1.Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетiктерiнiң түрлерi.
Мыналар:
1) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыру;
2) қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн ақы төлеу;
3) табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеу;
4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;
5) нарықтық тетiктер және қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн квоталарды сату;
6) экологиялық сақтандыру;
7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды экономикалық бағалау қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетiктерiнiң түрлерi болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар.
- Қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдық, әлеуметтiк және экономикалық шаралар кешенi қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар болып табылады.
- Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға:
1) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған;
2) қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта құрауыштарының жай-күйiн жақсартатын;
3) экологиялық жүйелердiң жай-күйiн тұрақтандыру мен жақсартуға, биологиялық әртүрлiлiктi сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға ықпал ететiн;
4) қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына залал келтiрудiң алдын алатын және оларды болғызбайтын;
5) қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгiзуге бағытталған әдiстер мен технологияларды жетiлдiретiн;
6) өндiрiстiк экологиялық бақылауды дамытатын;
7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық жүйелердi қалыптастыратын және экологиялық ақпарат беруге ықпал ететiн;
8) экологиялық бiлiмдi насихаттауға, тұрақты даму үшiн экологиялық бiлiм мен ағарту iсiне ықпал ететiн iс-шаралар жатқызылады.
- Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға осы баптың 2-тармағында көзделген инвестициялық экологиялық жобалар жатқызылуы мүмкiн.
- Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың үлгiлiк тiзбесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
-
Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру.
Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру:
1) бюджет қаражаты;
2) табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.
Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау.
- Әртүрлi деңгейдегi бюджеттерден қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларда белгiленетiн бағыттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерiне сәйкес айқындалады.
- Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын экологиялық бағдарламаларды, жоспарларды әзiрлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен белгiленедi.
- Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасының, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларына, жоспарларына, белгiлi бiр аумақтың экологиялық бағдарламаларына, жоспарларына енгiзiледi.
- Өңiрлiк экологиялық бағдарламалар, жоспарлар және тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламалары, жоспарлары олар бекiтiлгенге дейiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлуге жатады.
- Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары инвестициялық экологиялық жобаларды (бағдарламаларды) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзiрлеп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етедi.
- Экологиялық бағдарламаларды әзiрлеу үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстары жүргiзiлуi мүмкiн, оларды өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау. - Табиғат пайдаланушының өз қаражаты есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды табиғат пайдаланушы дербес жоспарлайды.
- Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсаттар алу үшiн әзiрлейтiн қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарына енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау.
Өзге де көздер есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
- 3. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы.
- Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi.
- Табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған нормативтер шегiнде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ластаушы заттардың және қалдықтар түрлерiнiң тiзбесiне сәйкес алынады.
- Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
- Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы ставкаларын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен базалық ставкалардан төмен болмайтындай және шектi ставкалардан жоғары болмайтындай етiп белгiлейдi.
- Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы бойынша салықтық мiндеттемелердi атқару табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға келтiрген залалды өтеуден босатпайды.
Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер.
Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi.