Адам айналадағы дүниеге, өзін қарама-қарсы қойып, белгілі мақсатта іс-әрекетпен шұғылданғанда сол обьективті шындық туралы өзінің білетін түсінігімен біліміне сүйенеді. Сондықтан да адамның сол дүниені өзгертудегі іс-әрекеті саналы әрекет болып табылады. Бүкіл адамзат тарихының барысында қалыптасып жинақталған рухани қазына, мәдениет, мораль, дін, қоғамдық, психология, өнер, құрал жабдық адамның творчествасынан туып, оның қолымен жасалған бүкіл азаттық дүние түгелімен адамзаттың қоғамдық санасы болып табылады. «Музыкалық сана» адамның музыканы танып білуі мен оның айнала қоршаған ортаға әсері және музыканың адам өмірінде алатын орнын сезінуі. Сана тарихи тәжірибені, білім мен ойлау тәсілдерін бойына сіңіріп, шындықты, рухани идеялды игеріп, алда тұрған мақсат, міндеттерді белгілеп, адамзат қоғамының бүкіл практикалық іс-әрекетін бағыттайды. Адамзат өзінің творчестволық ойларын жүзеге асырып, табиғатты, қоғамды өзгертумен бірге өздерін де өзгертіп, жетілдіреді.
«Музыкалық» (музыкальность). 1905 ж музыкалық тест жүйесі мен оның түсінігін ұсынған Б.Р Эндрюс «музыкалық әсерленушілік (муз. переживание)- эмоциялық әсерленушілік; эмоциядан (сезімнен) тыс музыканың мазмұнын, мағынасын түсіну мүмкін емес. Абсолютті музыкалық-ештеңені білдірмейтін тек таза дыбыстарды ғана қабылдау. Музыкаға оқу мүмкіндігі берілмеген баланы ешуақытта музыкалық бала емес, (немузык.ый) деуге болмайды. Музыкалық дарындылықта бәрі тәжірибеге байланысты» дейді.
Енді туа біткен музыкалық туралы негізгі теориялық ұғымдар анықтамасын беріп көрейік. Туа біткен музыкалық дегеніміз-ол музыкалық қабілетемес, тек қана музыкаға бейімділік (задаток). Осы бейімділіктің дамуы арқасында музыкалық қабілет пайда болады. Әр түрлі қабілет жиынтығынан тұратын тұлғаның жеке психикалық қасиеті туа біткен музыкалылық деген ұғымды тікелкй сол қалпында, яғни, дайын музыкант деп түсінуге болмайды, өйткені қабылдау және оқып үйрену барысында жетілмейтін қабілет болмайды. (Туа біткен музыкалылық дегенді қысқаша айтатын болсақ ол оқу, қажырлы дайындықтың тағы басқа жолдармен ғана жоғарғы сатыдағы музыкант атағына жете алады, егер оқу болмаса туа біткен музыкалылық өшіп қалуы мүмкін). Қозғалыссыз қабілет дамымайды. Музыкалылық, әрине туа біткен бейімділікке тәуелді болады, бірақ ол тек қана дамыту мен оқып үйренудің нәтижесі деп түсіну керек. Музыкалылық ең алдымен сапаға байланысты мәселе. Міне, музыкалылық мәселесіне әкелетін теориялық алғышарттардың ең бастысы (сапа). Бұл жерде сапа қандай да бір қасиеттің белгілі бір адамға тән екендігін көрсетіп тұр. Мысалы: екі тұлғаны алайық, біреуі техника саласында білікті маман, ал екіншісі музыка саласының маманы. Музыкантта техникалық қасиет (качество) жоқ. Мұнда тәжірибе басты орын алатыны туралы айтпаса да түсінікті. Онсыз, яғни, тәжірибесіз ешқандай оқытушы-музыкант нәтиже шығара алмайды (еңбектену керек).
Таланттылық пен данышпандық туралы құнды пікірлер ерте грек философтарының еңбектерінде де көптеп кездеседі. Бірақ адам психикасы танымдық құбылыстың ішіндегі танып білуге, ұғынуға өте қиын мәселелердің бірі болғандықтан, жекелеген адамдардың табиғи ерекшелігімен оларда ерекше табиғи қабілеттіліктің болуы құдіретті күшті құдайдың жарылқағаны деп есептеген. Плотонның пікірінше, ақыл туындылары өзінің өнерлілігімен білімімен емес, құдайдың құдіретімен оның белгілеуімен.
Ерте кезде, XIV ғ. қабілеттілік дарындылық тек өнер адамдарында ғана байқалады деп есептеген. Үкімет қызметкерлеріне, әскери адамдарға, ғалымдарға қатысты дарындылық қабілетін жат санаған. Дегенмен, бұл ойды жоққа шығаруға әрекет жасағандар да болды. Аристотель көркем өнер туындысының интелектуалдық іс-әрекетпен байланысты екендігін айтады.
Ерте грек философтары дарындылықты құдайдың құдіретінен дей келе, оны дамытуда білім мен тәрбие берудің маңызын жоққа шығармайды. Қайта өрлеу дәуірінде дарындылық табиғатын танып білу мәселесімен испандық дәрігер Хуан Уарте айналысты. Ол испан империясының қайта өрлеуінің болашағы мемлекеттік қызметке аса дарынды азаматтарды тарту деп есептеді. Оның зерттеулерінің негізгі мақсаты адамдардың жеке басындағы қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта кәсіби маман таңдауда ескеру болып табылады. Бұл зерттеулер саралау психологияның негізін қалады деуге болады. Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі-Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар философия, логика, химия, астрономия, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелеріне көп еңбектер арнаған. Мысалы: Әл-Фараби «бақытқа жету трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар адам қабілеттілігіне, білім беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөлді.
