Музыка эпикалық, драма және лирикалық түрлердің мазмұнын да баяндай алады. Сөйтсе де, музыканың бейнелеушілік қабілетінің аздығына яғни өзіндік ерекшеліктігіне байланысты эпикалық суреттеледі. Музыка мазмұнында негізінен жағымды образдар басымдырақ болып келеді. Бірақ ертеден–ақ, әсіресе романтизм дәуірінен бастап музыкада жағымсыз образдарда (олармен бірге ирония, карекатура, гротеск) өріс алды. Алайда, музыка мазмұнында бір нәрсені әшкерелеу, жоққа шығару емес, қайта мақұлдау, дәріптеу басым болды. Сөйтіп, адам бойындағы осындай жақсылық қасиеттерді ашуға табиғат бейім болуы гуманистік бастаманы таратушы ретінде музыканың өнегелік–тәрбиелік мәнін күшейте түсті.
Музыка мазмұны жағынан эпикалық, лирикалық және драмалық болып бөлінеді. Эпикалық музыка–жыр, яғни белгілі тарихи дәуірдің типтік оқиғаларын баяндайтын кең көлемді батырлық, ғашықтық және авантюралық поэзиялық шығармалар. Кең мағынада қолданылатын эпос атауының құрамына миф, болмыш, әңгіме, ертегі, аңыз, хикая, жыр т.б. жанрлық түрлер кіреді. Эпикалық жанрларды жіктеулер ішінен кең тарағандары синхрониялық және дияхрониялық негізделген жіктеулер. Эпостық жанрлар құрамындағы ара-қатынастар динамикалық сипатқа ие болғандықтан, әр тарихи дәуірде әр түрлі қалыпқа түсіп отырады. Халық дәстүрінің алғашқыларын жыр, дастан, ал кейінгілерін қисса деп атаған. Қазақ дәстүрінде сақталып қалған батырлық жырлардың ең көне үлгілері («Алпамыс» т.б.) түркі қағанаты дәуірімен байланысты. Эпикалық шығармаларды орындау ерекшеліктері орындаушыға қойылатын талаптар, оның әншілік қабілеті, жеке импровизаторлық (суырып –салма) шеберлігі және тәжірибесі. Эпостық музыкалық сүйемелдеуі халық өнерінің ең көне түрі.
Эпостық алғашқы орындау түрі синкреттік болып табылады.
Эпостық орындалу әдістері:
- әншілік-речитативтік;
- музыкалық-иллюстративтік;
- музыкалық формасының аяқталып, қалыптасуы.
Эпос айтушыларының көне дәстүрі шамандық наным шеңберіндегі бақсылық дәстүрден бастау алады. Ертеде шамандар ел басқарған, әскербасы болған сиқыршы, емші, түс жорушы, жауырыншы және жын-пері әруақтармен тілдесетін, екі дүниенің арасын жалғап тұрған адамның қызметін атқарған. Бақсының құралы–асатаяқ, кепшік, даңғыра, қобыз, поэзиялық өлшемі жыр, дүние танымы-шамандық (тәңірлік). Ертеде ақылгөйі болған. Орхон жазбаларындағы Тоныкөк осы бақсылар типінің көне бір көрінісі. Бақсылардың атасы болып есептелетін Қорқыт-қобыз аспапбында күй тартып, жыр жырлаған. Сондықтан оларды жырау, ал кейінгі айтушыларды жыршы деп атаған. Жырау-белгілі бір сюжетті жырға қосатын, суырып салма тұлға, жыршы-сол жырларды орындаушы, көпшілікке жеткізуші эпикалық дәстүрді жалғастырушы.
Сонымен, музыкалық эпос дегеніміз-ежелгі тайпалардың көркем ойлау жүйесінің белгілі бір сатысында көбінесе отбасы, ру, тайпа тәуелсіздігі, ел бүтіндігі секілді этмикалық сана аясында туатын күрделі музыкалық-поэтикалық шығарма. Эпикалық дәстүр-түркі тайпалары мәдениетінен байқалатын көне дәстүр. Эпикалық дәстүрдің мақам, саз неріне қатысы бар. Өзінің мазмұны мен мақамдық ерекшеліктеріне байланысты эпикалық жанр бірнеше салаға жүктеледі.
Эпикалық дәстүрдің бел ортасында тұратын жанр–эпос. Қазақ халқының ерте кездерде туып, біздің заманымызға дейін жеткен асыл қазыналарының бірі сол. Эпос-тарихта болған, бір кезеңдердегі қаһармандық немесе романдық оқиғалардың желісіне құрылған көлемді туынды. Оның музыкалық мақамы, поэзиялық құрылымына тән көркемдік ерекшеліктері болады.Бүгінде эпос көне, қаһармандық, романдық және тарихи болып төртке жіктеліп жүр. Мұндай бөлініс эпостық жырлардың даму кезеңдерін қайсысы бұрын, қайсысы сом туғандығын, яғни стадиялық қатарын анықтайды.
Лирика–көркем әдебиет тегінің (эпос, драма, лирика) бірі. Лирика автордың дүниеге қатысы, оның сезімін, ойын, көңіл-күйін суреттеу арқылы көрсетіледі. Бірақ кез-келген сезініс пен әсер лирикалық шығарма тудыра алмайды. Әлеуметтік, моралдық, философиялық, қоғамдық мәні бар толғаныстар лириканы тудырады.