Өнер- өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін қоғамдық сана мен адам іс-әрекетінің өзіне тән ерекшеліктерімен дараланатын формасы. Көркемдік образдар құрылымының ерекшеліктеріне қарай өнер туындылары бірнеше түрге бөлінеді. Көркем сурет, скульптура, графика, көркем әдебиет, театр, кино өнері-өмір құбылыстарын тікелей бейнелесе, музыка, би, сәулет өнері (архитектура) оларды суреткердің ішкі идеялық–сезімдік толғаныстар арқылы береді. Сөздің кең мағынасындағы өнер ұғымына технологиялық және эстетикалық жақтарынан аса шеберлікпен орындалатын адамның практикалық қызметінің барлық түрлері жатады. Өнердің өзіне тәні пәні-өмір шындығына адамның эстетикалық қатынасы, ал басты мақсаты- дүниені көркемдік түрғыдан бейнелеу. Сондықтан да, өнер туындыларының төрінде қоғамдық байланыс, басқа адамдармен қарым-қатынасы, өмірі мен қызметі тұрады. Осы тұста өнер туындыларының бір саласы музыкаға тоқталайық.
Музыка (грек.musire,тура мағынасында «музалар өнері») – негізінен тондардан (белгілі биіктіктіктегі дыбыстардан) тұратын, адамға өзінің өзгеше түрде ұйымдасқан мазмұнды дыбыстық жүйесімен әсер ететін, өмір шындығын дыбыстық көркем образдар арқылы бейнелейтін өнердің бір түрі. Өзінің тікелей эмоциялық әсері арқылы музыканың бүкіл адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбелік және ұйымдастырушылық роль атқарады. Музыканық тарихи эвалюциясы әлеуметтік дамудық жалпы заңына бағынады. Музыка адам сезімін, ойын, оның ерік күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Адамның жан дүниесін, көңіл-күйін, сезімін бейнелеуде музыка адамның сөйлеу тіліне дәлірер айтқанда, өзін қоршаған ортаға эмоциялық қатынасын білдіретін сөйлеу интонациясына өте жақын келеді. Соған қарамастан музыка адамның басқа дыбыстық іс-әрекетіне ерекше әсер етуші болып саналады.
Музыкада дыбыстардың биіктік және уақыттық (ырғақтық, ритімдік) қатынастарды өте қатаң тәртіпке келтірілген. Эмоцияның көп түрлерінің ішінен музыка ең алдымен көңіл-күйді білдіреді. Музыка-шығарманың мазмұнында сонымен қатар, жеке адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоциялық жақтары кеңінен көрініс табады. Мұның өзі адамның психологиялық хал- жайын ғана емес, оның характерін ашуда музыкаға жағдай тудырады. Музыка қоғамдық тәжірибеде де белсенді түрде әсер етеді. Философия және әлеуметтік идеялар әлемін кеңінен қамту үшін композиторлар таза музыканың шеңберінен шығып, нақтылы түсініктеме мазмұнды білдіретін сөзге, сонымен қатар, сахналық іс-әрекетке бағына отырып жұмыс жасайды. Музыкада сырт көрініс, яғни бейнелеушілік аз роль атқарады. Пластикалық өнерден, әдебиеттен, театрдан айырмашылығы сол, образдарды түгелдей дыбыстық үн құралдары арқылы суреттейді. Алайда музыкада түрлі адам портреттері, табиғат көрінісінің суреттемелері және белгілі бір дәуірдегі қоғамның алуан топтары өмірінен көріністері де кездесіп отырады. Мысалы, табиғат үні (жел гуілі, судың гүрілі, құстың әні т.б.) адамның дауысы (сөйлегендегі дауыс ырғағы), қоғамдық өмір үндері (күнделікті өмірде кездесетін дыбыстар) музыкада азды көпті көрініс табады.