Мектептегі вокальді-аспапты ансамбльдерді ұйымдастыру, музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің толық құндылығы оқу процесініңмазмұны мен ұйымдастырулынатікелей байланысты екені белгілі. Олар бірқатар жолын педагогикалық және дидактикалық талаптарға сай келуі тиіс. Атап айтқанда бүкіл оқу процесінің нысаналы жүргізілуі, оның жүйелілігі, түсініктілігі, көрнекілігі, өмір мен байланыстылығы, оқыту мен тәрбиедегісабақтастығы, әрбір адамды терең құрметтей отырып, ұжымның барлық мүшелеріне қойылатын талаптардың бірлігі, творчестволық ізденіс, өзін-өзі көрсету үшін оңтайлы жағдайлар жасау және ұжымның, оның жетекшісінің талаптарына міндетті түрде бағыну, жоғары тәртіптілік.
Ансамбльде орындау дағдыларын қалыптастыру жолдарын түсіну – тәсілдер мен әдістерді дұрыс таңдауға, қажетті техниканы игеруге бастар жол. Ансамбльдік орындау- күрделі қызмет, өйткені онда білім жатады. Ал творчество көркемөнерміндеттерін шешу жолдарын ой-елегін өткізуден, жаңа оңтайлы әдістерді табудан, ең бастысы инициатива көрсетуден, халық музыкасы негізінде жатқан бай қазыналыпайдалану арқылы өзін-өзі көрсетудің неғұрлым жақсы формаларын әрбір қатысушының өз бетімен ізденуінен көрінеді.
Жоғарыда аталған тәрбие міндеттерін шешу едәуір дәрежеде вокальдық-аспаптық ансамбль қызметінің мазмұнынарепертуар саясаты мәселесінің дұрыс шешуіне байланысты.
Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының вокальдық-аспаптықансамбльдері мен оқушы жастарды біріктірген ансамбльдердіңрепертуарына талдау жасау репертуар саясатының көптеген ансамбльдерге тән мынадай бірқатар оңды тенденцияларын көрсетіп берді.
- Көкейтесті тақырыптарды игеруге, қатысушылардың адамгершілік және эстетикалық мұраттарғакөзқарасынбейнелеуге ұмтылуы
- Вокальдық- аспаптық ансамбль мүшелерінің творчестволық және қоғамдық белсенділігі, жергілікті тақырыптарға шығармалар тудырып, орындауға ұмтылыс.
- Музыкалық білімге құлшыныс; музыкалық сауат негіздерін игеруден кәсіптік мектепте білімалуды жалғастыра беруге дейін ұмытылыс.
- Көптеген вокальдық-аспаптық ансамбльдердің халық әндерін орындауға зейін қойды.
Вокальдық-аспаптық ансамбльдің музыка өнеріндегі алатын орны мен ролін анықтап, вокальдық — аспаптық жанрдың көркемдік атқару бағыты мен стилін ашуы, вокальдық және аспаптық топтардың жеке-жеке ансамбльдік орындау дағдыларына ие болуы үшін жүйелі жұмыс жүргізеді. Бұл орайда оқу — тәрбие шараларын ұйымдастыру мен өткізудің көпқырлыжәне маңызды мәселелерін шешіп, оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен формаларын нақтылайды, ансамбльде творчестволықжәне еңбек тәртібін нығайтады.
Вокальдық – аспаптық ансамбль сабақтарында қатысушының қаншалықты дәрежеде эмоциялық жағынан баурағанын, оның ой-пікірі, қиялы, есте сақтауы қалай қалыптасып, дамып отырғанын білу маңызды.
Тіпті концерт кезінде орындау сапасы шығарманы игеру, оған көзқарас дәрежесінің толық «обьективті» көрсеткіші сияқты.
Бұл орайда оқу–тәрбие шараларын ұйымдастыру мен өткізудің көпқырлы және маңызды мәселелерін шешіп, мазмұны мен формаларын нақтылайды. Ансамбльде творчестволық және еңбек тәртібін нығайтады. Вокалдық–аспаптық ансамбль сабақтарында оқушының қаншалықты дәрежеде эмоциялық жағынан баурағанын, оның ой –пікірі, қиялы, есте сақтауы қалай қалыптасып, дамып отырғанын білу маңызды. Әсерлілік құралдарының қатарында қазіргі заманғы дыбыстық техника да бар екенін атап өткеніміз орынды.
Ансамбльде орындау дағдыларын қалыптастыру жолдарын түсіну – тәсілдер мен әдістерді дұрыс таңдауға қажетті техниканы игеруге бастар жол. Ансамбльдік орындау — күрделі қызмет, өйткені онда білім жатады. Ал творчество көркемөнер міндеттерін шешу жолдарын ой елегінен өткізуден жаңа оңтайлы әдістерді табудан, ең бастысы – инициатияға көрсетуден, халық музыкасы негізінде жатқан бай қазыналы пайдалану арқылы өзін-өзі көрсетудің неғұрлым жақсы формаларын әрбір қатысушының өз бетімен іздестіруінен көрінеді.