Музыкалық психология саласы 19 ғ. ортасынан бастап, жеке өз алдына дербес ғылым болып шықты. Бастапқыда ғалымдар дыбыстың жеке қасиеттерін және есту мүшелерінің күрделі психологиялық құбылыс деп деп зерттеп бастаған. Зерттеулердің болымды нәтижесі сезім мүшелерінің қызметінің әртүрлі физикалық обьект арқылы әсер етуінің обьективті (ақиқат, әділ) мәліметті анықтауы болды. Бұл Г.Гельманның естудің резонансты және обертонды теориясын дәлелдеуге, Э.Вэбер мен Т.Фехнерге негізгі психофизика заңын тұжырымдауға мүмкіндік берді. Кейін музыка психологтарының назары музыкалық естуде болды. Кәсіптік музыкатану мен психологиялық деңгейде орындалған зерттеулердің жеткіліксіздігі музыкалық психологияның дамуына қиындық туғызды. Ғылым ретінде музыкалық психология қозғалысының бірі болып музыкалық терапия пайда болды. Музыкалық орындаушылық музыкалық психологияның ең қолайсыз сұрақтарының бірі. Белгілі бір музыкалық орындаушылық қабілеттің, бір іс әрекеттің орындалуына тікелей әсер етуші қабілеттіліктің ерекше сапалық жиынтығын дарындылық деп атайды ғалымдар. Шығармашылық өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін, мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.
Оқушылардың өмірлік және музыкалық тәжірибелерін, қабілеттері, қызығушылытарын арттыру үшін музыка сабағында балалар шығармашылығына жол берген жөн. Балалар шығармашылығына, шын мәнінде жеңіл қарауға болмайды, ол-балалардың музыкалық саладағы ізденісінің көрінісі. Іздене отырып, балалар өздері байқамаған жаңалықты ашады. Балалардың шығармашылық әрекетінің тәрбиелік мәні өте зор.
Орыс ғалымы Б.Яворскийдің айтуы бойынша, шығармашылық өнер музыканың орындалу барысында жүзеге асады. Б.Асафьев „шығармашылық“ балалардың музыкалық материалдарды терең түсінуіне және музыкалық қабілетінің дамуына жағдай жасайды-деп жазды. Музыкалық псхология ғылымын зерттеуші Б.Теплов „шығармашылықпен айналысуды ең алғашқы күннен бастау маңызды. Өйткені, музыкалық мәдениеттің іргетасын өз беттерінше қалауға ықпалын тигізеді“-деп атап көрсетеді.
Музыкалық шығармашылық қарапайым ән, әуендерді айтқанда, ұсынылған сөз текстіне ән шығарғанда, әртүрлі дауыстағы музыканы орындағанда (марш, би,күй, вальс, полька т.б.), музыкамен оның сипатын жеткізетін мәнерлі қимылдар жасағанда, белгілі бір музыкаға ырғақ ойлап тапқанда, музыкалық шығармашылық туралы пікір айтқанда, өзіндік мәнер қолданғанда ғана өмірге келеді.
Музыкалық өнердің тарихи-даму процесінде музыкалық әрекеттің үш негізгі түрі пайда болды. Ең алдымен шығармашылық музыка мәдениетінде жаңалық негізінде пайда болды. Құрылған жаңалық орындалуын талап етеді, демек, жаңа әрекеттің түрі орындаушылық пайда болды, оның өзі вокалдық және аспаптық болып бөлінеді. Музыкалық әрекеттің үшінші түрі-қабылдау; ол пайда болғанды меңгеру үшін және бұрынғы өткен тәжірибе негізінде жаңадан жаңалық ашу үшін адамға өте қажет.
