұрақ еленбеді. Мұндай тенденциялар (негізгі ой-мақсат) музыкалық-педагогикалық еңбектерде кездеспеді. Музыкалық жұмысты өтудің көлемін талқылай отырып, мамандар музыкалық тәрбиені бала бақшада, топтық сабақтарда жүзеге асырылуы керек деп шешті. Сабақ өтілу әдістемесі жасаралық ерекшелікке байланысты түзілу керек.
М.Румер: «Алдын ала ұйымдастырылған сабаққа бірден кірісіп кету мүмкін емес. Алдымен балаларды бақылау керек; ән репертуарынан қайсысын ұнататындығын біліп алу, одан кейін музыканы олардың іс-әрекет түрлеріне жақындату керек, мысалы: ойынға. Осыдан балалардың қызығушылығы артқан кезде барып арнайы ұйымдастырылған сабақты өтуге кірісу керек»- деді.
Музыка сабағын жиі өткізу жөніндегі сұрақ жан-жақты қарастырылды. Тәрбие берудің нақты зерттелген бағдарламасы, сондай-ақ музыка сабағын өту жүйесі, жоспары болған жоқ. Автордың ойынша мұндай тәсіл балалар психикасының спецификалық (ерекше) белгілерімен ақталады. Мысалы: назардың тұрақты болмауы, психикалық процестің жылдамдылығы мен икемділігінің болмауы т.б. «бала кездегі психикаға байланысты негізгі принцип қатал жүйелі бағдарламалардың болмауы, балабақшадағы музыка сабағының сапасын бағалаудың мүмкіндігінің болмауы; сабақтың нақты анықталған мазмұны мен шегінің (граница), бірте-бірте күрделенудің болмауы». Солай бола тұра, музыкалық жұмыстың ойынға немесе ермекке айналып кетпеуі үшін «жоспарлардың» авторлары балаларды оқытудың негізгі мақсаты мен мазмұнын ұсынады; аптасына неше рет, қанша уақыттан өтілу керектігін анықтайды, балабақшада қолдануға болатын музыкалық әрекеттердің түрлерін түсіндіреді.
В.Н.Шацкая музыка сабағының негізгі талабы қызығушылықты арттыру. Ол сабақты белгілі бір кестемен емес, көңіл-күйге байланысты өтуді көздеді.
«Музыка мектепке дейінгі мекемелерде» деген Н.Доломанованың еңбегінде керісінше, ол музыка сабағының нақты жоспарлануына ерекше көңіл бөледі.