Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары

  1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi:

Қазақстан Республикасының Үкiметi қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында:

1) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану, қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оларды жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық шараларды әзiрлейдi;
2) мемлекеттiк экологиялық бағдарламаларды және табиғат пайдаланудың түрлi бағыттары бойынша, сондай-ақ климатты және Жердiң озон қабатын қорғау саласындағы бағдарламаларды әзiрлейдi;

3) табиғат пайдаланудың әралуан түрлерi бойынша тұжырымдамаларды мақұлдайды;
4) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға беру туралы шешiмдер қабылдайды;

5) республикалық деңгейде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi бағдарламаларды бекiтедi;

6) табиғи ресурстардың әрбiр түрiнiң мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк кадастрлары мен мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
7) мыналарды:

қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi;
ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбесiн;

эмиссиялар нормативтерi белгiленетiн және қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн ақы алынатын ластаушы заттар мен қалдық түрлерiнiң тiзбесiн;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын;

қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелердi сату тәртiбiн;

ластану учаскелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн;
қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақының базалық және шектi ставкаларын;
қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген залалды экономикалық бағалау ережелерiн бекiтедi;

8) мыналарды:

шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн;
айрықша экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң тiзбесiн;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткiзу тәртiбiн;

сот шешiмiмен республикалық меншiкке түстi деп танылған иесiз қауiптi қалдықтарды басқару тәртiбiн;

қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру тәртiбiн айқындайды;

9) мыналарды:

қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн айқындау тәртiбiн;
кешендi экологиялық рұқсаттар беру тәртiбiн және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешендi экологиялық рұқсаттар алу мүмкiн болатын өнеркәсiп объектiлерi үлгiлерiнiң тiзбесiн;
парниктiк газдарды атмосфераға шығаруды шектеудiң, тоқтата тұрудың немесе азайтудың тәртiбiн;

озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнiмдерi бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргiзуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртiбiн;
парниктiк газдарды атмосфераға шығаруды және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерiн мемлекеттiк есепке алу тәртiбiн;

аумақтардың экологиялық жағдайын бағалау критерийлерiн;

жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiн;

Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi мемлекеттiк қорық аймағының шекарасын;
қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу тәртiбiн белгiлейдi;

10) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

11) аумақты төтенше экологиялық жағдай аймағы деп жариялайды және төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық режимiнiң қолданысын тоқтату туралы шешiм қабылдайды.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi:
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:

1) бiртұтас мемлекеттiк экологиялық саясатты жүргiзедi және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады;

2) өз құзыретi шегiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыру бөлiгiндегi қызметiн үйлестiредi;

3) климатты және Жердiң озон қабатын қорғау саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асырады;

4) жеке және заңды тұлғалардың климатты және Жердiң озон қабатын қорғау, биоәртүрлiлiктi сақтау, жердiң шөлейттенуi мен жұтаңдауы саласындағы қызметiн үйлестiрудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады;

5) өз құзыретi шегiнде шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекiтедi немесе келiседi;

6) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi бағдарламаларын әзiрлейдi;
7) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi өңiрлiк бағдарламалар мен iс-шаралар жоспарларын келiседi;

8) экологиялық рұқсаттар бередi, оларда қоршаған ортаға арналған эмиссияларға лимиттер белгiлейдi;

9) мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асырады;

10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиялар берудi жүзеге асырады;

11) табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы лицензияларды, рұқсаттарды, шарттарды (келiсiмшарттарды) өз құзыретi шегiнде келiседi;

12) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзедi, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптаманы жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiредi және оған әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;

13) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы бұзылған жағдайда мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын керi қайтарып алу және оны жою құқығымен, жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзу қызметiне бақылауды жүзеге асырады;

14) мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу туралы шешiм қабылдайды және міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының нысанын бекiтедi;
15) қоршаған орта жай-күйiнiң мемлекеттiк мониторингiн және мониторингтiң жекелеген арнайы түрлерiн жүргiзудi ұйымдастырады, сондай-ақ Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн жүргiзудi үйлестiредi;

16) Табиғи ресурстар кадастрларының бiрыңғай жүйесiн жүргiзедi;
17) Өндiрiс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады;
18) Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және сарқынды суларды жер қойнауына жiберудiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады және оны жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарды бекiтедi;

