1
Әкімшілік құқық нормасы қайсы бір әрекетке (әрекетсіздікке ) әкімшілік –құқықтық тыйым сала тұрып, әкімшілік-құқықтық санкция бар екенін, ал оны бұзған жағдайда – айыпкерге жаза қолданылуын болжайды.
Әкімшілік құқықтағы жаза — әкімшілік тәртіпсіздікті жасаған адамға заң негізінде өкілетті мемлекеттік органмен немесе лауазымды адаммен қолданылатын мемлекеттік ықпал ету шарасы болады.
Әкімшілік жазалардың мақсаты келесіде:
- әкімшілік заң нормаларымен ұйғарылған әрекет үшін жауапкершілік шарасын белгілеу;
- әкімшілік құқық нормаларына сәйкес құқықбұзушыға тәрбие беру;
- әкімшілік құқықбұзушылықтың алдан алу (профилактика).
Барлық жазалар Қ . Республикасызаңдарымен ретке келтірілетін бірлескен жүйені құрайды . Жазалардың тізімі мен орындау тәртібі Заңмен қатаң анықталған: онша катаң емес жазалардан катаңдау жазаларға өту көзделген.
Әрекет мерзімі бойынша әкімшілік жазалар бір мерзімді (айыппұл салу, тәркілеу ), созылмалы ( қайсы бір құқықтан айру); негізгі және қосымшаларға ажыратылады. Қосымша жаза ретінде тек затты тәркілеу немесе затты өтемін төлеп алып қою қолданылады.Әкімшілік жазалар субъектілерді қайсы бір құқықтарынан айырғандары үшін (мысал адвокаттық қызметпен шұғылдану құқығынан), оларды тәрбиелеу және олар жағыннан істелінуі мумкін құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатына бағытталған болады.
2
Әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін төмендегі әкімшілік жаза түрлері қолданылу мумкін (2001 жылғы “Әкімшілік құқыбұзушылық туралы “ Қ . Р-сы Кодексі, 45 бап, “Егемен Қазақстан”, 13 ақпан 2001 жыл, № 31-34):
1) әкімшілік ескерту жасау;
2) әкімшілік айыпрұл салу;
3 ) әкімшілік құқықбұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою;
4 ) әкімшілік құқықбұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болван затты , әкімшілік құқықбұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді , ақшаны және құнды қағаздарды тәркілеу;
- арнаулы құқықтан айру;
- лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестанынан (куәліктен ) айру немесе қызметтің белгілі бір түріне не белгілібір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру;
- жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
- өз бетімен салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
- әкімшілік қамауға алу;
- шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қ . Р-сының шегінен әкімшілік жолмен кетіру.
Ескерту жасау (47 – б. ): болар болмас әкімшілік құқықбұзушылық жасаған адамдарға қолданылады. Ескерту жасау – қабілетті орган немесе лауазымды адаммен жазбаша қаулы шығару жолымен орындалады. Ауызша ескерту жасау жаза шарасы ретінде есептелмейді.
Айыппұл салу (48 – б.): ақшалай жаза түрі, айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай белгіленеді. Жеке адамға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің оннан бір бөлігінен, лауазымды адамдарға салынатын айыппұл– бес айлық есептік көрсеткіштен, ал заңды тұлғаға салынатын айыппұл – 20 айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды. Жеке адамға салынатын айыппұлдың мөлшерін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен, лауазымды адамға – төрт жүз айлық есептік көрсеткіштен , заңды тұлғаға – екі мың айлық көрсеткіштен асыруға болмайды.
Айыппұл мемлекеттік бюджет кірісіне алынады.
Айыппұл төленбесе , ол шарасыз тәртіппен азаматтың жалақысынан (стипендиядан , зейнетақысынан) ұстап қалады .Айыпкер істемеген жағдайда айыппұл сот арқылы мүлкінен өндіріп алу жолымен орындалады.
