Жастардың ұйымдастырушылық, тәрбие және насихат жұмыстарының қажетті білім мен дағды алуына жәрдемдесу-олардың белсенділігін арттыру болып саналады.
Кез-келген халықтың өзіне тән ұлттық мәдениеті ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи ерекшеліктері болады. Ел қиялында туып, өрбіп отыратын аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар сол халықтың әдеби, мәдени мұрасы ретінде ауыздан–ауызға беріліп отырады. Тақырыптық бағдарламалар бүгінгі өмір деңгейіне сай терең мазмұнда, көркемдік педагогикалық талапты қанағаттандырарлықтай дәрежеде және оқушылардың жас ерекшеліктеріне, аспапта ойнау мүмкіндіктеріне сәйкес болуға тиіс. Демек, жетекші оркестрде ойналатын әрбір репертуарға творчестволық тұрғыдан келіп, оның идеялық-эстетикалық мәнін көркемдік ерекшелігін дұрыс ашып таныта білгенде ғана оқушылардың музыканы терең сезініп, дұрыс түсіне білу қабілетін ескергені жөн.
Халық музыкасы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қала отырып, оның таңдаулы үлгілері өскелең ұрпақты тәрбиелеудің таптырмас құрамы болып табылады. Оқушылармен өткізілетін музыкалық іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстары балалардың білімділігіне байланысты. Арнайы дағдыны талап етпесе де, олардың музыканы білуге деген ықыласы болу керек. Бұл салаға лекция-концерт, көпшілікпен бірге театрға, музыкалық киноларға бару, музыкалық кештерді ұйымдастыру, жүргізу, карнавалдар, конкурстар, байқауларды өткізу жатады.
Әр өнер адамзаттың қайғы–қасіретін, ойын, сезімін, неше түрлі–бүгінгі, кешегі, тарихи немесе фантастикалық оқиғаларды адамдарға өзіне тән құралдарымен, амал–тәсілдерімен жеткізуге тырысады және әр өнер шартты болып келеді. Соның ішінде хореография–сөзсіз өнер. Би репертуары — ой мен мазмұнды музыкалық-хореография бейне арқылы ашатын сахналық өнердің бір түрі.Оның қайнар көзі– халық билерінде. Хореографиялық (би) мектептердегі ең басты сабақ – классикалық би. Латын тілінен алғанда классикалық–үлгілі деген сөзді білдіреді. Классикалық дегенге біз ұлттық және дүниежүзілік мәдениеттің бағалы асыл мұрасын, әдебиет пен өнердің үлгілі, атақты танымал шығармаларын жатқызамыз.
Хореографияның негізгі элементтері халықтық музыкалық би шығармашылығымен тікелей байланыста туған. Вокалдық–аспаптық ансамбльдердің негізгі міндеті электро музыкалық аспаптарда ойнаудың, ансамбльдік әнңің вокальдық техникасын, практикалық дағдысын игеру, көркем репертуарды іріктеп алу принципті қазіргі асапатармен дыбыс күшейткіш аппаратураның барлық әсерлілік–орындаушылық құралдарын салалы түрде түсіне пайдалануды үйрету. Вокальдық–аспаптық ансамбльдердің аспаптары тура партитураларды творчестволық пен құру теориясы мен практикасы туралы эстрадалық вокальдық–аспапты жанрдың тембрлік-регистрлік ерекшеліктер, техникалық мүмкіндіктері туралы, «микрфолдық» ән айту және алуан түрлі электронды дыбыстардың өзіне тән ән айту және алуан түрлі электронды дыбыстардың өзіне тән ерекшеліктерін білу туралы қажетті мәліметтер беріледі.