19) қоршаған ортаның ластану учаскелерiн мемлекеттiк есепке алуды ұйымдастырады;
20) Парниктiк газдардың мемлекеттiк кадастрын және Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады;

21) озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнiмдерi бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргiзуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат бередi;
22) Табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi және оларды есепке алу тәртiбiн белгiлейдi;

23) Экологиялық ақпараттың мемлекеттiк қорын жүргiзудi ұйымдастырады, қоршаған ортаға әсердi бағалау рәсiмiне және белгiленiп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешiмдер қабылдау процесiне қатысты экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу мерзiмдерi мен тәртiбiн белгiлейдi;
24) ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбесiн әзiрлейдi және олардың тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;

25) әр түрлi дәрежедегi полигондарда орналастыру үшiн қалдықтар тiзбесiн айқындайды;
26) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi;
27) мемлекеттiк экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргiзуге қатысты құжаттардың нысандарын әзiрлейдi және бекiтедi;

28) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу тәртiбiн қоса алғанда, қоршаған ортаға әсердi бағалау және мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлейдi және бекiтедi;
29) мыналарды:

қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерiн айқындау әдiстемесiн;
қалдықтар сыныптамасын;

қауiптi қалдықтар бойынша есеп беру нысанын;
табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берiлетiн рұқсаттарға енгiзу тәртiбiн, қоршаған ортаны эмиссияларға рұқсат беру мәселелерi бойынша құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн;
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың үлгiлiк тiзбесiн;

қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн;

жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының экологиялық сараптама саласындағы қызметiне бақылауды жүзеге асыру ережесiн;

мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысының нысанын;

техникалық реттеу саласындағы сараптама кеңесiнiң құрамын және оның ережесiн;

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн жүргiзу жөнiнде ақпарат алмасудың тiзбелерiн, нысандарын және мерзiмiн;

топырақтағы химиялық заттардың жол берiлетiн шектi шоғырлануын;

өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламаларын келiсу тәртiбiн бекiтедi және өндiрiстiк экологиялық бақылау нәтижелерi жөнiндегi есептiлiкке қойылатын талаптарды белгiлейдi;

30) мыналарды:

қоғамдық тыңдау өткiзу тәртiбiн;

парниктiк газдар шығарудың және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың шектi нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн;

парниктiк газдар шығарындыларын және озон қабатын бұзатын заттарды түгендеу тәртiбiн;

31) мемлекеттiк экологиялық бақылау органдары жүйесiндегi зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерiнiң жұмысын жетiлдiредi;

32) су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк схемаларын келiсуге, бассейндiк келiсiмдердi дайындауға, су объектiлерiн пайдалану, молықтыру және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк (өңiрлiк және бассейндiк) бағдарламалар әзiрлеуге, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн iске асыруға қатысады;

33) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

34) қоршаған ортаны қорғау саласында келiсiмдер, меморандумдар жасасады;
35) Ұлттық экологиялық атласты әзiрлеудi және жариялауды ұйымдастырады;
36) мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының тiзiлiмiн жүргiзедi;

37) осы Кодексте көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың құзыретi:

  1. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мыналар болып табылады:

1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

2) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;

3) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

4) жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
6) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
7) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

9) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

10) өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

11) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган.

Арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың құзыретi Қазақстан Республикасының Жер, Су және Орман кодекстерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, мұнай туралы, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, азаматтардың денсаулығын сақтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, қауiптi өндiрiстiк oбъектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, ветеринария, өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi, атом энергиясын пайдалану және радиациялық туралы заңдарында белгiленедi.

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары (бұдан әрi — жергiлiктi өкiлдi органдар) қоршаған ортаны қорғау саласында:

1) тиiстi аумақтардағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөнiндегi шығыстарды бекiтедi;

2) өз құзыретi шегiнде қалдықтарды басқару жөнiндегi бағдарламаларды бекiтедi;

3) өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн бекiтедi;
4) жергiлiктi атқарушы органдар мен заңды тұлғалар басшыларының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың жай-күйi туралы есептерiн тыңдайды;

5) өз құзыретi шегiнде табиғат пайдалану ережелерiн қабылдайды, оны бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделедi;

6) қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы ставкаларын белгiлейдi.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының қоршаған ортаны қopғaу саласындағы құзыретi:

