Халықаралық жеке құқықтың түсінігі

Халықаралық жеке құқықтың дамуына бүгінгі күнгі факторлар әсер етуде.

Біріншіден, бұл шаруашылық өмірдің интернациоландырудың объективті процесі осыған сай жан-жақты экономикалық қатынастардың жаңа деңгейіне талап етуде. Бұл тұстағы айқын мысал ретінде еуропалық континенттік дамуды атауға болады. Шаруашылық өмірдің интернационалдандырудың ең жарқын көрінісі ретінде жан-жақты экономиалық және экономикалық-техникалық қауымдастықтың дамуын атауға болады.

Егер де 19-20 ғасырларда ол қатынастар тек саудамен ғана шектеліп отырған болса, ендігі 20-21 ғасырларда бұл тек тауар мен қызмет алмасу ғана емес, өндірістік қауымдастық, оның құрамына бірлескен зерттеулер мен ізденістерді жүргізулер кіреді.

Екіншіден, бұл жағдай- соғыстар мен түрлі сипаттағы қақтығыстарға байланысты, саяси және ұлттық себептерге байланысты, сонымен қатар жұмысқа орналасу мен білім алуға байланысты халықтың көшіп қонуының (миграциясының) тез арада өсіп кетуіне байланысты болды.

Үшіншіден, ғылыми-техникалық прогресс бір жағынан, коммуникациядағы, көлік жетістіктері арқасында, жалпы, адамзаттық қарым-қатынас дамыды, телерадио құралдары, бейнетехника мен спутниктік құрылғыларды қолдануға байланысты ғылымда болып жатқан жетістктер дүние жүзінде әр түрлі хабарларды тез арада таратып отыруға мүмкіндік берді. Космосты игерудегі жетістіктер тағы бар, ал екінші жағынан ғылыми- техникалық прогрестің кертартпа тұстары, атап айтқанда, Чернобыль мен Ирактағы трагедиялар, қоршаған ортаның ластануы мен улануы бір ғана мемлекеттің шекарасымен шектеліп қана қоймайды.

Халықаралық жеке құқық үшін басты маңызды болып табылатын нәрсе – халықаралық қатынастар гуманизациялануы болып табылады. Барлық мемлекеттердің — халықаралық қатынас реттеуіне қатысушыларының назарына адам, оның жай күйі, құқықтары мен бостандықтары болуы тиіс.

Мемлекеттердің өзара байланыстылығы әр түрлі салалардағы өзара ықпалдастық тұтастарынан да көрінеді.

Мемлекеттер арасындағы қауымдастық туралы мәселелерді шешу кезінде құқықтық және оның әдістері мен құрылымдарының орнгы ерекше болып келеді.

Халықаралық жеке құқықтың спецификалық ерекшелігі осы мемлекеттердің арасындағы, құқық жүйелерінің арасындағы айырмашылықты сақтай отырып, коллизиялық деп аталатын нормалардың көмегімен қай мемлекеттің құқығы тиісті жағдайларда қолданылатындығын анықтауға бағытталған.

Халықаралық жеке құқықтың мақсаты- әр түрлі елдердің фирмалары мен ұйымдарының арасындағы іскерлік байланыстарды құқықтық реттеу болып табылады.

Қатынастардың кінші бір тобы-шетелдік қатысушылар, яғни азаматтардың қатысуымен болады. Халықаралық құқықтағы сияқтыхалықаралық жеке құқыққа да жалпы қоғамдық мүдде мен жеке тұлғаның мүдделері толығымен ескерілуге жатады.

Халықаралық жеке құқықта шетелдіктердің жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтары туралы, олардың еңбек, отбасы және басқа салалардағы құқықтары туралы сөз болады. Осы аталған құқықтарға кепіл болу халықаралық жеке құқықта басты орынға қойылады, әсіресе, бұл аралас (шетелдің араласуымен) некелерге, отбасылардың түрлі мемлекет азаматтарынан құрылуына байланысты болып табылады. Халықаралық жеке құқық нормалары Қазақстандағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайын және біздің азаматтардың шетел мемлекетіндегі жағдайын анықтайды.