Музыкалық-педагогикалық факультеттің болашақ мамандарының кәсіби дайындығы жолында музыка тарихы курсының маңызы зор.
Әдебиетпен, тарихпен, философия және өнермен үздіксіз байланыс стуленттерге ұланғайыр көркемдік әлем және филофофиямен жүйелі түрде танысып шынайы музыкалық шығармалардың табиғатын тануға мүмкіндік береді.
Пәннің негізгі мақсаты — өткен заман мен қазіргі заман классиктерінің шығармашылық мұрасын тарихи-хронологиялық ретпен зерттеу, біртұтас, тарихи дамып келген, әлеуметтік-таихи процеспен тығыз байланыстағы құбылыс болып отырған музыкалық өнер туралы студенттердің түсыныгын қалыптастыру.
Пәннің негізгі міндеттері.
— классикалық музыканың әртүрлі жанрларының қалыптасуының, дамуының және
әлеуметтік сабаптарының тарихи заңдылығы туралы білім беру;
— композиторлардың өмір жолымен шығармашылығы туралы білім беру;
— музыкалық-тарихи проблематиканы дұрыс ұғынуына мүмкіндік беру;
— классикалық музыканың көремдік жағынан жетілген, жастарға эстетикалық тәрбие беру де
құнды үлгілерімен олардың танысуна жол беру;
— музыкалық-тарихи материалдардың мазмұнын өз бетімен талдау және жалпы білім беретін
мектептерде оны әдістемелік творчестволық тұрғыда қолдану әдетіне тәрбиелену;
— жастар арасында салмақты музыканы белсенді түрде үгіттеу жұмысын жүргізуге дайындау;
Мысырдың бізге жеткен музыкалық аспаптары біздің заманымыздан бұрынғы 3 мыңжылдыққа саяды. Табыт қабырғалары мен бедерлеп түсірген әншілердің, музыканттардың бейнелері музыкалық өнерінің ертеден дамығанын көрсетеді. Мысыр музыкасы ең алғаш жеке дауысты ән түрінде қалыптасқан. Алғаш көп дауысты музыка жаңа патшалық дәуірінде туғанға ұқсайды. Мысырды мекендеген көптеген елдеде сақталып келген музыкалық аспаптардың төркіні ежелгі Мысырда жатыр. Цистра, арфа, флейта, гобой, керне, органдар әртүрлібарабандар дүниежүзіндегі көптеген музейлерде сақаулы. Музыкалық өнерін түсінудің эстетикалық негізіде Мысырда туған. Мысыр жазбалары музыканы, “пайдалы және зиянды” деп екіге бөледі. Музыкалық орындаушылар – кәсіби музыкант ақындар үлкен құрметке бөленіп, оларды перғауындардың ұрпағы деп санаған. Рим үстемдігі жойылғанан кейін Мысыр музыкалық мәдениетінің түрік, араб музыкалық өнерімен тығыз байланысты жаңа даму кезеңі басталды.
Ежелгі үнді музыкасынан бізге жеткен қаһармандық-патриоттық фольклор негізінде жазылған «Махабхарата» эпосы. Үндістанның солтүстік және солтүстік-батыс аймағында жасаушы тайпалар арасында ауызша таралған аңыздардан құралған. Оның шығу тарихы біздің заманымыздан бұрынға ІІ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қазіргі нұсқасы біздің заманымыздың бірінші ғасырында алыптасқан. «Махабхарата» алғаш пракрит, кейін бірте-бірте санскрит тілінде жырланған. Жырдың негізгі өзегі Хастинапураға таласқан екі тайпа мен оладың одақтастары арасындағы соғыс туралы. «Махабхарата» — 18 кітаптан және көлемді-көлемді бірнеше кіріспе жарлардан тұады. «Махабхарата» Индонезия, Бирма, Камбоджа, Тайланд, Шри Ланка, Тибет, Моңғолия халықтарының ұлттық әдебиеетінде де бар. XVIII ғасырдың соңында «Бхагавадгитаның» ағылшын, орыс, неміс тілдеріне аударылуы арқылы «Махабхарата» Европаға мәлім болды. Алғашқы толық аудармасы ағылын тілінде жарияланды. 1950-1967 ж. орыс тіліне аударылды. «Махабхаратаны» зерттеуде үнді ғалымдары мен бірге Еврпаның Ф.Бопп, Л.Шредер, С.Соренсон, Г.Бюлер т.б. көп ғалымдар еңбек сіңірді.
Музыка гректің қоғамдық өмірінен елеулі орын алған. Ол жастарды тәрбиелеу құралының бірі болса, ән айту мен музыкалық аспапта ойнау гуманистік және шеберлік жарысы бағдарламасына енген. Грецияда әншілердің ,музыканттармен бишілердің арнайы ұйымы болған. Ежелгі грек музыка өнерінің ерекшелігі – сөз бен музыканың , бидің тығыз байланыста болуында. Біздің заманымызға грек музыкасынан нота жазудың бірнеше фрагменттері жетті. Атап айтар болсақ, Европидтің “Орест” атты драмалық жүйде жазылған музыкасы, Апполоноға арналған екі гимн, жоқтау әуені және лирикалық әндер, он екі жол “пеан”, Аянттың өзін-өзі өлтіруіне жазылған музыка жолдары т.б. Грек музыкасының ең көне түріне лирикалық әндер, үйлену тойы әндері, пеян және тренос жатады. Әсіресе, көне театрда музыканың рөлі басым болды. Гректің ақын драматургтері, әрі композитор болған. Ванан – Пинда, Сапфо, Эсхиль, Софоколь т.б.