20-жылдар кезеңіндегі арнайы музыкалық педагогикалық әдебиеттерінде балалардың әлеуметтік-музыкалық тәжірибені меңгерудің жалпы әдіс-тәсілдері байқалды (көрінді). А.А.Шеншин «жалпы музыкалық білім берудің жалпы принциптері мен әдістері» статьясында баланың музыка өнерін меңгеруінің негізгі үш тәсілін атап өтті: көрнекілік, өнерпаздылық,өмірге орайлық. Жас ұрпақты тәрбиелеуде музыка жалпы өнерге деген қызығушылығын арттырып, сана-сезімін, рухани дүниетанымын кеңейтуге тигізетін әсері зор. Сондықтан да, балалармен жұмыс жасау барысында яғни, музыка сабағында барлық мүмкіншілікті пайдалану арқылы әрбір шәкірттің музыка өнеріне деген құштарлығын қалыптастырып, эстетикалық талғамын қанағаттандыруға, музыка жөніндегі түсінігін кеңейтуге, ішкі рухани байлығының ірге тасын өз беттерінше қалауға баулу, бағыттау қажет.
Ғалымдар мен педагогтардың теория және практика жүзіндегі зерттеулері мен ізденістеріне сүйенсек, музыка сабағында балалардың аз болса да шығармашылықпен айналысуы, олардың бойындағы қиялын қанағаттандырып, сана-сезімін дамытып, музыканы қабылдау мүмкіншілігін арттырып, зейінін қалыптастыратынын байқаймыз.
Б.М.Теплов балалар шығармашылығын зерттей және оны бағалай отырып, олардың творчествосының ерекшеліктерін анықтайтын үш көрсеткішті айқындап берді:
— балалар творчествосындағы оқушылардың оған деген қабілетінің, қызығушылығының, қарым-қатынасының көрініс табуы;
— творчестволық іс-әрекет жолдары;
— балалар шығармашылық туындыларының деңгейі.
Шығармашылық және оның дамуы педагогика және психология ғылымдар саласында жаңадан пайда болған жаңалық емес. Революцияға дейін-ақ сол кезеңнің алдыңғы қатарлы педагогтары балалар шығармашылығын елеулі проблема ретінде қарастырған.
Б.Я.Яворский балалар шығармашылығын жан-жақты дамыту үшін әр түрлі музыкалық іс-әрекеттерге сүйену керек екендігін ұсынды, яғни хормен ән айту, балалар аспабында ойнау, ырғақтық іс-қимылдарды жасау және өз беттерінше әндер шығару. Ол балалар шығармашылығын музыкалық іс-әрекетінің ажырамас бөлігі деп тұжырымдайды.
Заманымыздың көрнекті ғалымдары О.А.Апраксина, Н.А.Ветлугина, Д.Б.Кабалевский, В.Н.Шацкаялар шығармашылық ойлаудың қалыптасуында сүбелі орын алатын-өнер, оның ішінде музыка деп есептеді. Балалар музыкалық шығармашылығын дамыту теориясының негізін қалаушы Б.В.Асафьев-музыка сабағында балаларға берілетін білім, дағды, әсер, есту қабілетінің мәдениетін қалыптастыруды қадағалап отыруға ерекше назар аударды. Ол әрбір баланы тұлға деп карап, оған өз мүмкіндіктерін көрсету мақсатында, өздерінің сезімдерін, ойларын, музыка тілінде жеткізу үшін көңілінен шығатын жұмыстарымен айналысу қажеттілігін айтты.
Музыка сабағында шығармашылық пен іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыру музыкалық аспаптарда еркін ойнауымызға да байланысты екеңдігін ұмытпағанымыз жөн. Л.Г.Дмитриева өзінің тұжырымдамасында балалардың шығармашылығын дамыту, яғни, шығармашылық бейне туралы түсінік, белгілі бір әуенге кіріспе, қарапайым сүйемел ойлап табу дағдыларын қалыптастыру үшін алғашқы кездс бір ғана музыкалық-тағылымдық материалға жүгінген жөн деп санады. Балаларды музыкаға тартып құштарландыру, олардың музыкалық іс-әрекетке деген қызығушылығын оятып жөне қолдап отыру музыкалық тәрбие беру үрдісінде педагогтың алдына қойған негізгі де, басты мақсаты болу керек. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай, жеке музыкалық дамуына арнайы педагогикалық жағдай жасау — процесске дұрыс жетекшілік ету деген сөз.