Ғылымдағы педагогика мен психологиялық дифференциясы негізінде адам психикасы мен қабілеттілігі жөніндегі ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады. Қабілеттілік ілімі жөніндегі ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады. Қабілеттілік ілімі жөніндегі алғашқы зерттеулер ағылшын психологы Френсис Гальтон есімімен байланысты. Ол өзінің «Таланттың тұқымқуалаушылығы, оның заңдылығы мен шығу тегі» еңбегінде қабілеттіліктің шығу тегін әдіснамалық тұрғыда негіздеп, келесі заңдылықтарды белгіледі:
- өте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам қоғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды;
- өте жоғары қабілеттілігі бар адамдардың тек аз бөлігі ғана қоғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды;
Ф.Гальтон көптеген ұлы да қабілетті адамдардың өмірін бақылай келе кез-келген деңгейдегі қабілеттілікте тұқымқуалаушылық негізгі шарт деген қорытындыға келеді.
Ф.Гальтоннон кейін неміс педагогы және психологі Э.Мейман дарындылық мәселесін зерттеуді теориялық тұрғыда жалғастырып, соның негізінде «дарындылық белгілерінің типтерін» белгіледі. Э.Мейман дарындылықтың педагогикалық аспектілерін: оқу мен тәрбиенің дарындылықтың дамуына әсерін, дарындылық, қабілеттілік, жетістікке жетушілік ара салмағын қарастырды.
XX ғасырдың бірінші жартысында неміс психологы В.Штерн адамның жеке басы ерекшелігін зерттеп, жеке бас психологияның негізін қалады. Ол талантты бағалау әдістерін қарасырылып, оқушылардың ақыл-ой қабілетін анықтауға арналған, қабілеттілік коэффициентін көрсетті. XIX ғасырда қазақ халқының ағартушылары да халықты сауаттандыру жеке тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін көтере бастады. Ағартушы Ы.Алтынсарин «табиғи ақыл өзін қошағанды ғана құшағына ала алса, оны дамытып өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім» дейді.
Ш.Уалиханов музыкалық тәрбиеге маңыз бере отырып, адам қабілетінің дамуына оның табиғи бейімділігінің мәні зор екендігін алға тартады. А.Құнанбаев адамның ойы мен санасы еңбек іс-әрекеті кезінде қалыптасады деп тұжырымдайды.
«Дарындылық» ұғымы «сый» (дар) деген сөзден шыққан, дамудың қолайлы алғы шарттарын білдіреді. Дарындылық дегеніміз белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі. «Дарындылық» ұғымы «қабілеттілік» ұғымына өте жақын. Дарындылық пен қабілеттілік ұғымдары өткен ғасырдың 40-50 жылдарын психолог Б.Тепловтың еңбектерінде толық зерттеледі. Оның дәлелдеуінше белгілі бір күрделі іс-әрекетті жүзеге асыруда қабілеттіліктің бір ғана түрі жеткіліксіз, сондықтан бірнеше түрлерінің жиынтығы қажет болады. Белгілі бір іс-әрекеттің ұтымды орындалуына тікелей әсер етуші қабілеттіліктің ерекше сапалық жиынтығын дарындылық дейді ғалым.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдарына да тоқтала кетейік.
Шығармашылық өзінің жаңашылдығымен, өзгешелілігімен ерекшеленетін, мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің, түрткінің болуы. Талант қабілеттіліктің жоғарғы деңгейі. Ол суретшінің, өнертапқыштың, ғалымның және кез-келген істі шығармашылықпен шешуді талап ететін өзге де мамандық иелерінің өзгешелігімен, түпнұсқалылығымен ерекшеленетін еңбектерінің болуымен сипатталады.
Данышпандық қоғам өмірінде тарихи маңызы бар шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғарғы деңгейі. Данышпан адам өз ісінің аумағында жаңа ғасыр тудырады.
Дарындылық адамның бір не бірнеше іс-әрекет саласында жоғары қатардағылардан ерекше нәтижеге жету мүмкіндігіе анықтайтын көп өлшемді, ықпалдастырылған (интегральное) құрылым.
Музыкалық дарындылық (муз. одарённость). Музыкалық дарындылық музыкалық психологияның ең қолайсыз сұрақтарының бірі. Дарын біреуде бар, біреуде жоқ. Оқушының дарындылығын анықтау үшін тек музыкант педагог қана болмай өте сезгіш, өте сақшыл, өте музыкалы (сверх) яғни, психолог бола білу керек. Төменгі келтірілген критериялар тек жалпылама берілген. Дарынсыз оқушылардың бір-бірінен айырмашылығы белгілі бір кәсіпті меңгеру жылдамдығында, біреулері екінші біреулерден қабілеттірек болуы мүмкін.
Егер де көрсетілген әдіс немесе тәсіл сол қалпында қайтарылмай оған қосымша қайта өңдеу, өзінше фантазиясына байланысты өңделіп қосылатын болса дарынның бар болғаны. Өзіне тән амалды ойлап шығарды. Мысалы балаға әуен ойналды. Ол оны көз алдына келтіріп «қайтарды» — оқыту амал-тәсілі; одан басқа, ол әуенді өзі оған көрсетілмеген әдісті қолданып үйлестірсе-қабілетті болғаны. Әуенді әрі қарай жалғастырып, өзінің қосқан үзіндісін өте қызғылықты, әдемі, құлаққа жағымды етіп үйлестірді. Бұл баланың дарындылығын көрсетіп тұр. Сұрақ: Дарындылық-жаңа қасиеттің жаңа тәсілден тудыруы ма? Дарынды адам бастапқыда қабілетсіз болуы мүмкін, сондықтан оны қабілетті-бірақ дарынсыз адаммен шатастырып алмау керек.