Халықаралық құқық бойынша аумық – бұл құрлық және су айдындары, жер қойнауы және әуе кеңістігімен бірге бүкіл жер шары, срнымен қатар ғарыш кеңістігінде орналасқан аспан денелері мен ғарыш кеңістігнің өзі.
Жердің барлық аумағы, құқықтық режимының негізгі түрлеріне қарай, үш санатқа бөлінеді:
- Мемлекеттік аумақтар;
- Халықаралық режимдегі аумақтар;
- Аралас режимдегі аумақтар.
Халықаралық қатынастарда аумақтың маңызы өте зор. Аумақ – бұл әр мемлкеттің және бүкіл адамзаттың тіршілік ету ортасы және тіршіліктің материалдық базасы.
Аумақтық мәселелер маңызды халықаралық проблемалардың қатарына жатады және мемлекеттер арасындағы жиі пайда болатын келіспеушіліктердің себебі болады.
Мемлекеттік аумақ – бұл белгілі бір мемлекеттің егемендігі аясында болатын, мемлекеттің толық және ерекше билігі таралатын аумақ. Мемлекеттік аумақтың шекаралары халықаралық құқыққа сәйкес анықталады және халықаралық келісімдермен бщекітілді.
Мемлекет өз аумағын халықаралық қағидаттар мен нормаларды ескере отырып, өзінің ішкі заңдарына сәйкес пайдаланылады.
Халықаралық режимдегі аумақтар – бұл мемлекеттік аумақ пен аралас режимдегі аумақ құрамына кірмейтін аумақтар:
- жағалау мемлекеттерінің ерекше экономикалық аймақтары шектерінен тыс жатқан су теңістіктері;
- теңіз түбінің халықаралық ауданы – жағалау мемлекеттерінің континенттік қайран мен ерекше экономикалық аймақтары шектерінен тыс жатқан теңіз түбі мен оның жер қойнауы;
- мемлекеттік аумақтар шегінен тыс жатқан әуе кеңістігі;
- Антарктика;
- Ғарыш кеңістігі;
- Ай және басқа аспан денелері.
Бұл аумақ мемлекеттердің ортақ пайдалануында болады және онда халықаралық қағидаттар мен нормалар қолданылады.
Аралас режимдегі аумақтар – бұл континенттік қайраң мен ерекше экономикалық аймақ, яғни жағалау мемлекеттердің ұлттық заңдары нормалары мен қатар бір уақытта халықаралық құқықтық нормаларда қолданылатын аймақтар. Бұл аймақтар мемлекеттердің егемендігі аясында болмайды және мемлекеттік аймақтар құрамына кірмейді, бірақ халықаралық құқыққа сәйкес, әр бір ондай ауданда жағалау мемлекеті табиғи ресурстарды зеттеуге, жетілдіруге және сақтауға қатысты өз егеменді құқықтарын, сонымн қатар қоршаған ортаны қорғауға байланысты құқықтар мен міндеттерін жүзеге асырады.
Бұл құқықтардың көлемін халықаралық құқық анықтайды. Жекелеп айтсақ, олар – 1958 ж. Контоиненттік қайраң туралы конвенция және 1982 ж. Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясы.
Өз құқықтары шегінде әр мемлекет аталған қызмет түрлерін реттейтін заңдармен ережелерді шығарады. Континенттік қайраң мен ерекше экономикалық аймаққа қатысты өзге жағдайлар халықаралық теңіз құқығының қағидалары және нормалары мен реттеледі.
Мемлекеттік құрлықтық аумағы- бұл мемлекеттің шекаралары шегінде орналасу жеріне қарамастан барлық құрлық, аралдар мен анклавтар.
Анклав – бір мемлкеттің немесе мемолкеттердің құрлық аумағымен толық қоршалған басқа мемлекет аумағының бөлігі. Анклав өз мемлекеті аумағының бөлінбес бөлігі болып табылады.
Су аумағы – бұл ішкі сулар және аумақтық сулар. Бұл екі су кеңістіктерінің айырмашылығы мемлекеттің азаматтық және әскери кемелерінің бұл жерлерде жүззу режимдеріне байланысты.
