Әкімшілік жауапкершілік және оның негіздері

1

Заңды жауапкершілік , соның қатарында әкімшілік жауапкершілік те мемлекеттің құқықбұзушылыққа қарсы жауабы болып , оның маңызы құқықбұзушы көпке танымалы азаптарға дұшар болу міндеттілігіннен тұрады .

Әкімшілік құқықбұзушылық жасау айыпкерлерге осыған қабілетті мемлекеттік органдармен қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасына әкеп соғады .

Әкімшілік жауапкершілік түрлері Президентпен, Парламентпен және Үкіметпен белгіленеді .

Әкімішілік жауапкершілікті ретке келтіруші нормативтік –құқықтық акті деп Қ Р-сы әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекс танылған. Кодекстің жалпы бөлімінде әкімшілік жауапкершілік институтының негізгі ережелері жазылып, арнайы болімінде — әкімшілік құқықбұзушылықтардың бөлінуі мен оларды істегендер ұшін әкімішілік жазалардың нақты түрлері белгіленген.

Жауапкершілікті жоятын немесе жеңілдік беретін актілер кері күшке ие. Демек, бұндай актілер шығар алдыннан да істелген құқықбұзушылықтарғатаратылады. Жауапкершілікті аурлататын актілер кері күшке ие болмайды.

Солай етіп, әкімшілік жауапкершілік бұл әкімшілік құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға қолданылатын әкімшілік жазалар болады. Сонымен бірдей, заңды жауапкершіліктің басқа түрлерінен айырмашылығында әкімшілік жауапкершілік өзіндік белгшілеріне ие : мысал , қылмыстық жауапкершіліктен оның айырмашылығы келесіде – ол тек сот пен ғана емес , бәлкім мемлекеттің басқа да өкілетті органдарымен қолданылуы мүмкін ; ол сотталғандыққа әкеп соқпайды ; оның ескіру мерзімінде және іс жүргізу ережелерінде де айырмашылықтары бар .

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға материлды зиян келтіруі шарт емес (ал азаматтық құқықтық процесте бұл белгі негізгілердің бірі болып тұрады ) .

Әкімшілік жауапкершілік барлық азаматтар үшін міндетті болып , олардың жұмыс істеу қызметінен тәуелсіз .

2

Әкімшілік құқықбұзушылық – бұл жалпы міндетті әкімшілік –құқықтық нормаларды бұзатын және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратын құқыққа қайшы , қоғамдық кауіпті , кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік болып тұрады .

Әрекет түріндегі әкімшілік құқықбұзушылық –бұл өзіне тиісті міндеттерді , заңды талаптарды белсенді орындамаушылық немесе тыйым салынған әрекеттерді жасау (көкнәр егу ) .

Әрекетсіздік болса міндеттерді пассивті түрде орындамаушылық болып тұрады .

Әкімшілік жауапкершіліктің негізі әкімшілік құқықбұзушылықты жасау фактісінің өзінде . Әкімшілік құқықбұзушылықтың белгілеріне : 1)құқыққа қайшылық ; 2) кінәлілік ; 3) әкімшілік жазалануға жату ; 4) қоғамдық кауіптілік кіреді .

Құқыққа қайшылық – бұл құқық нормаларын бұзатын әрекетті жасау .

Кінәлілік — әрекеттің кінәлілігі -оның қасахана немесе абайсыздықпен жасалуында . Айып бары — әкімшілік құқықбұзушылықтың міндетті белгісі .

Әкімшілік жазалануға жату –бұл заңдармен әкімшілік жауапкершілікке жатады деп көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылықты жасау .

Әкімшілік құқықбұзушылықтар қылмыстық құқықбұзушылықтармен бірдей объектілерге бағыттылған болып,( мысалы, бұзақылық , жол қозғалысы ережелерін бұзу ) олардан тек қоғамдық кауіптілік дәрежесімен ғана (ауыр болуымен ) ажыратылады.

3

Әкімшілік құқықбұзушылықтың барлық белгілері болғанымен, әрекетте әкімшілк бұзушылықтың құрамы болмауы мүмкін ( мысал, айыптының 16 жасқа толмауы ).

Әкімшілік құқықбұзушылық құрамы – бұл құқық нормаларымен анықталған, әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратын қоғамға кәуіпті әрекеттер белгілерінің бірлестігі.

Әрекет тек құқықбұзушылық құрамына кіретін барлық белгілері бар жағдайда ғана құқықбұзушылық деп есептеледі .Бұл белгілерге құқықбұзушылықтың объектісі, объектівтік жағы , субъектівтік жағы, субъектісі кіреді. Бұл элементтерден бірінің болмауы жалпы құрам болмауына әкеп соғады.

Әкімшілік құқықбұзушылықтың объектісі болып құқықтың әр түрлі салаларындағы нормаларымен ретке келтірілетін және әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар болып тұрады.

Объектівтік жағы әкімшілік құқықбұзушылықтың сыртқы корінісін, әрекеттің мазмұнын сипаттайды.

Көп жағдайларда құқықбұзушылықтың құрамындағы белгілер ерекше маңызға ие болады : істеу әдісі , жайы (қоғамдық жер, ұшақ іші ), уақыты (түнгі), келтірілген зиян мөлшері. Кейбір кездерде бұл әкімшілік немесе кылмыстық заң нормаларының колданылуын анықтайды.

Құқықбұзушылық субъектісі оны жасаған тұлға, басқа сөзбен айтқанда, осы құқықбұзушылық үшін заңдарға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға жататын тұлғалар болады.

Әкімшілк жауапкершілік субъектісінің жалпы және арнайы белгілері ажыратылады . Жалпы белгілер – бұл 16 жасқа толу және жауапты болуға қабілеттік . Әкімшілік жауапкершілікке тартылатын тұлға осы белгілерге ие болу тиіс.

Арнайы белгілерге ие субъекті арнайы субъекті болып есептеледі. Оны осы ретте жауапкершілікке тарту үшін құқықбұзушылық құрамына қосымша белгілер енгізіледі: 1) тұлғаның лауазымды адам болуы немесе оның қызмет түрі (лауазымды адам , автомобиль жұргізушісі ); 2) құқықтық статусының ерекшелігі (әскери, ата-ана, шетелдік болу ); 3) өткенде құқыққа қайшы мінез –құлқы (әкімшілік бақылаудағы тұлға ) болу .

Субъективтік жағы – бұл субъектінің жасалған құқықбұзушылыққа, онымен келтірілген зияндарға өзінің психологиялық қатынасы . Кінә қасахана немесе абайсыздық нысандарында болу мумкін .

Қасахана әрекет немесе әрекетсіздік – бұл әрекет жасаған тұлға оның сипатын, зиянды зардаптарын біле тұра, олардың жүзеге асуын тілей отырып немесе олардың болмай қоюын алдын ала біле тұра жасауы .

Әкімшілік құқықбұзушылық абайсыздықпен істелді деп тұлға істелетін іс-әрекеттің зиянды салдарының болу мумкін екенін алдын ала білседе менмендікпен ондай салдар болмас деп сеніп , немесе салдары болуы мумкін екенін болжап білмесе де , бірақ , оларды болжауға тиісті немесе болжай алатын болғанда танылады .

Кінә — субъектівтік жақтың міндетті белгісі . Құқықбұзушылықтың ниеті мен мақсаты , олар тек кейбір құрамдарда ғана көрсетілгені үшін факультативтік