ҚазақстанРеспубликасы аумағында табиғаттықорғау мәселелері көп заманнан беріжалғасып келе жатқан іс. Ғасырдан ғасырға мирас болған, қазақ халқы жайнап қоныс тепкен кең байтақ өлкенің табиғатын құқықтық қорғау туралы көне жазба деректер болмаса да, табиғат қорғаусыз қалған деуге болмайды.
Шынтуайтына келгенде, қазақ жерінде табиғатты құқықтық қорғау тарихы өзінің ғылыми зерттелуін қажет етеді.
Қазақ халқында табиғат қорғаумәселелері шаруашылыққаыңғайластырылып жүргізілген. Мысалы: малды жазда жайлауға айдаса, қыста қыстаудаұстады. Ал осы екі аралықта басқа жерлерді қажет кезінде пайдаланды. Сөйтіп, жайылымдар мен қыстаулардың шөбін қалпында сақтап, аң мен құстың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасап келген. Аң мен құсты,орманды қырып жоюға,су қорларын ластауға жолбермеген. Бұлақтардың көзін ашып, оны табиғи күйінде пайдаланып отырған.
Қазақстан Республикасының қазіргі экология құқығы Қ.Р-ң егемендік алып, дербес мемлекет болғанына дейінгі жасалған бұрынғы СССР одағында қалыптасқан экология құқығының жалғасы.
Бұрынғы кеңес өкіметі 1917 жылғы 20 қазанда жер туралы декрет, 1918 жылы орман жөнінде декрет қабылдады, онда жер және қорларын пайдалану және қорғау қатынастарын реттеуді көздеді. Табиғи ескерткіштерді қорғау жан — жақты қарастырылды. 1919 ж. Суды қорғау комитеті құрылып, сөйтіп оған судың санитарлықжағдайын қадағалу, табиғатты өндірістік сарқынды сулар мен ластардан қорғау жайы тиісті органдарға жүктелді.
1921ж балықтар мен хайуанаттар жөнінде декрет қабылданды. Көп жылдар бойы табиғат қорларын пайдалану мен қорғаудың құқықтық мәселелері тек бір орталықтан – Москва арқылы жүргізіліп отырды.
1960-1970 жылдар арасында экология саласындағы заңдардыкодификациялау барысында орталықтың жер, су, орман, жер қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, атмосфералық ауаны қорғау туралызаңдардың негіздеріқабылданып, одақтас республикаларда табиғат жөнінде салалық заңдар, кодекстер қабылданды.
Табиғи ресурстарға тек қана мемлекеттік меншік ССРО конституциясында және ҚазақССР Конституциясында тұжырымдалды.
Жерді және басқа табиғи ресурстарды пайдалану мен билік ету негізінен орталықтан шешіліп отырды. Сондай саясаттың салдарынан миллиондаған гектар жер әскери қажеттіліктер үшін алынып, олардың атом қаруларын сынау үшін пайдаланылғандығы жасырылды. Сондай сынақтардың салдарынан адамдардың денсаулығына зиян келетіні және келгені де құпия болып сақталды.
Республика аумағындағы кен байлықтары орталық үшін жқмсалып,жергілікті халықтың мұқтаждарын өтей алмады. Жарлығы шықты.
ҚР экология құқығының нарықтық экономика жағдайында дамуы одан әрі жалғаса бермек.