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — жергiлiктi атқарушы органдар) қоршаған ортаны қорғау саласында:

1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану жөнiндегi iс-шаралар және олардың тиiстi аумақтарда iске асырылуы көзделетiн бағдарламалар мен өзге де құжаттар әзiрлеудi ұйымдастырады;

2) мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың қорытындылары негiзiнде өз құзыретi шегiнде кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салуға немесе реконструкциялауға тыйым салады немесе рұқсат бередi;

3) өз құзыретi шегiнде шаруашылық қызмет объектiлерiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;

4) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдау ұйымдастырады;
5) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қарауына бередi;

6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар штаттан тыс сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргiзуге тартады;

7) өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлейдi;
8) қалдықтарды басқару жөнiнде бағдарламалар әзiрлеудi ұйымдастырады және олардың орындалуын қамтамасыз етедi;

9) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру жөнiндегi объектiлердi салуға жер учаскелерiн бөледi;

10) қалдықтарды жою және орналастыру жөнiндегi объектiлердi салуды қамтамасыз етедi;

11) коммуналдық қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi;

12) қалдықтардың пайда болу көлемдерiн бақылауды жүзеге асырады және қалдықтардың пайда болу көлемдерiн азайтуға, олардың қайтадан немесе баламалы түрде пайдаланылу деңгейiн арттыруға және көмiлуге тиiс қалдықтар көлемiн қысқартуға бағытталған iс-шаралар мен экономикалық ынталандырулар әзiрлейдi;

13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы шешiм қабылдайды;

14) тиiстi аумақта тұрған табиғат объектiлерiнiң жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады;

15) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң тiркелуiн жүзеге асырады;
16) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзiрлейдi және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етедi.

  1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.

Экологиялық сараптаманың мақсаттары

Экологиялық сараптама:

1) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық, норма шығару және өзге де қызметтi iске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал терiс зардаптарын айқындау және шектеу;
2) экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерiнiң балансын сақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану процесiнде үшiншi тараптарға залал келтiрудi болдырмау мақсатында жүргiзiледi.

Мемлекеттiк экологиялық сараптама oбъектiлерi

  1. Мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптамаға мыналар жатады:

1) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызмет жобалары және оларға iлеспе, Жер туралы кодекстің37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсердi бағалау материалдары;

2) табиғат пайдалану мәселелерiне қатысты жоспарлау алдындағы және жобалау алдындағы құжаттаманың барлық түрлерi, болжамдардың, экологиялық және өзге де бағдарламалардың жобалары, мемлекеттiк органдар мен ұйымдар қызметi негiзгi бағыттарының тұжырымдамалары, мемлекеттiк инвестициялық бағдарламалар, шарттар, келiсiмшарттар, оның iшiнде меншiк және жекешелендiру нысандарын өзгертуге қатыстылары;

3) қолданыстағы oбъектiлер үшiн қоршаған ортаға әсердi бағалау материалдарымен қоса реконструкциялау жобалары;

4) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары;

5) iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобалары, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары;
6) кәсiпорындарды, объектiлер мен кешендердi, ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға, салуға, реконструкциялауға, дамытуға, техникалық қайта жарақтауға, қайта бейiмдеуге, жоюға арналған техникалық-экономикалық негiздемелер (есептер) және жобалар, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi ресурстарын өндiру мен пайдалануға арналған биологиялық негiздемелер;

7) аумақтарды ұйымдастыру схемаларының жобалары;

8) қалалар мен аумақтарды, оның iшiнде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметтi жүргiзудiң айрықша режимiндегi аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары;
9) осы аумақтарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық зiлзала аймағы немесе төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық мәртебесiн берудi негiздейтiн, аумақтар учаскелерiн кешендi экологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ осы аумақтарды оңалту бағдарламалары;

10) көршiлес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшiн көршiлес мемлекеттермен ортақ табиғи ресурстарды пайдалану қажет болатын немесе көршiлес мемлекеттердiң халықаралық шарттарда белгiленген мүдделерiн қозғайтын шаруашылық және өзге де қызмет жобалары;

11) жаңа техникаға, технологияларға, материалдар мен заттарға, соның iшiнде шетелден сатып алынатындарына қойылатын экологиялық талаптарды негiздейтiн құжаттама;

12) табиғи ресурстарды пайдалануға және (немесе) алуға рұқсаттар (лицензиялар) берудi негiздейтiн құжаттама.

