Жастардың ұйымдастырушылық, тәрбие және насихат жұмыстарының қажетті білім мен дағды алуына жәрдемдесу, олардың белсенділігін арттыру, тынығу жұмыстарын ұйымдастыру-негізгі міндетіміз болып саналады.
Кез–келген халықтың өзіне тән ұлттық мәдениеті ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи ерекшеліктері болады.
Біздің жаңарған дәуірімізде, жаңарған қоғамға қарай, алға басып келе жатқан мезгілде, мектеп жастарын адамгершілік рухта тәрбиелеу жолында мектеп өмірінің, мектептегі әрбір сабақтың, соның ішінде, музыка сабағын өткізудің ерекше маңызы болып отыр. Музыка сабағына да оқушыларға адамгершілік тәрбие берудің негізгі мақсаттарын жан-жақты қамтып, оларды білімді, жоғары идеялы, табанды қажырлы етіп, алдарында қандай қиындықтар болмасын, оны жеңіп шығатын жігерлі етіп тәрбиелеу мақсаты қойылып отыр.
Әлеуметтік-эстетикалық талаптарға қол жеткізу және осы бағыттағы жұмыстарды кеңінен енгізу керек екендігін көрсетеді. Мектепте тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін жетілдіру-оқушылардың мәдени (музыкалық) тынығу жұмыстарының теориясы мен практикасын дұрыс пайдаланып, оны ұйымдастыра білу мына жұмыстар арқылы жүзеге асырылады:
— мектептегі музыкалық іс-шараларды ұйымдастырудағы музыка мұғалімінің дайындығы;
— музыка сабағында оқытудың жаңа технологияларын қолдану.
Музыкалық тынығу жұмыстарын ұйымдастыруды зерттеуде қойылатын міндеттер:
- оқушылардың музыка сабақтарына деген ынтасын арттыру, музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажетіне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.
- оқушылардың жоғары көркемдік талғамын, өнер шығармаларын тек шынайы сезіммен қабылдап, бағалай білу қабілетін қалыптастыру, оларды бейнеленген түрлі құбылыстарды салыстыра білу;
- музыкалық шығармалардың сипатына,стилі мен жанрына және дәуіріне қарай түсінуге тәрбиелеу;
- музыкалық шығармалардың сипатын танытатын жанрлар, саздар, ырғақтық,тембрлік ерекшеліктер туралы және оларды музыка пәнінің бағдарламасында белгілі бір логикалық құрылымы арқылы жүзеге асыру.
Оқушылардың музыкалық тынығу жұмыстары, музыкалық педагогикада Б.В.Асафьев, В.Н.Шацкая, Н.Л.Грозденская, О.А.Апраксина, Ө.Нұғманова, П.Момынұлы, С.Ұзақбаева, Р.Жардемалиева зерттеулерінен көрініс тапты.
Музыкалық тынығу жұмыстары — оқушылардың музыкалық мәдениетін, музыкалық ынта қабілетін нысаналы және жүйелі дамыту, оның бойына музыкаға тебіреніп, толғана білуді, оны түсінуді сіңіру.
Осыны негізге ала отырып, жұмысымызда төмендегі мәселелерге тоқталдық:
-мектептегі музыкалық тынығу жұмыстарының кең тарағанформалары: ертеңгіліктер, мерекелік кештер, әдеби-музыкалық қойылымдарды ұйымдастыру;
— музыканың қоғам және жеке адам өміріндегі маңызы;
-оқушылардың музыкалық тынығу жұмыстарын ұйымдастыру және оны өткізудің жолдары;
— музыкадағы өмір көріністерінің дыбыстық көркем образдар арқылы бейнеленуі;
— музыкалық жанрлар жүйесі арқылы оқушылардың музыкалық тынығу жұмыстарын
ұйымдастыру;
— оқушыларды музыкалық-эстетикалық тәрбиелеуде театр өнері, кино өнері, концерттік қойылымның әсері.
Қазіргі ырғақтар, жалпы би әуені, барлық воальды аспаптық ансамбльдердің стильдік қолтаңбаларына тән. Алайда түрлі ән және фольклордәстүрлеріне байланысты түрлі елдер мен аймақтардың вокальдық ансамбльдері, рок және поп топтары орындаған музыканыңекпін-әуен негізі бір-біріне ұқсамайтын кейде тіпті күрт ерекшеленетін болып шықты.
Алғаш би элементтері адамдардың қажеттілігіне жараса, біртіндеп тарихи даму нәтижесінде өнердің бір саласына айналды. Әр халықтың би мәдениеті уақыл өте келе күрделеніп, байытылып отырылған. Музыкасыз би өмір сүрмейді.