Психологтардың пікіріне жүгінсек, шығармашылықты дамытуға ең қолайлы кезең жас өспірімділіктің алғашқы шағы. Өйткені, бұл кезең олардың әсерленгіштігі, сезімталдығы, тартымды ойындарға, ертегілерге, фантастикалық әңгімелерге қызығушылығы және логикалық ойлаудың қарқынды дамуына септігін тигізеді. Егер бұл балалық шақтан жасөспірімдер шағына ауысуда өзгеретін болса, онда олардың шығармашылық белсенділігі, әсіресе, музыкалық шығармашылық қабілеттері төмендейді.
Өздігінше музыка сабағында балалардың шығармашылықпен айналысуы — өзін-өзі белсенді түрде көрсетулеріне дұрыс жағдай тудырады. Барлық оқушылар творчество жетістігіндегі өз қуаныштарын сезіне білу керек.Мұндай мүмкіншіліктер тек әнге байланысты шығармашылық негізінде құрылмағаны жөн. Себебі, оқушылар арасында дауыс мүмкіндіктері «қанағаттанарлық» және «қанағаттанарлықсыз» болуы, есту қабілетінің «шамалығы» ән шығару шығармашылығымен айналысуға белгілі дөрежеде қиындықтар туғызады.
Музыка сабағында балалар шығармашылығы мақсатты, 6eлсенді, эмоциялы сипатта болуы үшін және оны дұрыс жолға бағыттау барысында мұғалім мынадай жолдарды негізге алуға тиіс:
1.Сабақта қолдануға арналған музыкалық материалдарды таңдап алудың негізгі принциптері, программадан алынған шығарма балалардың белгілі бір творчестволық дағдысын қалыптастыруы және дидактикалық талаптарға сай келуі керек оқушыларға үлкен өнердің керемет туындысы ретінде әсер ететін, қосымша материалдар сұрыптап ала білу.
- Сабақта белсенді қызығушылық атмосферасын тудыратын арнайы жұмыс формаларын қолдану.
- Балалардың музыка сабағында әртүрлі іс-әрекетке байланысты шығармашылық өнерін таныстыруда белгілі бір тәсілді таңдай білу.
- Мұғалімнің «суырып салу» өнері оқушылардың аталмыш мүмкіндігінен кем болмауы тиіс.
- Әр сабақта балалар шығармашылығын енгізуде творчестволық тапсырмаларды біртіндеп күрделендіріп отыру.
- Тақырыпқа байланысты сабақты бір тұтас етіп құра білу.
Сабақта алған әсерлерін еркін әңгімелеуге тәрбиелеу шығармашылықты сабақтағы өзінше бір бөлек іс-әрекет ретінде қарай отырып, оны басқа музыкалық іс-әрекеттерімен тығыз байланыстыра білу үлкен шеберлікті талап етеді. Шығармашылық балалардың ойын ұштап, қиялын қанағаттандырады, сезімталдық қабілеттерін, қасиеттерін, байқампаздығын, білімін арттырады. Әрине, балалар шығармашылығын, шын мәніндегі өнер ретінде қарауға болмайды. Ол — балалардың музыкалық саладағы ізденісінің көрінісі. Осы тұрғыда олар өздері байқамаған жаңалықтар ашады. Балалардың шығармашылығының тәрбиелік мәні зор. Орыс ғалымы Б.Яворскийдің айтуынша, шығармашылық өнер музыканың орындалуы барысында жүзеге асырылады, ал мұғалім болса, оқушының музыканы түсіне отырып, ойлана білу мүмкіндігін бақылап, қадағалап отырады.
