Советтік музыка өнері СССР халықтары музыкасының жаңа даму кезеңімен сипаттталады. Ол классикалық дәстүр негізінде өркендегені мен өзінен бұрынғы музыкалық кезеңдерден өзіндік сапасымен ерекшеленеді. Совет музыка демократизм, гуманизм, азаматтық пафос пен айқын шындық, ұлттық бояу қанықтығы, ежелден мәдени мұраларға ілтипатпен қарай сияқты қағидаларға сүйене отыры,әр дәуірдегі отанды және дүние жүзі музыка өнерінің ірі жетістіктері негізінде өркен жайды.
Совет өнерінің басқа салалары сияқты совет музыкасыда қоғам өсіріне белсене араласып,совет азаматтарының мінез-құқы мен эстетикалық танымын, иддеялық беріктігін айқындау әлеуметтік қоғам мүшелерінің тәрбиелеу құралына айналды. Совет музыкасын дамытуға барлық халықтар мен ұлт өкілдері атсалысты.
Музыка мәдениті 1917 жылы Қазан революциясы жеңген күннен бастап қалыптаса бастады.Алғашқы жылдары классикалық музыканың мұраларын еңбекшілер санасын ояту құралына, сондай-ақоны музыкалық білімнің негізіне айналдыру, жалпы халық игілігіне пайдалану шаралары жүзеге асырылды. Ірі музыкалық мекемелер мемлекет қолына көшті. Жаңа музыкалық ағарту ұйымдары мен музыкалық оқу орындары ашылды.Классикалық дәтүрді дамыту барысында орыстың аға біун композиторлары А.К.Глазунов, А.Д.Кастальский мен ұлттық музыка классиктері У.Гаджибеков, А.А.Спендияров, З.П.Палиашвили творчестволары және олардың музыкалық қоғам қайаткерлігі маңыды роль атқарды. Тұңғыш совет әндері дүниеге келді.
Азамат соғысы аяқталғаннан кейін музыка мекемелері мен ұйымдарының жұмысын жаңаша құру, музыка өмірін жедел қарқынмен өркендету ісі қолға алынды. Көркем өнерпаздар үйірмесі кең қанат жайды. Барлық ұлт республикаларында музыка өнерін дамытуға көңіл аударылып, көбіне орыс совет музыканттарының көмегімен ұлтттық кадрлар даяланды. Музыка орындауылық саласында аға буын шеберлер мен қатар революциядан кейін дүниеге келген музыка өкілдері де жоғары өнер танытты. Совет музыка мәдениетінқалыптстыруға белігілі мемлекет және қоғам қайраткері А.В.Луначарский қыруар еңбек етті.
20-30 жылдардың бас кезінде музыка өнерінде революция әкелген тың тақырып, жаңа идеяларды игеру, соған орай музыкалық жанр мен формалардың интонациялық бұрайын табу үрдістері жүргізілді. Халық қаһармандары хор шығармаларынан орын алды. Музыка театрына арналған алғашқы шығармалар (Р.М.Глэрдің “Қызыл гүлі”, Д.Д.Шостаковичтің “Мұрыны”) жарық көрді. Революциялық жылдар тынысы Н.А.Мясковскийдің 6-симфониясы мен Д.Д.Шостаковичтің 1 симфониясында айқын бейнеленеді.
1932-41 жыдары совет музыка мәдениеті жоғары сатыға көтерілді. Барлық одақтас және автономялы республикаларда ұлттық музыка театрлары жұмыс істеді. Көптеген рспубликаларда симфониялық оркестрлер мен камералық ансамбльдер ұйымдастырылды. Кейін халықаралық дәрежеге көтерілген совет музыка орындаушылық мектебі түлектерінің есімі (дирижер Е.А.Мравинский, пианист Э.Г.Гилельс, скрипкашы Д.Ф.Ойстрах, әншілер Л.П.Александровская, К.Ж.Байсейітова) көпке танылды. 1932 жылы бірқатар республикаларда советтік музыка творчествосының өкілдерін бір бағытқа жұмылдырылған композиторлар одақтары құрылды. Музыкалық творчество ауқымы кеңіп, замани және тарихи тақырыппен қатар, ұлттық тарихи патриоттықмәселелерді де қамтыды. Сонымен бірге жеке адам тақырыбының ролі артып, осыған орай лирика жанры белең алды. Осы кезеңде ұлттық мектептер мен кейбір жеке стильдерді жалпы бір бағытқа жұмылдыру шаралары жүргізілді. Ұлттық мәдениет қарым- қатынасыартты. 1936-41 жылдары Мәскеуде өткізіліп тұрған Украина, Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Азербайжан, Армения, Белоруссия, Тәжікістан әдебиеті мен өнерінің он күндіктері ұлттық мәдениет жетістіктерінің бір-бірімен тәжірибе алмасуына мол мүмкіндік туғызады.