  1. Мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiлерi мынадай жағдайларда:

1) экологиялық сараптама объектiсi бұрын жүргiзiлген мемлекеттiк экологиялық сараптама ескертпелерi бойынша жетiлдiрiлген;

2) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейiн жобалау және өзге де құжаттамаға өзгерiстер енгiзiлген жағдайда;

3) сот шешiмiнiң негiзiнде, қайтадан мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өтедi.
3. Мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiлерi Жер туралы кодекстің40-бабында келтiрiлген объектiлердiң сыныпталуына сәйкес I, ІІ, III, IV санаттарға бөлiнедi.

I санатқа орталық мемлекеттiк органдар әзiрлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары да, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 6-9) және 11) тармақшаларында аталған объектiлер жатқызылады.

II санатқа жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобалары, өңiрлiк жоспарлар мен бағдарламалардың жобалары, облыстық және аудандық маңызы бар аумақтарда құрылыс салудың бас жоспарларының жобалары да жатады.

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдар:
1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы I санат объектiлерiне — қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган, II және III санат объектiлерiне — қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдары, IV санат объектiлерiне жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзеді.
    Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзу тәртiбi:
  2. Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға құжаттаманы:

1) белгiленiп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтiң тапсырыс берушiсi (инвестор);

2) мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзiрлеудi жүргiзетiн мемлекеттiк органның басшысы табыс етедi.

  1. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудiң тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзу мерзiмдерi:

  1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзу мерзiмi мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға алдын ала сараптамадан өткен қажеттi барлық құжаттама берiлген кезден бастап үш айдан аспауға тиiс.
  2. Алдын ала сараптамадан өткiзу мерзiмi құжаттаманың мемлекеттiк экологиялық сараптамаға келiп түскен күнiнен бастап екi аптадан аспауға тиiс. Табыс етiлген құжаттама толық болмаған жағдайда ол табыс еткен тұлғаға қайтарылуға жатады.

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы:

  1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы оны жүргiзу нәтижелерi бойынша берiледi.
  2. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы экологиялық сараптама объектiсiн iске асыру жөнiнде шешiм қабылдауға болатындығы мен мүмкiндiгi туралы тұжырымдарды қамтиды.
  3. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы болған кезде тапсырысшы сараптамаға ұсынылған материалдарды сараптамалық қорытындының ұсыныстары мен ескертпелерiне сәйкес пысықтауды қамтамасыз етуге және ол белгiлеген мерзiмде барлық материалдарды қайтадан экологиялық сараптамаға табыс етуге не белгiленiп отырған қызметiнен бас тартуға мiндеттi.
  4. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мiндеттi болатын шаруашылық және өзге де қызмет жобаларын мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз банктердiң және өзге де қаржы ұйымдарының қаржыландыруына және iске асыруына тыйым салынады.
  5. Мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысына Қазақстан Республикасының, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттiк экологиялық сарапшысы не өз құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органның сараптама бөлiмшесiнiң басшысы қол қояды.
  6. Жобалық құжаттамаға мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы берiлген күнiнен бастап бес жыл iшiнде қолданыста болады.

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылық бөлiмшелерi басшыларының құқықтары:

  1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылық бөлiмшелерi басшыларының:

1) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу үшiн белгiленген тәртiппен экологиялық сарапшылық комиссияларын, топтарын құруға, жұмысқа қатысуға отандық және шетелдiк мамандарды, сондай-ақ заңды тұлғаларды тартуға;
2) сарапшылық бөлiмшелерiнiң, құрылатын комиссиялар мен топтардың қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыруға;

3) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сараптама кеңестерiн басқаруға, олардың қызметiн ұйымдастыруға;

4) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу әдiстерiн айқындауға;

5) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сай келмейтiн, мемлекеттiк экологиялық сараптамаға ұсынылған материалдарды қабылдамай тастауға;

6) есептеулерде қате және басқа да олқылықтар жiберiлген, оны түзету қосымша зерттеулердi, iздестiру жұмыстарын не қосымша қаражат бөлудi қажет ететiн құжаттар мен материалдарды пысықтау үшiн қайтаруға;

7) мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындыларына қол қоюға;

