Музыкалық стиль–көркемдік әдіс пен тәсілдер жиынтығы. Көркем шығармада образ жүйелерін құру әдістерінен композитордық шығармашылық манерасын байқаймыз. Музыкалық стиль композитордың өзіндік дара ерекшелігін, қолтаңбасын анықтаумен бірге, өткен дәуір мен қазіргі замандағы көркемдік әдіс-тәсілдер мен бағыт-бағдарламасын да анықтады.
Музыкалық эстетикада стиль категориясы ХVІ-ғасырдың соңында кәсіби музыкалық шығармалардың мазмұндық ерекшеленуіне байланысты қалыптасты.
ХVІ-ХVІІ ғасырларда стиль деп жанр ерекшелігі мен әр түрлі бағыттарды атады. ХVІІІ ғасырда стиль мағынасы одан әрі кеңіді, қоғамның дамуы мен қатар музыкалық стильдер бірнеше кезеңдерге бөлінді. Тарих кезең стилі, олар-гомофонды-гармониялық стиль, полифонияда қатаң жазу стиль арасындағы ерекшеліктер, ХІХ ғ. жеке композиторлардың өзіндік айрықша стиль деген мағынада қолданылды. ХХ ғасырда композитордың өмірінің белгілі бір кезең, тіпті, жеке шығарманың стилі деген түсінік туды.
Полифониялық стиль Батыс Европада ХV-ХVІ ғасырларда кең тараған стиль–қатал жазу стилі (стиль строгого письма). Шығармалар шіркеуде, хордың акапелла түрінде орындауына арнап жазылды, аса байсалды, кездейсоқ оқиғаларға бой ұрмайтын, тек діни мазмұнда болды.
ХVІІІ ғасыр–полифонияда жаңа «еркін» стиль дамыды. Бұл шығармаларда жеке адамның ішкі жан дүниесі суреттелді. Жаңа жанрлар, аспаптық музыка кеңінен дамып тарады. Органдық музыка, полифониялық вариациялар, фантазия, токката, канцона, ричеркар, ал ХVІІ ғасырда фуга жанры қалыптасты. Еркін стильдің музыкада негізгі түрлері болып классикалық мажор және минор системасы тұрақтады.
Венаның классикалық мектебі–Венада қалыптасқан музыкалық бағыт (ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы менХІХ ғасырдың бірінші ширегі). Венаның классикалық мектебінің негізін салушы композитрлар–Й.Гайдн, В. А. Моцарт, Л. В. Бетховен шығармашылығында бұл стиль өзінің шарықтау биігіне жетті. Вена классикалық мектебінің музыкасына көркемдік ойдың әмбебаптағы, форманың логикалық айқындығы тән. Шығармаларда өмір құбыластарын динамикалық түрде көрсетуге байланысты жаңа сонаталық форма қалыптасып, дамыды.
Романтизм–ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Европада әдебиетте, музыкада, философияда, эстетикада т.б. ғылымдарда тараған идеялық көркемдік бағыт. Музыкадағы романтизм бағыты 1820-шы жылдары қалыптаса бастады. Романтизм алғашында Австрия (Ф.Шуберт), Германия (К.Вебер, Ф.Мендельсон, Р.Шуман, Р.Ванер т.б.) және Италияда (Н.Паганини, В.Беллини, Дж.Верди т.б.), кейінірек Франция (Т.Берлиоз, Д.Обер), Полша (Ф.Шопен) мен Венгрияда (Ф.Лист) пайда болды. Музыкада романтизм антирациолизм, сондай–ақ, адамның ішкі жан-дүниесіне үңілу сияқты жалпы романтизмге тән қасиеттерді бойына сіңіре отырып дамыды. Романтикалық музыканың бейнелілігі артты. Жаңарған синтетикалық жанрлардың романтизм дәуірінде мәні зор болды. Төрт бөлімді симфония жанрының жаңа түрлері пайда болды (Шуберт, Берлиоз, Лист). Ән, баллада, опера жанрлары жаңа романтикалық сипат алды.
Сонымен қатар, музыка импрессионизм, веризм, неоромантизм, экспрессионизм т.б. сияқты ағымдар және олардың стильдері қалыптасты.