Айыппұл салу туралы қаулыға шағым арыз берілу мумкін . Шағым арыз қаулы шығарған орган немесе лауазымды адамға тапсырылганан кейін шағым арызды қарауға қабілетті органға немесе лауазымды адамға құжаттармен бірге тапсырылады .
Шағым арыз бойынша шешім 10 күнде шығарылуы тиіс . Айыппұлды төлеу қалай болса , ескіру мерзімінің өтуі де солай осы мерзімге тоқтатып тұрады .
Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою (49- б .) : -бұл затты сатудан кейін (сату қаражаты ұсталып қалганнан кейін ) бұрынғы иесіне сатқаннан түскен ақшаны берумен жүзеге асырылатын әкімшілік жаза. Мысал, бұндай шара спиртті ішімдіктерге қиянат етуші тұлғаларға олардың мылтықтарын алып қою кезінде қолданылады.
Әкімшілік құқықбұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болван затты , әкімшілік құқықбұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және құнды қағаздарды тәркілеу (50- б . ):
Әкімшілік құқықбұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты тәркілеу оларды заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне мәжбүрлеп тегін аударудан тұрады. Тәркілеу туралы қаулы, ал зат тәркілінетін күні – қаулының орындалуы туралы акті түзілуі тиіс. Актіде тәркілеудің негізі, оны өткізген тұлғалар және тәркіленген мүліктің толық тізімі туралы мәліметтер көрсетіледі. Актіге тәркілеуді өткізген тұлға, меншік иесі және күәлар қол қояды.
Арнаулы құқықтан айру ( 51 – б ): — бұл жаза тек судьямен қолданылады, негіз болып осы құқықты пайдалану тәртібін өреске немесе үнемі түрде бұзылғаны болады. Мысал, көлік құралын масаң күйде жүргізгені үшін қолданылуы мүмкін. Бірақ, осы құралды мүгедектігіне байланысты пайдаланатын адамға бұл жаза қолданылмайды . Аң аулау ( балық аулау ) өмір сүруінің негізгі заңды қайнар көзі болып табылатын адамдарға оның мылтығын, торын тәркілеу, бұл құқықтарынан айру жазалары қолданылмайды. Жазаның мерзімі 2 айдан кем, 2 жылдан көп болмауы тиіс.
Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (күәліктен) айру не белгілі бір қызмет түріне, не белгілі іс-әрекет жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру (52-б .): Бұл шараны судья қолданылу мүмкін . Жаза мерзімі – 6 айға дейін. Лицензиядан айру лицензиялау туралы заңдарда белгіленген тәртіппен өткізіледі.
Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру не оған тыйым салу (53-б . ), өз бетімен салып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау (54- б .), әкімшілік қамауға алу ( 55- б ) туралы жазаларды тек судья қолданылуы мүмкін. Әкімшілік қамау жүкті әйелдерге , және 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, он сегіз жасқа толмаған адамдарға, 1 және П топтағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегіз жастан асқан әйелдер мен 63 жастан асқан еркектерге қолданылмайды.
Әкімшілік қамауға алу – 15 тәулікке дейінгі, ал төтенше жадай режимының талаптарын бұзғаны үшін отыз тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Судья ғана қолданылуы мүмкін.
3
Әкімшілік жазаларды тарткызу ережелері әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің арнайы тарауымен бекітілген. Әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін белгіленетін жаза түрлері мен мөлшерлері Қ Р-сы заңдарында көзделгендермен ғана шектеледі.
Әкімшілік жаза тарқызуға қабілетті органдар мен лауазымды адамдар, егер :
- іс олардың құзыретінде болса;
- айыпкердің әрекеттерінде әкімшілік құқықбұзушылық құрамы болса ғана шара қолданылуға құқылы.
Әкімшілік жаза қолданылу кезінде жасалған құқықбұзушылықтың сипатын, бұзушының сипатын, кінәлілік дәрежесін, оның мүліктік жағдайын, жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын мән- жайларды есепке алу тиіс.