8) сараптама объектiсiн iске асырудың қоршаған ортаға жағымсыз зардаптарын куәландыратын мән-жайлар анықталған не тапсырыс берушi жоғарыда аталған қорытынды талаптарын орындамаған кезден бастап бiр ай iшiнде бұрын берiлген мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындыларын керi қайтарып алуға;

9) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге қажеттi қосымша материалдарды сұратуға;

10) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынбаған объектiлер туралы мәлiметтердi банктер мен өзге де қаржы ұйымдарына табыс етуге;

11) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселелердi шешу үшiн тиiстi материалдар дайындап, құқық қорғау органдары мен өзге де органдарға тапсыруға құқығы бар.

  1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның сараптама бөлiмшелерiнiң басшылары Қазақстан Республикасының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттiк экологиялық сарапшылары болып табылады.

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы ұйымдастыру мен жүргiзу кезiнде сараптама бөлiмшелерiнiң басшылары тәуелсiз болады және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес iс-әрекет жасайды.

  1. Сарапшылық бөлiмшелерi басшыларының тәуелсiздiгi қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және жергiлiктi атқарушы органдар бекiткен, оларды тағайындау және босату тәртiбi мен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шарттарды қамтитын солар туралы ережелермен қамтамасыз етiледi.

Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы:

  1. Арнаулы бiлiмi бар және экологиялық сараптама жүргiзуге қажеттi жеткiлiктi тәжiрибесi бар және мемлекеттiк экологиялық сараптама органы белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге тартылған адам мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы болып табылады.
  2. Экологиялық сараптама жасалуға тиiстi құжаттама тапсырыс берушiнiң өкiлi немесе мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiсiн әзiрлеушi, сондай-ақ тапсырыс берушiмен немесе әзiрлеушiмен еңбек немесе өзге де шарттық қатынаста тұрған заңды және жеке тұлғалар мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы бола алмайды.
  3. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы өзi жасаған сараптама үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
  4. Сарапшының мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге байланысты қызметiне мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың араласуына тыйым салынады.
  5. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы құқықтарының бұзылуы сот және әкiмшiлiк тәртiппен қорғалуға тиiс, ал мұндай жолсыздықтарға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
    6. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысының:

1) мемлекеттiк экологиялық сараптама жасалатын объектiге жан-жақты және объективтi баға беру үшiн мәнi бар қосымша материалдар табыс етiлуiн талап етуге;

2) экологиялық сараптама жүргiзуге мамандарды қосымша тартуға;

3) сараптама жұмысын, әдiснамасын ұйымдастыруды жетiлдiру, оны жүзеге асыру тәртiбi мен принциптерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;

4) мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiсi жөнiнде, мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысына қоса тiркелетiн ерекше пiкiр қалыптастыруға құқығы бар.

  1. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы:

1) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың кешендi, объективтi және сапалы жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге;

2) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауға;

3) қолданылып жүрген нормалар мен ережелер негiзiнде мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге;

4) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың белгiленген мерзiмi мен тәртiбiн сақтауға;

5) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың дәлелдi қорытындыларын дайындап, оларды сараптама объектiсiн iске асыру туралы шешiм қабылдайтын органдарға және тапсырысшыларға уақтылы беруге;

6) сараптама жасалатын объектiлердi одан әрi қарауға қабылдамаған не оларды негiздейтiн материалдар пысықтауға қайтарылған кезде мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысын объективтi бағалап, дәлелдi түрде негiздеуге;

7) материалдардың сақталуын қамтамасыз етуге және өзiнiң құпия құжаттарға қатысты әрекеттерiн олардың иесiмен келiсуге, өзiне сенiп тапсырылған мәлiметтердiң жария етiлуiне жол бермеуге мiндеттi.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу процесiне сырттан сарапшылар тарту:

Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу сырттан сарапшылар тартуды талап еткен жағдайда, мемлекеттiк экологиялық сараптама органдарының сараптамалық қорытындылар алу үшiн басқа мемлекеттiк органдарға, өзге де ұйымдарға, сондай-ақ жекелеген мамандарға өтiнiш жасауға құқығы бар.

Сырттан сарапшылар тартуды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

Мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының тiзiлiмi.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады және оларға тiркеу нөмiрлерiн бередi.

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерi.