Әр мұғалімнің шығармашылық қиялы болады. Мұғалім ойында қалыптасқан бұл қасиет -оқушы қызығушылығын арттыратын бірден-бір құрал. Сабақта, музыка апталығында, сыныптан тыс музыкалық мерекелерде (патриоттық әндер мен жас ұландар әндерінің конкурстары, табиғатқа байланысты музыкалық шығармашылық кештер және т.б.) ұйымдастырылған музыкалық-дидактикалық ойындар, ребустар мен викториналық сұрақтар оқушының музыкалық қабілетін арттырып, дүниетанымын кеңейтеді.
Баланың қасиетін уақытында тиімді пайдалану үшін оның музыканы түсініп тындау, орындау қабілеттерін жетілдіруге тек музыка сабағында ғана емес, басқа пәндерде де көңіл бөлінсе, тәрбие өз жемісін бермек. Бұл баланың сезімталдылық қасиетіне өз әсерін тигізері сөзсіз. Пәнаралық байланысты «орынды және жүйелі жүргізе білу» мұғалімнің қиялы мен ой-өрісіне тікелей байланысты.
Мұғалім өз сабағында балалардың шығармашылығын музыкалық-ырғақты қимылдар арқылы жүзеге асыру үшін, алдын-ала сабақтың тақырыбы мен мақсатына сай, түрлі қимыл-қозғалыстар жасауға мүмкіндік туғызатындай музыкалық материалдарды таңдап, іріктеуі керек. Мұғалім әр сабаққа дайындала отырып, оқушылардың тақырыпты толық түсінуін қамтамасыз ету жолдарын қарастырады. Музыкалық-ырғақтық қимыл жасауда, ең алдымен, оны мұғалімнің өзінің мәнерлеп көрсетуі оқушылардың сол қимылды дұрыс жасауына мүмкіндік береді. Сонымен бірге, ырғақтық қимылдардың музыкалық бейнеге сай келуіне баса назар аударылады. Мысалы:
Халқымыздың музыкалық әдеби шығармашылығымен яғни шығармашылығын таратуда отбасының (ата-ананың, қарттардың), ән-күй, түрлі ұлттық мерекелердің, сауық-сайрандардың, ойындарының, жарыстарының қосатын үлесі мол.
Музыкалық әдебишығармалар(ән-күйлер,ертегілер, аңыздар жөне т.б.) тәрбие мақсатында кеңінен пайдаланылғанын атап айту керек. Олар балалар мен жастардың ақыл-ойы мен сезіміне әсер етіп, музыкалық эстетикалық ләззат бере отырып, танымдық, тәрбиелік маңызға ие болған. Балалардың музыкалық тәжірибесі неғүрлым бай болса, соғұрлым олардың дербес шығармашылық еңбегі де жемісті бола түсетіні аян. Себебі, көркем әсерлерімен шебер байытып отыру — бала лардың шығармашылық қабілеттері мен олардың әсершілдігі құралдарын іздестірудегі белсенділігін дамытады, музыкалық шығармашылыққа қызығушылығын күшейту үшін музыка тексін қабылдауға ғана емес, танымының қалыптасуына барынша толық ықпал жасайтын, олардың ең алдымен шығармалардың музыкалық бейнелі мазмұнына және идеялық бағытына бағдарлайтын оқыту формаларын, тәсілдері мен құралдарын таңдап алуға тырысқан.
Оқыту мен тәрбиелеу біртұтас педагогикалық процесс болып табылады. Оқу тәрбие процесінің жекелеген проблемасын нақтылау мақсатымен шартты түрде үш салаға бөлген.
1.Музыкалық теориялық білімді игеру, мұнсыз музыкалық іс-әрекетпен айналысуға болмайды.
2.Вокалдық-аспаптық орындаушылық ойнаумен, эмоциямен қабылдаумен т.б. байланысты психикалық-физиологиялық процесс екенін еске ала отырып, ансамбльде, аспапта ойнау дағдыларымен шеберліктерін, басқа да маңызды қасиеттерді қалыптастыру.
3.Жоғарғы оқу орындарының студенттерінің қоғамдық белсенділігін арттыру және олардың бойында жоғары идеялық саяси, эстетикалық, адамгершілік мұраттарын тәрбиелеу.