Мендельсон Бартольди – неміс композиторы, дирижер, органшы, музыка қоғамының қайраткері. Дәулетті жанұяда туып, жалпы және терең музыкалық білім алған. К.Ф.Цельтер (композициядан) мен Л.Бергерден (фортепианодан) оқыды. Фортепиано, скрипкада ойнаумен және музыка шығарумен жас кезінен-ақ шұғылданды. 1829 жылы Мендельсонның басшылығымен Берлинде И.С.Бахтың “Матфейше азаптары” орындалып, ол ХІХ ғасырдағы бахтық вокалдық музыканың “қайта өркндеуіне” негіз салды. Мендельсонның Италияда (1830), Парижде (1832) т.б. жерлерде болуы әрі көрнекті музыканттармен, солардың ішінде Ф.Листпен танысуы оның талантын ұштай түсті. 1835 жылдан Лейпцигтегі Гевандхауз концерттеріне жетекшілік етті. Ол осында Германияның тұңғыш консерваториясын ұйымдасытырып, Лейпциг мектебінің негізін қалады. Мендельсон табиғатты, фантастиканы, ұлттық-поэтикалық образды аса нәзік, гармониялық сезімталдылықпен суреттеп музыка тілімен жеткізе білген және классикалық дәстүрден қол үзбеен романтик-композитор. Әр түрлі жанрда көптеген шығармалар жазды: оркестрге арналған “Жазғы түндегі құс” (1826), “Теңіз тыныштығы және сәтті жүзу” (1828), “Мелузина ару туралы ертегі” (1833) увертюралары, “Италияндық” пен “Шотладық” (1833,1842) атты симфониялары, скрипка мен оркестрге арналған концерті (1844), фортепианоға арналған 2 концерті (1831,1837) т.б. Мендельсон шығармалырының толық жинағы (36 том( 1874-1877 жылы Лейпцигте басылып шықты.
Роберт Шуман – неміс композиторы, музыка жазушысы, қоғам қайраткері. ХІХ ғасырдағы прогрессшіл романтикалық өнердің көректі өкілі. Ол 1828 жылы 1810 жылы 8 шілдеде Цвиккору қаласында дүниеге келді.Әкесі осықаладағы кітап дүкнімен кітап баспасының негізін қалаушы еді. Ол өте мәдениетті еді. Өз баспасында неміс тіліне көптеген классиктердің Вальтер котт, Байрон секілдіжазушыладың шығармаларын аударды. Осылайша өз перзенттерінің дамуына көптеген үлес қосты. Анасы баласының музыка толына түсуіне үлкен сеніммен қарады. Кішкентай Робербалалық шағында да , гимназияда оқып жүрген кезінде де өте күшті музыкалық қабілетімен ерекшеленді. 15-16 жасына дейін музыкамен әдебиеттің қай саласына түсерін білмеді. Әдебитте төңірігінде де Шуманөте талантты еді.Бұл таланты соңынан музыекалық қабілетке ұласты. Гимназияда оып жүрге кезінде Р.Шуман жеке жұмыс жасай отырып, классик жазушылардың еңбктерін аударды. Антикалық дәуір әдебиетімен танысты. Әсіресе роматикалық бағыттағы көркемәдебиетпен айналысты. Әдебиет пенпоэзия Р.Шуманның музыкалықфантазиясына жөн сілтегенбағыты болды. 15 жасында Р.Шуман әдебиет төңірегінде мектетегі достары арасында үйірме ұйымдастырды.Ол бұл кезде лирикалық жыр жолдары мен 3 драма, 2 романның авторы еді. Мектеп кезінде әдебиетпен шұғылдануы мен қатар музыкалық дамуымен ерекшелленді. Бірақ сол аймақтағы тұрмысыбаланың музыкалық қабілетінің дамуына көмк бере алмады. Оның музыка мен таныстығы 6 жасындабасталды. 7 жасында музыкалық шағырмалар жаза бастады. Оның ең алғышқы би мен фортепианоға арналған шығаралыр жарық көрді. Р.Шуманның ұстазы жергілікті педагог кунит алғышқы музыкалық білімнен басқа ештеңе үйретеалмады Бірақта жасбаланың кереет пианисті қабілеті үлкен табыстарға жетті. Ол гимназиядағы мерекелік кештер мен концерттерде өнер көрсетті. Р.Шуманның үйі ноталық әебиеттерге толы болды. Аса қызығушылық пен Моцарт пен Вебердің опералық клавирімен танысты. Гимназияда оқып жүрген кезінде 4 қолға арналған Моцарт, Бетховен, Гайдн шығармаларымен танысты. Осы кезден бста музыкалық қабілеті ашылды. Ол кәсіби музыкант болуддыармандады. Бірақ 1826 жылы әкесінің өлімі бұл шешімге кедергі келтірді. Анасының шешімімен гимназияны бітірген соң, Лейпциг және Гейельбер университеттерінде оқыды. 1830 жылдан Шуман біржола өнер жолыдаеңбек етті. В.Вик (фортепианодан) пен Г.Дорннан (композициядан) сабақ алды. Шуманның үйымдастыруында 1834 жылдан “Жаңамузыкалықжурнал” шығарыла бастады. 10 жыл қатарынан осы журналдың негізгі авторы әрі редакторы боды. Педагогикалық қызметпен шұғылданды. Дирижер ретінде концерттерге (184 эжылы,Ресейде) қатысты. Ол – “Геновева” (1848,1850 ж. қойылды) операсының, “Пейіш пен пері” (1843) ораториясының, Дж.Байронның “Манифредіне”(1848-49) жазылған музыканың, 4 симфонияның (“Көктегі” (1841), “Рейтингтік” (1850)), концерттердің, камералық аспаптық шығармалардың, фортепианоға арналған үш сонатаның (1835, 1835-38, 1836), фантазиялардың (“Көбелектер” (1837), “Карнавал” (1835), “Крейслериано” (1838)), хорлар мен әндердің (“Ақын махаббаты”, “Әйелдің махаббаты мен өмірі” 1840) т.б.авторы.
Жаңашыл музыкант фортепианолық циклдердің жаңа түрлерін шығарды; Неміс романс жанрының дамуында жаңа кезең туғызды. Шуманның Г.Гейне, А.Шанессот.б. сөзіне жазылған әндер (романстар) циклінде адамның сезім күйлері музыка тілінде асқан шеберлікпен бейнеленеді. Ол вокалдық өнердің лириалық әннің шуберттік түрін ілгері дамытты.Композитордың музыкалық сын туралы жазылған еңбектері де музыка тану тарихында маңызы зор. Ол сыншы ретінде музыкамен тоғышарлықты, дөрекілікті, топастықты әшкерелей отырып, ХІХ ғасырдағы прогрессшіл композитор Ф:Шуберт, Ф.Шопен, Г.Берлиоз т.б. шығармашылықтарын уағыздады. Шуман творчествосы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан Ресейде кеңінен танылды. .Г.Рубинштейн, П.И.Чайковский және “Құдіретті топ” композиторлары, сондай-ақ А.К.Глазунов, С.В.Рахманинов Шуманды жоғары бағалаған.