  1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның жанынан консультациялық-кеңесшi органдар болып табылатын және өздерi туралы ережелерге сәйкес әрекет ететiн мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерi құрылады.
  2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк экологиялық сараптамасының сарапшылық кеңестерi туралы ережелердi және олардың жеке құрамдарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның басшысы бекiтедi.
  3. Функциялары қоршаған ортаны қорғаумен байланысты мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары, ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң, жоғары оқу орындарының ғалымдары, практик-мамандар мен жұртшылық өкiлдерi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерiне мүше бола алады.
    4. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерiнiң қарауына:
    1) экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң, қоршаған ортаны қорғаудың, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтырудың күрделi проблемаларын талқылау;

2) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың экологиялық қауiптiлiгi жоғары объектiлерге қатысты қорытындыларын қарау жатады.

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың жариялылығы және халықтың шешiмдер қабылдауға қол жеткiзуi.

  1. Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге өтiнiмдердi қоспағанда, мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге өтiнiмдi белгiленiп отырған қызметке тапсырыс берушi бұқаралық ақпарат құралдарында мiндеттi түрде жариялауға тиiс.
  2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезеңiнде барлық мүдделi азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктерге өз пiкiрiн бiлдiру мүмкiндiгi берiледi.
  3. Iске асырылуы қоршаған ортаға және азаматтардың денсаулығына тiкелей ықпал етуi мүмкiн жобалар бойынша қоғамдық тыңдау өткiзiледi.
  4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қоғамдық тыңдау өткiзу тәртiбiн белгiлейдi және онда:

1) мүдделi тұлғалардың анықталуы;

2) ақпарат пен консультация алуға болатын жердiң көрсетiлуi;

3) халықты хабардар ету тәсiлiнiң көрсетiлуi (белгiлi бiр жерлерге афишалар iлу, газеттерге жариялау, жоспарларды, сызбаларды, кестелердi, графиктердi, үлгiлердi көрсете отырып көрмелер ұйымдастыру);

4) халыққа консультация берудi жүзеге асыру тәсiлiнiң (жазбаша таныстыру, халыққа сұрау салу) белгiленуi;

5) қоғамдық тыңдау өткiзу мерзiмi айқындалуға тиiс.

  1. Мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысы бойынша шешiм қабылданғаннан кейiн барлық мүдделi тұлғаларға осы Кодексте көзделген тәртiппен сараптама объектiсi жөнiнде ақпарат алу мүмкiндiгi берiледi.

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезiндегi келiспеушiлiктердi қарау тәртiбi.

  1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезiндегi келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен не сот тәртiбiмен қаралады.
  2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама мәселелерi бойынша келiспеушiлiктердi кез келген мүдделi тараптың, оның iшiнде белгiленiп отырған қызметке тапсырыс берушiнiң, жергiлiктi атқарушы органның өтiнiшi бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган келiссөздер арқылы қарайды. Бұл ретте мемлекеттiк экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы келiспеушiлiктердiң нысанасы бола алмайды.
    Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қаржыландыру.

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қаржыландыру бюджет қаражаты, сондай-ақ тапсырыс берушiлердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Қоғамдық экологиялық сараптама.

  1. Қоғамдық экологиялық сараптама — қоғамдық бiрлестiктер құратын сараптама комиссиялары ерiктi негiзде жүзеге асыратын қызмет түрi.
  2. Қоғамдық экологиялық сараптама кез келген шаруашылық және өзге де қызметтi азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны сақтау жөнiндегi қоғамдық мүдделердiң сақталуы тұрғысынан қарайды.
  3. Қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi iске асырылған жағдайда мүдделерi қозғалатын жеке тұлғалар немесе қоғамдық бiрлестiктер қоғамдық экологиялық сараптаманың бастамашысы болуы мүмкiн.

Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы.

  1. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы — қоғамдық бiрлестiктер, олардың атынан экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiш берiледi және сараптама комиссиясының қызметiн ұйымдастыру жөнiнде шаралар қолданылады.
  2. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының:
    1) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң тапсырыс берушiсiнен қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге қажеттi құжаттар мен материалдар сұратуға;

2) сараптама жүргiзу үшiн сарапшылық комиссия құруға;
3) қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын жергiлiктi атқарушы органдарға және қаржы ұйымдарына табыс етуге құқығы бар.