Жаупкершілікті жеңілдететін мән-жайлар деп:
- айыпкердің ақниеттілікпен мойындауы;
- айыпкермен құқықбұзушылықтың зиянды зардаптарын болдырмауы , залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірілген зиянды жоюы.
- кәмелет жасына толмаған адаммен жасалуы;
- құқықбұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен немесе ауыр жеке және отбасы жағдайлары салдарынан жасау;
- құқықбұзушылық жүкті әйелмен немесе 3 жасқа толмаған баласы бар әйелмен жасалуы;
- әкімшілік құқықбұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтиджесінде жасау;
- әкімшілік құқықбұзушылықты қажетті қорғанудың заңды шарттарын бұзу , құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаған адамды ұстау , бұйрықты немесе өкімді орындау кезінде жасау.
Ауырлататын мән-жайлардың тізімі Кодекстің 62-нші бабында танытылған
- уәкілетті адамдардың құқыққа қарсы мінез-құлықты тоқтатуды талап еткеніне қарамастан он жалғастыра беру;
- бұрын жасаған құқықбұзушылығы үшін әкімшілік жазаға дұшар болғаны , ол бойынша осы Кодекстің 66-ншы бабында көзделген мерзімі бітпеген адамның тектес әкімшілік құқықбұзушылықты бір жыл ішінде қайталау;
- кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқықбұзушылыққа тарту ;
- кінәлі адамның біле тұра аур психикалық аурумен ауратын адамдарды не әкімшілік жауаптылық туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкімшілік құқықбұзушылық жасауға тартуы ;
- ұлттық , нәсілдік және діни жек көрушілік немесе жауласушылық себебі бойынша басқа адамдардың заңды әрекеті үшін кек алу , сондай-ақ басқа құқықбұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында әкімшілік құқықбұзушылықты жасау;
- адамға немесе оның жақындарына қатысты белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты әкімшілік құқықбұзушылық жасау;
- кінәлі адамның біле тұра жүкті әйелдерге қатысты . сон дай-ақ жас балаға , басқа да қорғансыз немесе дәрменсіз адамға не кінәліге тәуелді адамға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық жасау;
- әкімшілік құқықбұзушылық адамдар тобымен жасалуы ;
- табиғи апат жағдайында немесе басқа төтенше жағдайлар кезінде әкімшілік құқықбұзушылық жасау;
- маскүнемдік , нашақорлық немесе уытқұмарлық масаю күйінде әкімшілік құқықбұзушылық жасау .Әкімшілік жаза қолданылатын судья , орган (лауазымды адам ) әкімшілік құқықбұзушылық сипатына қарай оның жауаптылықты ауыр- лататын мән-жай деп. танымауы мумкін.
4
Айыпкер әкімшілік жазаға құқықбұзушылық жасалған күннен бастап 2 ай өтпей тұрып тартылуы мүмкін.
Демек, аң аулау мылтығын тәркілеу туралы жаза мерзімі құқықбұзушылық болван күннің кейінгісінен басталып, соңғысы деп. тәркілеу туралы қаулы шығарылған күн есептеледі
Егер құқықбұзушылық бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылса , ал оның құрамында құқықбұзушылық болса , әкімшілік жаза осы қаулы шыққан күннен бастап бір ай өтпей қолданылуы тиіс.
Бұл жағдайда мерзім қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған күннің кейінгісінен басталып, құқықбұзушылық үшін құқықбұзушыға әкімшілік жаза қолданылуы туралы қаулы шығарылған күнімен аяқталады.
Солай етіп , құқықбұзушылықтың ескіру мерзімін анықтау үшін төмендегілерді есепке алуымыз тиіс:
- мерзім мөлшерін
- қайсы күннен мерзім есебі басталуын
- мерзім аяқталатын күнді
- мерзім өтуінің үзілістері .