Ішкі суларға 1982 жылғы теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясына сәйкес:
- Мемлекеттің (ошның ішіндегі архипелаг-мемлекеттер де) аумақтық теңіздің енін өлшеу үшін қабылданған бастапқы түзу сызықтардан жаға жаққа қарай жатқан теңіз сулары;
- Порт сулары;
- Жағалауы бір мемлекетке тисілі болған шығанақтың сулары, егер де олардың ені 24- теңіз мильден аспаса;
- Тарихи шығанақтар.
Аумақтық теңіз – бұл ені 1982 ж. конвенцияға сәйкес 12- теңіз мильден аспайтын, теңіз жағалау суларының белдеуі.
Мемлекеттік шекара – құрлықта, суда, әуеде, жер қойнауында, мемлекеттік аумақтың шегін – карталарда және жерлерде анықтайтын сызық яғни мемлекет егемендігінің әрекет ету кеңістігінің шегі. Мемлекеттік шекара мемлекет шекарасын басқа мемлекеттердің аумағына, сонымен қатар халықаралық аумақтардан бөледі. Өту жерлеріне қарай шекараларды су және әуе шекаралар деп бөлеміз.
Құрлықтық шекара бір мемлекттің құрлықтық аумағын басқа мемлекеттің құрлықтық аумағын бөлді және шекаралас мемлекеттер арасындағы шартпен анықталып, шартқа сәйкес жерлерде белгіленеді.
Әдетте шекаралар жер бедерінің ерекшіліктері (таулар, өзен, т.б. ерекше белгілер) ескріле отырып жүргізіледі және орфографиялық деп аталады. Кейде шекаралар екі нүкте арасындағы түзу сызық бойынша (геометриялық шекаралар), сонымен қатар меридиандар мен паралелльдер бойынша анықталады (астрономиялық шекаралар).
Су шекарасы:
көлде – құрлықтық шекараны көлдің арғы жағалауыменқосатын түзу сызық арқылы;
кемелер жүретін өзенде – бас фарватор арқылы (тальвег – ең үлкен тереңдіктер сызығы);
кемелер жүрмейтін өзенде — әдетте өзеннің ортасы арқылы;
теңізде – аумақтық теңіздің сыртықы шекарасы арқылы немесе шектес не қарсы жатқан мемлекттердің аумақтық теңіздерді айыру сызығы арқылы өтуі мүмкін.
Аумақтық теңіздің сыртқы шектері халықаралық қағидаттар мен нормаларға сәйкес жағалау мемлекттің заңдарымен белгіленеді.
Делимитация – мемлекеттік шекара сызығы жалпы бағытының карталарда және сол сияқты құжаттарда өтуін шарттық тәртіпте анықтау. Делимитация кезінде шекара сызығының өтуі арнайы таңдап алынған және келісіп қойылған табиғи немесе жасанды нүктелерге не бағдарларға негізделе отырып, кестелер мен карталарда, екіұшты талқылануға жол бермей, толық суреттеледі.
Демаркация – бұл мемлкеттік шекара сызығын арнайы шекара белгілер мен (пирамида, бағана, буй, шамшарақ) көрсету арқылы жүргізу. Демаркация жүргізгенде хаттама — әрбір шекаралық белгінің ерекше белгілерінің суреттемелері енгізілген жеолерде шекара сызығы өтуінің кестелерімен және фотосуреттерімен бірге суреттемесі жасалады.
Редемаркация — бұрын демаркацияланған шекараны тексеру және айқындау, жойылған немесе бүлінген шекаралық белгілерді жөндеу, қалпына келтіру, шекаралық белгілердің бір түрін басқа түрмен ауыстыру, қосымша белгілерді орнату және то.б.
Әрбір мемлекет басқа мемлекеттің шекараларын құрметтеуге міндетті. Сонымен қатар, әрбір мемлекет шетелдік мемлекет органдарының және шетел тұлғаларының бұзушылықтарынан өз шекарасын қорғауға құқығы бар.
Халықаралық өзендер – бұл екі немесе одан да көп мемлекеттердің аумағынын өтетін өзендер. Олар мемлекеттер арасындағы халықаралық суларды туғызады. Ондай өзендердің ішінен мыналарды атуға болады: Дунай, Амур, Рейн, Нигер, Конго, Амазонка және т.б.
Кеме қатынасы бар және кеме қатынасы жоқ халықаралық өзендер болады. Сонымен қатар, олар бірнеше мемлекеттердің аумағынан өтуі мүмкін немесе олардың аумақтарын бөлуі мүмкін. Осындай жағдайда, жағалау мемлекеттерінде ондай өзендерге қатысты өзара құқықтар мен міндеттер туындайды және бұл жағдай мемлекет мүдделерінің өзар байланысын туғызады.