  1. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы:

1) қоғамдық экологиялық сараптаманы осы Кодексте жазылған талаптарға сәйкес ұйымдастыруға;

2) қоғамдық экологиялық сараптаманың барысы мен нәтижелерi туралы жұртшылықтың хабардар етiлуiн және қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысын әзiрлеуде қоғамдық пiкiрдiң есепке алынуын қамтамасыз етуге;
3) қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысының барлық мүдделi тараптар үшiн ашық болуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылары.

  1. Қаралатын мәселе бойынша ғылыми және (немесе) практикалық бiлiмi бар және қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы қоғамдық сараптама жүргiзуге тартқан жеке тұлға қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы болып табылады.
  2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы мыналар бола алмайды:

1) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң тапсырыс берушiсiнiң өкiлi;

2) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiн әзiрлеушiнiң өкiлi;

3) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң аталған тапсырыс берушiсiмен немесе оны әзiрлеушiмен еңбек немесе өзге де шарттық қатынаста тұрған жеке тұлға;

4) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң аталған тапсырыс берушiсiмен немесе оны әзiрлеушiмен шарттық қатынаста тұрған заңды тұлғаның өкiлi.

  1. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы оны жүргiзуге Қазақстан Республикасының заңнамасына және қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы берген тапсырмаға сәйкес қатысады.
  2. Қоғамдық экологиялық сараптама сарапшысының қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi жөнiнде қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысына қоса тiркелетiн ерекше пiкiр бiлдiруге құқығы бар.

Қоғамдық экологиялық сараптама сарапшысы:

1) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауға;

2) экологиялық сараптама объектiсi бойынша өз қорытындысы тұжырымдарының объективтiлiгi мен негiздiлiгiн, сондай-ақ қоғамдық экологиялық сараптаманың атына мүдделi жеке тұлғалар мен қоғамдық бiрлестiктерден келiп түскен ескертпелер мен ұсыныстардың ескерiлуiн қамтамасыз етуге;

3) материалдардың сақталуын және қоғамдық экологиялық сараптамаға ұсынылған мәлiметтердiң құпиялылығын, сондай-ақ зияткерлiк меншiктiң қорғалуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

Қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi тапсырыс берушiсiнiң құқықтары мен мiндеттерi.

  1. Жоспарланып отырған басқару, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтiң жеке немесе заңды тұлғасы қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiне тапсырыс берушi болып табылады.
  2. Қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiне тапсырыс берушiнiң:

1) белгiленiп отырған қызмет бойынша құжаттамада қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәлiметтердiң қорғалуына;

2) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң барысы мен нәтижелерi туралы ақпарат алуға және ақпаратқа қол жеткiзуге;

3) қоғамдық экологиялық сараптама аясында өткiзiлетiн қоғамдық тыңдауға және өзге де iс-шараларға қатысуға;

4) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органға, жергiлiктi атқарушы органдарға қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысына өз түсiндiрмелерi мен түсiнiктемелерiн беруге құқығы бар.

  1. Қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң тапсырыс берушiсi:

1) қоғамдық экологиялық сараптамаға қажеттi құжаттар мен материалдарды беруге;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысында баяндалған ұсынымдарға жазбаша жауап беруге мiндеттi.

Қоғамдық экологиялық сараптаманы тiркеу тәртiбi.

  1. Қоғамдық экологиялық сараптама сараптаманы ұйымдастырушының оны жүргiзу туралы өтiнiш тiркелген жағдайда жүзеге асырылады.
  2. Қоғамдық экологиялық сараптаманы тiркеу туралы өтiнiштi оның ұйымдастырушысы аумағында сараптама объектiсiнiң қызметi жоспарланып отырған жергiлiктi атқарушы органдарға бередi.
  3. Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу туралы өтiнiште:

1) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының атауы, заңды мекенжайы;
2) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының жарғыда көзделген қызметiнiң сипаты;

3) қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылық комиссиясының құрамы туралы мәлiметтер;

4) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi туралы мәлiметтер, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу мерзiмдерi көрсетiлуге тиiс.

