Театр өнері–ең алдымен драмалық әдеби шығарманы сахнада интерпретациялау өнері. Бұл интерпретацияның негізгі тұлғасы актер, құралы–оның ойыны.Актер рөл арқылы драматург пен режиссердің ойын акад., сахнадағы барлық нәрсені іске қосып, оларға театрлық көркемдік береді. Театр қойылымының шындыққа сәйкестігі декорациялық безендіруге емес, актер ойынының нанымдылығына байланысты. Сахнада пейзаж, қала көрінісін, бөлме ішін дәл беруге болады. 1944 жылы Алматыда Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театрының құрылуы республикадағы аса елеулі оқиғалардың бірі болды. Театр екі группадан тұрды. Қазақ группасы сахналық жолын Островскийдін „Мысыққа күнде той бола бермес“ атты пьесасын қоюмен бастады. Алғашқы мектеп бағдарламасына сәйкес пьесалар мен аныз-ертегілер қойды.
50-ші жылдары аударма пьесалар мен тарихи-фольклорлық тақырыпқа жазылған драмалық шығармалар ұлттық театрлар репертуарынан мол орын алды. Осы жылдары театрлар сахнасында Ғабит Мүсіреповтін „Қозы Көрпеш-Баян сұлу“, „Ақан сері-Ақтоқты“, Мұқтар Әуезовтің „Еңлік-Кебек“ сияқты драмалық шығармалары сахнаға қайта қойыла бастады. Қазақ драма театрларының 60-жылдардағы репертуарлық қоры мазмұндылығымен әрі оған енген шығармалардың әр алуандылығымен ерекшеленді. Тахауи Ахтановтын, Қалтай Мұхамеджановтың, Қуандық Шаңғытбаев пен Қанабек Бәйсейітовтің, Қапан Сатыбалдиннің, Зейтін Ақышевтің шығармалары орын алды. Қазақ драма театрының 60-жылдардағы зор жетістігіне Шыңғыс Айтматовтын „Құс жолы“ повесі негізінде қойылған „Ана“- „Жер-ана“ спектаклі жатады.
70-жылдардың басында Қазақ драма театрының репертуарынан ақын Құдаш Мұқашевтың қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Ілиястын жастық шағы, туып-өскен ортасы мен жаңа өмірге деген көзқарасының бірте-бірте қалыптасуы туралы сыр шертетін „Дала дастаны“ атты тарихи-ғұмырнамалық драмасы орын алды.