Мазмұны барлық ұлтқа ортақ, көпшілікке түсінікті совет әні жалпы халықтық сипат алды. Ол осы кезеңдегі өзге жанрларға да әсер етіп, халық арасына кең таралып кетті. Д.Д.Шостаковичтің “Катерина Измайлова”, И.И.Дзержинскийдің “Тынық Дон”, У.Гаджибековтың “Көроғлы”, Д.Б.Кабалевскийдің “Коло Брюньон”, С.Прокофьевтің “Семен Котко” операларында бұрынғы мен қазіргі заманның реалистік бейнелері жасалды. Орта Азия мен Қазақстанда ерекше жанр – музыкалық спектакльдер өрәс алды. Алғашқы ұлттық музыкалық спектакльдер мен опералар авторлары: М.Ашрафи, С.И.Василенко, В.А.Власов, Глиэр, В.А.Успенский дүниеге келді. Балет жанры тарихи және классикалық әдебиет идеялары және бораздарымен (Б.В.Асафьевтің “Париж жалыны” ме “Бақшасарай фонтаны”, А.А.рейннің “Лауренсясы”, дүние жүзі және совет балетінің шыңы Прокофьевтің “Ромео мен Джульеттасы”) толықты. Совет музыкасының ірі жетістігі саналатын таңдаулы туындылар – Шостаковичтің 5- симфониясы, А.И.Хачатурянның оркестр үшін фортепианомен скрипкаға жазған концерттері; тарихи-патриоттық тақырыптағы вокалдық симфониялық шығармалар – Прокофьевтің “Александр Невский” кантатасы, Ю.А.Шапориннің “Куликово даласында” симфониялық поэмасы.
1941-1945 жылдары ҰлыОтан соғысы кезінде басқа өнер түрлері сияқты музыкада фашизм мен күрес мақсатына жұмылдырылды. Көптеген музыканттар өз творчествосын әскер қатарында жүріп жазды. Музыкадан Отан қорғау, жауға қарсы жаппай күрес тақырыбы басты орын алды. А.В.Александров, В.П.Захаров, С.А.Кац, М.Г.Фрадкин, Т.Н.Хренниов сындыкомпозиторлардың гимндері, марштары мен әндерінің патриоттық мәні зор болды. Н.Н.Блантер, Н.А.Богославский, К.Я.Листов, А.Г.Новиков әсіресе В.П.Соловьев – Седойдың лирикалық және сықақ әндері жауға оқ болып атылды. Эпикалық және философиялық-этикалық мәселелердің алдыңғы қатарына қойылуына орай симфония жанры қанат жайды. Шостаковичтің 7 – (“Ленинград” 1941 ) және 8- (1943), А.Я.Хачатурянның 2-(1943), Г.Н.Поовтың 2- (“Отан”, 1943), Прокофьевтің 5-(1944) симфониялары жарық көрді.
Музыка театр жанры жаңа опералар мен (Прокофьевтің “Соғыс және бейбітшілігі”, 1944; Хачатурянның “Гаянэ” балеті 1942) толықты.
Соғыстан кейінгі он жыл ішінде бүлінген музыка мекемелерін қалпына келтіру және кеңейту шаралары жүзеге асырылды. 1950 жылдан Мәскеуде одақтас және автономиялы республикалар ұлттық өнерінің он күндікерін өткізу қайта қолға алынды. Музыка орындаушылық өнері жаңа белеске көтерілді. Музыкалық шығармашылық саласында еңбек, бейбітшілік үшін күрес, соғыс зардабын еске алу тақырыбыбасты мәселеге айналды. Тарихи-патриоттық және тарихи – революциялық тақырыбы бұрынғы даму қарқыннын бәсеңдетпеді.
1950 жылдардың екінші жартысында совет музыкасы реализм әдісі негізінде жаңа ізденістерге ден қойды. Идеялық бір бағыттас стиль мен жанр түрлері молайды. Ұлттық музыка мәдениетін байыту әрі жақындастыру үрдісі бел алып, олардың даму деңгейі теңесті. Жаға орындаушылар қатары (дирижерлар Г.Н.Рождественский, Е.Ф.Светланов; опера режисеры Б.А.Покровский, әншілер М.Л.Биешу, А. Ф.Ведерников, Ю.А.Гуляев, С.Отс) молайды. Бұл кезең тақырып пен образ тереңдігін, сондай-ақ бейнелеу құралдары ауқымын одан әрі кеңейтіп, қазіргі мущзыкалық тәжірибені тез игеруге негіз жасап берді. Музыкалық театр жанры тарихи және заман тақырып арнасында өркендеп ішінара жаңғырды.
Аспап пен оркестр немесе камералық-аспаптық ансамбль үшін жазылған концерттерден соны ізденістер аңғарылды. Фольклорға, оның тереңде жатқан інжу-маржанына үңілу (Свиридовтың “Курск әні” кантатасы, В.Р.Тормистің хор циклдері, т.б.) күшейді.
Ән жанры азаматтық, лирикалық және эстрадалық туындылармен кемелдене түсті. Хор әні етек алды. Мурадели, Новиков, А.И.Островский, Туликов, Фрадкин сынды ірі шеберлермен өкшелес жаңа композиторлар тобы сап құрды.