  1. Жергiлiктi атқарушы органдар қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде оны тiркеуге немесе тiркеуден бас тартуға мiндеттi. Көрсетiлген мерзiм iшiнде қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi тiркеуден бас тартылмаса, ол тiркелдi деп есептеледi.
  2. Егер:

1) бұрын осы oбъектiге қатысты екi рет қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзiлсе;
2) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi мемлекеттiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қамтитын болса;

3) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының жарғысында осы қоғамдық бiрлестiктiң қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу жөнiндегi қызметi көзделмесе;

4) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң белгiленiп отырған мемлекеттiк экологиялық сараптамасы аяқталса, қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастыру туралы өтiнiштi тiркеуден бас тартылуы мүмкiн.

  1. Жергiлiктi атқарушы орган қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi тiркеуден бас тартқан жағдайда, бұл жөнiнде қоғамдық экологиялық сараптаманың бастамашысы мен ұйымдастырушысына бас тартудың себептерiн дәлелдi түрде негiздей отырып, жазбаша хабарлайды.

Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы.

  1. Қоғамдық экологиялық сараптаманың нәтижелерi ұсынымдық сипатта болатын қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы түрiнде ресiмделедi.
  2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысында:
    1) экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының атауы мен заңды мекенжайы;
    2) тапсырыс берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты немесе толық атауы, қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң атауы мен орналасқан жерi;

3) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiштiң жергiлiктi атқарушы органда тiркелгенi туралы мәлiметтер;

4) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу мерзiмдерi;

5) қоғамдық экологиялық сараптамадан өткен құжаттаманың құрамы, қоғамдық экологиялық сараптама процесiнде пайдаланылған басқа да құжаттардың тiзбеленiп көрсетiлуi;

6) қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылық комиссиясы мүшелерiнiң құрамы;

7) сараптама нәтижелерiнiң баяндалуы;

8) қоғамдық экологиялық сараптаманың ұйымдастырушысы айқындаған, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу жөнiндегi тапсырмалардың сипаты;
9) қоғамдық экологиялық сараптама процесiнiң, оның iшiнде жұртшылықпен, тапсырыс берушiмен және басқа да мүдделi тараптармен өзара iс-қимыл жасасудың сипаттамасы;

10) қоғамдық экологиялық сараптаманың тұжырымдары қамтылуға тиiс.
3. Қоғамдық экологиялық сараптама тұжырымдарында:

1) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкестiгi туралы қорытынды;

2) тапсырыс берушiнiң қоршаған ортаға әсерге жүргiзген бағалауының толымдылығы, сапасы мен дұрыстығы жөнiндегi сипаттама;

3) жұртшылықтың әртүрлi топтарының белгiленiп отырған қызметке көзқарасының сипаттамасы, жұртшылықтың ұсыныстары мен ескертпелерiне жасалған шолу;

4) сарапшылардың қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiн iске асыруға экологиялық және әлеуметтiк тұрғыдан жол беруге болатыны жөнiндегi пiкiрi;
5) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органға, тапсырыс берушiге, сараптама объектiсiн iске асыруға байланысты шешiмдер қабылдайтын мемлекеттiк органдарға және заңды тұлғаларға берiлетiн ұсыныстар мен ұсынымдар қамтылуға тиіс.

  1. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысына қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi, сараптамалық комиссияның төрағасы мен мүшелерi қол қояды.
  2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы:

1) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге берiлген өтiнiштi тiркеген жергiлiктi атқарушы органға;

2) осы объектiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын жүзеге асыратын органға;
3) жоспарланып отырған қызметтiң тапсырыс берушiсiне;

4) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiн iске қосуға байланысты шешiмдер қабылдайтын органдарға;

5) бұқаралық ақпарат құралдарына жiберiледi.

Қоғамдық экологиялық сараптаманың нәтижелерiн пайдалану.

  1. Жоспарланып отырған қызметтiң тапсырыс берушiсi қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын алған күннен бастап бiр ай iшiнде онда қамтылған тұжырымдар мен ұсынымдарды қарауға және өзiнiң түсiндiрмелерiн мемлекеттiк экологиялық сараптама органына және қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушыға жiберуге мiндеттi.
  2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қаралуға тиiс. Қарау нәтижелерi қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушыға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға жiберiлуге тиiс.

3. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы жергiлiктi атқарушы органдар, қаржы ұйымдары және белгiленiп отырған қызметтiң тапсырыс берушiсi шешiмдер қабылдаған кезде де ескерiлуi мүмкiн.