Өзендерде әр түрлі қызметтерді жүзеге асыру барысында :
— бір жағалау мемлекеті басқа мемлекетке зиян келтірмеуі керек, әрбір жағалау мемлекеті өзінің аумағышегінде халықаралық өзен бассейінінің суын қажеттіліке орай пайдалануда әділетті үлеске құқылы болады. Аумағы арқылы өзен сулары өтетін мемлекетке зиян келтірмеу үшін мемлекеттер халықаралық өзен суларын ластаудан аулақ болуға, бөгендер салудың, ирригацияны, ағаш ағызудың мемлекеттің шекарасы шегінде халықаралық өзендердегі балық ресурстарына тигізетін зиянды әсерін болдырмауға міндетті.
Халықаралық өзенде кеме қатынасының режимін жағалау мемлекеттері жасаған келісімдер негізінде анықтайды. Тек жағалау мемлекеттерінің кемелері жағалау мемлкеттердің арасында жасалған шарттар негізінде, басқа жағалау мемлекетінің аумағы құрамына кіретін өзен сулары арқылы өтеуге құқылы. Жағалау емес мемлекттердің кемелері егер жағалау мемлекеттері келісім бермесе, халықаралық өзен арқылы өте алмайды.
Антарктиканың халықаралық-құқықтық режимі 1959 ж. 1 желтоқсандағы Антарктика туралы шартпен реттеледі. Бұл шартқа 12 мемлекет қол қойды. Олар: Аргентина , Австрия, Бельгия, Чили, Оңтүстік Африка Одағы, КСРО, АҚШ, Англия және т.б.
Антарктика – бұл солтүстік ендіктің 60-параллелінен оңтүстікке қарай орналасқан, ешбір мемлекеттің егемендігінде болмайтын жер шарының жалғыз ірі аумағы.
Антарктика туралы шарт Антарктика аудандарына мемлекеттердің аумақтық талаптарын мойындаған жоқ, бірақ бұл талаптарды және ұсыныла алатын талаптарды теріске шығармады.
Антарктика аумағы делимитаризацияланған және бейтарап қалған аймақ болып табылады. Сондықтан Антарктикада әскери контингенттерді орналастыруға және әскери қимылдарды жүргізуге болмайды.
Шартпен анықталған Антарктиканың құқытық режимі арнайы тетікпен қамтамасыз етіледі. Оның құрамына Шарттың қатысушы мемлекеттермен жүзеге асырылатын, бір-бірінің Антарктикада қызметіне қатысты жердегі және әуедегі ауқымды бақылаужатады. Тснацияларды, жабдықтарды, теңіз және әуе кемелерін, олардың құрамын тексерудіжүзеге асыру үшін әрбір мемлекет өз бақылаушыларын Антарктиканың барлық аудандарына кез келген уақытта жібере алады.
Арктиканың құқықтық режимі. Арктика – бұл жердің солтүстік аумағы. Оның құрамына аралдар мен Еуропа, Азия және Солтүстік Америка материктік құрлықтың жанасқан бөліктерімен бірге, терең Арктика бассейні және таяз шекті теңіздер жатады.
Арктиканың теңіз кеңістігі секторларға бөлінген. Әрбір сектор үшбұрышын нысанында болады және Солтүстік полюс оның төбесі болады. Ал, табаны Арктикалық емлекеттердің жағалауы болады. Арктикалық мемлекеттер: Ресей, Норвегия, Канада, Дания, АҚШ. Арктикадаолардың әрқайсысында өзінің секторы бар. Сктордың құрамына сектордың шегінде орналасқан аралдар мен архипелагтар кіреді және олар Арктикаға жағалас мемлекеттің мемлекеттік шекарасына кіреді.
Қолданылып жатқан секторлар жүйесі полярлық кеңістіктерді зерттеу мен игеру және секторларға қатысты өз құқықтарын нормативтік актілерде бекіту барысында тарихи түрде қалыптасқан.
Арктиканың құқытық режимі қолданылып жатқан халықаралық теңіз құқығының қағидалары және нормаларымен әрі Арктикаға жағалас мемлекеттердің ұлттық заңдарымен анықталады.