Көрнекті совт композиторлары мен музыка орындаушылары дүние жүзіне танылды.
Мясковский Николай Яковлевич – орыс совет композиторы, СССР халық әртісі, өнертану ғылымының докторы, Петербург консерваториясын (А.К.Лядов мен Римский-Корсаковтан композиция класы бойынша) бітірді. 1919 жылдан Халық ағарту бөлімінде, музыкалық баспада қызмет етті. 1932-1948 жылдары Совет Композиторлар Одағы ұйымдастыру алқасының мүшесі. 1921 жылдан Москва консерваториясының профессор. Мясковский 27 симфониямен, симфониялық оркестрге арналған басқа да шығармалардың авторы. Әсіресе №5,6,16,21,27 т.б.симфониялыра нәзік колоритімен, терең ойлылығымен ерекшеленеді. Оның «Киров бізбен бірге», «Түнгі Кремль» кантаталары, романстары, фотепианоға арналған пьесалары, әндері т.б. бар.
Шостакович Дмитрий Дмитриевич – совет композиторы, қоғам қайраткері, СССРхалық әртісі, өнертану ғылымының докторы. Инженер жанұясында туған. 1923 жылы Петербург консерватоиясын Л.В.Николаевтың фортепиано класы, 1925 жылы М.О.Штейнбегтің композиция класы бойынша бітірді. 1927 жылы Варшавада өткен Бірінші халықаралық Ф.Шопен атындағы пианистер конкурсында құрмет дипломын алды.1937 жылдан педагогикалық қызметпен шұғылданды. 1939-41 жылдары Ленинград консерваториясының, 1943-48 Москва консерваториясының профессор. Шәкірттері: А.Д.Гаджиев, Г.В.Свиридов, к.С.Хачатурян, п.А.Чайковский т.б. Швед корольдық музыкалық академиясының мүшесі, сондай-ақ Оксфорд университеті,Эванстон Солтүстік-Батыс университеті мен Француз әсемдік академиясының құрметті ғылым докторы. Бұдан басқа Германия Өнер академиясы мен Бавария әсемдік академиясының корреспондент мүшесі, Мексика консерваториясының құрметті профессор. 1957 жылдан СССР композиторлар одағының, ал 1960 жылдан Ресей композиторлар одағының төрағасы, сонымен қатар 1958 жылы СССР-Австрия қоғамының перзиденті болды. Шостакович ХХ ғасырдағы ең ірі композиторлардың бірі. Терең мағыналы, өмір шындығына сәйкес идеялық концепцияларды, адам тағдырындағы күрделі шиеленістерді, кейде трагедиялық тартыстарды көрсете білуі оның творчествосына (әсіресе симфониялық шығармаларына) тән қасиет. Композитор өзінің үздік шығармаларымен музыка жанрының көптеген түрлерін байытты. Шостакович оркестр құрамындағы музыкалық аспаптардың үн-бояуын музыкалық драматургия құралдарының бірі ретінде өте шебер пайдаланды. Ол «Мұрын, «Мценск уезінің леди Макбеті» операларының, «Алтын ғасыр», «Тұнық жылға» балеттерінің, «Москва, Черемушки» музыкалық комедиясының, «Орман туралы ән» ораториясының, «Біздің Отан үстінен кү нұрын шашады» кантатасының, 15 симфонияның, скрипкаға, фортепианоға, виоленчельгеарналған концерттердің, «Степан Разинді дарға асу»атты фолокалды-симфониялық поэманың, 14 квартеттің, Микеланджело Буанарротидің сөзіне жазылған вокалыдқ сюитаның, ішекті аспаптар квартетінің, фортепианолық пьесалардың, АС.Пушкин, А.А.Блок, Е.А.Долматовскийдің сөздерінежазылған вокалдық цикльдердің, көптеген романстар мен әндердің авторы.Сондай-ақ «Максимнің жастық шағы», «Максимнің оралуы», «Мылтықты адам», «Жас гвардия», «Бөгелек», «Гамлет» жәнет.б. фильмдер мен драма спектакльдердің музыкасын жазды.
Хачтурян Арам Ильич – совет композиторы, дирижер, педагог, музыка-қоғам қайраткері, 1934 жылы Москва консерваториясын (Н.Я.Мясковскийдің композиция класы бойынша) бітірді. Ол оркестр мен фортепианоға, скрипкаға арналған концерттер, «Бақыт», «Гаянэ», «Спартак» балеттерін, концерт-рапсодиялар, виоленчельгеарналған «Сонато-монолог» симфониялық оркестрге арналған «В.И.Ленинді еске алу одасын», үрмелі оркестрге арналған пьесалар, ән.романстар жазды. Сондай-ақ спектакльдер (Лопе де Веганың «Валенсиан жесірі», «Лермонтовтың «Маскарады») мен кинофильмдер («Пэпо», «Отелло») музыкасының және Арменияның Мемлекттік гимнінің авторы. 1950 жылдан Москва консерваториясында ұстаздық етеді. Шәкірттері: А.Я.Эшпай, М.Л.Таривердиев.