Эстрадалық қатысушыларға музыкалық–эстетикалық тәрбие берудің толық құндылығы оқу процесінің мазмұын мен ұйымдастырылуына тікелейбайланысты екені белгілі. Олар бірқатар жалпы педагогикалық және дидактикалық талаптарға сай келуі тиіс. Атап айтқанда бүкіл оқу процесінің нысаналы жүргізілуі. Оның жүйелілігі, түсініктілігі, дәйектілігі, көрнекілігі, өмір мен байланыстылығы, оқыту мен тәрбиедегі сабақтастығы, әрбір адамды тереңқұрметтей отырып, ұжымның барлық мүшелеріне қойылатын талаптардың бірлігі, творчестволық ізденіс, өзін-өзі көрсету үшін оңтайлы жағдайлар жасау және ұжымның оның жетекшісінің талаптарына міндетті түрде бағыну, жоғары тәртіптілік.
Ансамбльде орындау дағдыларын қалыптастыру жолдарын түсіну–тәсілдер мен әдістерді дұрыс таңдауға қажетті техниканы игеруге бастар жол. Ансамбльдік орындау- күрделі қызмет, өйткені онда білім жатады. Ал творчество көркемөнер міндеттерін шешу жолдарын ой елегінен өткізуден жаңа оңтайлы әдістерді табудан, ең бастысы –инициатияға көрсетуден, халық музыкасы негізінде жатқан бай қазыналы пайдалану арқылы өзін-өзі көрсетудің неғұрлым жақсы формаларын әрбір қатысушының өз бетімен іздестіруінен көрінеді.
Қазіргі заманғы әндер туралы мәселені талқылаған кезде текстердің көркемдік сапасы туралы образдардыңсалалығы, көркемдігі туралы, теңеулердің саналылығы, жаттандылығы туралы көп жағдайда қызықты пікір-сайыстар туды, бірақ қайсыбір өзінің музыкалық әсерлілігі туралы, оныңкөркемдік артықшылығы, оның идеялық және солай бағыты туралымәселелерөте көп.
Халықтың музыкалық творчествосын игеру, оның мәніне бойлай ену- қыруар еңбекті талап ететін дәйекті де ұзақ процесс. Мұны жүзеге асыруда түрлі әдістерді пайдалануғаболады. Мысалы: қазақ күйлерінің үлгілерімен танысу домбырада ойлаған және қазақтың көне халық аспаптарын қоса отырып, вокальдық-аспаптық ансамбльде ойнағанфотожазбаны зерттеуден басталды.
Педагог ұйымдастырушы тәрбиеші ретінде жетекші өзінің педагогтық шеберлігін арттырып, барлық жағынан үлгі болуға міндетті. Ол дайындықты ұйымдастырудың барлық мәселелерін шешуге, оның жоспарын жасауға, музыкалық шығармамен жұмыс істеудің мазмұны мен әдістерін, жеке-дара және топтың сабақтардың формаларын, тәсілдері мен әдістерін құралдарын динамикалық келісімділігін және т.б. мұқият ойластыруға тиіс.
Концерт қойылымдарын ұйымдастыру, байқауларға, конкурстарға, көркем өнерпаздар үйірмесінің фестивальдарына қатысу – «кері байланысты» жүзеге асырудың, қол жеткен нәтижелерді бақылаудың білімді іске жаратудың, оқыту мен тәрбие тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық тиімділігі есепке алудың маңызды жолы.
Теориялық практикалық оқу, репетициялық сабақтарды және т.б. ұйымдастыру арқылы түрлі ұйымдық формаларда өтетін музыкалық бөлімдердегі оқу процесі педагог пен тыңдаушылар қызметінің алуан түрлерін қамтиды.
Педагог-музыкант студенттердің білімді, шеберлік пен дағдыларды игеруде белсенділік пен дербестікті дамыту және халық музыкалық творчествосының негіздерін оқып үйреніп, оларды оқумен көркемөнер практикасында қолдануы жөнінде жүйелі жүргізуді қамтиды.
Педагог эстетикалық тәрбие ретінде вокальдық-аспаптық ансамбльдің музыка өнеріндегі алатын орны мен ролін анықтап, вокальдық- аспаптық жанрдың көркемдік атқару бағыты мен стилін ашуы, вокальдық және аспаптық топтардың жеке-жеке ансамбльдік орындау дағдыларына ие болуы үшін жүйелі жұмыс жүргізеді. Бұл орайда оқу-тәрбие шараларын ұйымдастыру мен өткізудің көпқырлыжәне маңызды мәселелерін шешіп, оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен формаларын нақтылайды, ансамбльде творчестволықжәне еңбек тәртібін нығайтады.
Вокальдық–аспаптық ансамбль сабақтарында қатысушының қаншалықты дәрежеде эмоциялық жағынан баурағанын, оның ой-пікірі, қиялы, есте сақтауы қалай қалыптасып, дамып отырғанын білу маңызды. Тіпті концерт кезінде орындау сапасы шығарманы игеру, оған көзқарас дәрежесінің толық «обьективті» көрсеткіші сияқты.