Көлік және коммуникациялармен басқару

Көліктік – коммуникациондық комплекс – бұл өз инфрақұрылымына ие экономиканың секторы. Ол жүк тасымалдау қызметін етуді, ақпаратты жеткізу (передача информации) қызметін атқаруды және “байланыстар өнеркәсібін” тиісті күйде қамтамасыз етуді (содержать) қамтиды.

Көліктің күрделі түрлері өндірістік–техникалық, шаруашылық объектілер мен қамтамасыз етуші қызметтер кіруі мүмкін. Мысал, темір жол көлігіне жол, станциялар, разъездер, локомотивтер, вагондар, т.б. кіреді.

Осыған байланысты басқару органы алдында бір қатар тапсырмалар туындайды:

  • көліктік – жүк тасымалдау процесі қатысушыларының іс- әрекетін сәйкестендіру.
  • жүк тасымалдауды ұйымдастыру;
  • көлік құралдарының қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету.
  • көліктің қайсы бір нақты түрінде (авто, ауе, су, құбыр) басқа мемлекеттермен ынтымақтастықты камтамасыз ету.

Көлік және коммуникациялармен басқаруды ұйымдастыру үкіметпен және көлік ведомстволарымен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта үкіметпен төмендегідей комплекспен басқарудың құрылымы бекітілген: оның басында біртұтас орталық орган -Үкімет құрамына кіретін көлік және коммуникациялар министрлігі тұрады. Бұл органның қасында көлік, байланыс түрлері, жол шаруашылығы бойынша бақылаушы функцияларға ие ведомстволар құрастырылған (түзілген).

Комплекстің жетекші органына Үкіметпен мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық саясатының негізгі талаптарын жүзеге асыру мәселесі жүктелген. Ведомстволар өз іс- әрекетінде көліктік- коммуникациялық комплекстің өрістері бойынша төмендегі нормативтік қауылыларды басшылыққа алып отыр: темір жолдарының уақытша жарлығын ҚР-сы аумағында автожолдармен, жол ғимаратымен пайдалану және оларды сақтау қағидаларын, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілік құрылғыларды (устройства) ҚР-сы аумағында алу (приобретение), жобалау (проектирование), құру (қондыру) және шетелден алып кіру туралы Ережені, әуе кеңістігіннен пайдалану Қағидаларын.

Бұдан басқа көліктік – коммуникациялық комплекспен басқару үшін техникалық шарттар мен стандарттар істен шығарылады және бекітіледі, олардың арасында келісушілікті талап етуші, жүк тасымалдау мәселелері бойынша, жол әрекеті қауіпсіздігі, экологиялық нормалар туралы құжаттар да бар.

Басқару процесінде көлік және коммуникациялық ведомстволар:

  • көлік, байланыс, автожолдарың мемлекеттік кәспорындары жөнінде құқық субъектісінің функцияларын атқарады (25.06.96 жылғы “Мемлекеттік республикалық кәсіпорындардың тізіми туралы” №790 Ұкіметтің Қаулысында көрсетілген кәсіпорындар жөнінде)
  • мемлекет қатысуындағы шаруашылық серікктестіктердің бақылаушы кеңестері бойынша Комиссияға өз окілдерін жолдайды;
  • жалпы пайдаланудағы республикалық автожолдардың тізімін Үкіметке бекітуге ұсынады.
  • Көліктің жекелеген түрлерімен басқару төмендегі схемалар бойынша жүзеге асырылады:

Автомобиль көлігімен басқару: үш буынды жүйіеде жүзеге асырылады: көлік және коммуникациялар министрлігі – мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары – автокөліктік үйымдар.

Автокөлікпен жүк тасымалдаушыға қойылатын тасымалдаудың қауыпсіздігі мен техникалық шарттарын қамтамасыз етуші негізгі нормативтік талаптар болып жол әрекеті қағидалары және жолаушыларды тасымалдау шарттары тұрады.

Темір жол көлігімен басқару – төмендегі схема бойынша жүзеге асырылады; Министрлік – темір жол басқармасы — темір жол бөлімшесі (отделение) – линиядағы ұйымдардың әкімшілігі (администрация). Іс- әрекетінің құқықтық негізі болып уақытша темір жол жарлығы тұрады.

Теңіз жолы көлігімен басқару төмендегі схема бойынша жүзеге асырылады: көлік және коммуникациялар министрлігі – пароходство, порт – кеме капитаны.

Әуе жолы көлігімен басқару төмендегі схема бойынша жүзеге асырылады: көлік және коммуникациялар министрлігі, — авиаотряд немесе авиакомпания — әуе кемесі бастығы (командир). Ұшу мен тасымалдауың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рольге ие төмендегілер:

а) кеменің навигациясы және пайдалану Қағидалары;

б) қол жүгі мен жолаушыларды жеке тексеру қағидалары;

в) ұшулардың (полетов) жер үстіндегі (наземный) және басқа да қамтамасыз ету қағидалары болады.

Кұбырлар (трубопроводы): көбінше мұнай мен мұнай өнімдерін және газды қайта істеуге немесе түрар жайлық (бытовое) тұтынуға тасымалдау үшін пайдаланылады.Жол шаруашылығы жол тармақтарының (сеть) дамуын қамтамасыз ету, жол ғимараттарын (сооружения) қайта құру және жөндеу, оларды жөнделген күйде түту мақсатында басқарылады. Бұл мақсаттағы жол фондына қаржы ажырату (отчисления) үкіметпен белгіленген тәртіпте өткізіледі.

Байланыспен басқару жалпы принциптерімен бірдей өз ерекшеліктері де ие. Бұл байланыстың бұзылуы қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер тудырумен ескеріледі. Сондықтан, заң шығару осы тармақтарды қорғаудың ерекше қағидаларын алдын ала ескереді. Бұл қағидаларды бүзу үшін әкімшілік немесе басқа ықпал ету шаралар қолданылады.

Көліктік – коммуникациялық комплекстегі мемлекеттік органдары арасындағы бақылаушы өкілеттіктер Үкіметпен бөлінеді (таратылады). Оның өзі халықаралық көлік және байланыс ұйымдары алдында ҚР-сы атынан шығу, халықаралық келісім жасау құқығын беру мүмкін.

Бұл өрістегі мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының тапсырмалары болып, төмендегілер тұрады:

— облыс, аудан, елді мекендердің көлік және байланыс қызмет көрсетудегі, жол шаруашылығын тұту және дамытудағы қажеттіктерді, сондай –ақ бұл мәселелерді шешу жөніндегі орталық атқарушы органдармен сәйкестендіруді қамтамасыз ету.

Мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына төмендегідей негізгі окілеттіктер жүктелген:

-көлік және коммуникациялық кәсіпорындар жайғастыруы (размещение) мен құруын Министрлікпен келісу;

— жер учаскелерін бөлу ;

  • эклолгиялық бақылау;
  • жолаушылырдың қала маңындағы көлікке төлеу немесе қызмет көрсету үшін тарифтерді орнату және реттеу, сондай-ақ, көлікте жүру үшін жеңілдетілген жол ақы алуына байланысты кәсіпорындарға көрген зияндарын жергілікті бютджеттен төлеу;
  • жол және арнайы объектілердің қорғауын ұйымдастыру;
  • қажетті болған лицензиялар мен жұмыстарды өндіруге рұқсаттарды беру.

Осы саладағы кәсіпорындардың басшыларын тағайындау, тиісті штаттар мен ережелерді бекіту.