1.
Басқару әдісі – бұл әкімшілік құқық субъектісінің кызметін ұйымдастырудың , басқару кезінде пайда болатын нақты мәселелерді шешудің , басқарудағылардың еркіне әсер етудің тәсілі.
Әкімшілік құқық субъектісінің қызметін ұйымдастыру – бұл құрамындағы бөлімшелерді қалыптастыру мен олар арасындағы функцияларды бөлу, оларды атқару билік органдарының жуйесіне енгізу , басқару процесті калыптастыру дегеніміз.
Басқару кезінде пайда болатын мәселелер министрмен, мемлекеттік комитет төрағасымен жеке немесе алқамен коллегияда , ғылыми — әдістемелік кеңесте шешілуі мумкін. Бұл шешімдер қаулы, бұйрық ,нұсқау нысандарында шығарылады.
Басқару әдістер басқару кезінде шешілетін нақты тапсырмалардың әсерімен қалыптасады.
2
Қоғам мен азаматтардың саяси, әлеуметтік – экономикалық және басқа да мудделері мен қажеттіктерін жүзеге асыру үшін атқару билік органдары субординация мен координация әкімшілік – құқықтық әдістерінен пайдаланылады. Субординация дегеніміз кіші кызметкерлердің өзінен жоғары кызметкерлерге қызмет бабында бағынуы болады. Субординация әдісіне төмендегі қаситтер тән :
-басқарудағыларға олардың құқықтары мен міндеттерін тікелей белгілеумен әсер етеді ;
-бағынышты басқару органның мәселені шешу әдісін немесе біржақты оның мінез – хұлқының нақты вариантын таңдау жолымен тапсырмаларды және оларды орындау тәртібі мен мерзімдерін белгілейді ;
-заңда белгіленген тәртіппен физикалық немесе заңды тұлғалардың құқықтарын қорғайды.
Солай етіп, бұл әдістің негізін заңи ықпал етудің өктем сипаты мен мемлекет беделі құрады.
Координация әдісі орталық атқару органдардың, басшы және лауазымды адамдардың басқару мәселелерді шешукезінде бір- бірімен үйлескен әрекеттер жасалуын қамтамасыз етумен сипатталады. Координация тек бір- біріне бағынбайтын өктемқабілетті органдар, қызметтер, лауазымды адамдар арасында ғана қолданылады. Әрекеттердің үйлесуін қажет ететін қайбір мәселелердің бүтін комплексін шешу шарасыз болған жағдайда координация мұқтаждық ретінде пайда болады. Координация шарттары жоғары орган құқықтық актісімен енгізілуі мүмкін (мысал, 19 февраль 1994 жылғы “Қылмыстықпен күресу бойынша Кеңесті құру туралы” ҚР – сы Президентінің жарлығымен бұл органға орталық атқару органдар азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша бір- бірімен үйлескен әрекеттер жасалуын қамтамасыз ету міндеті жүктелген).
Координация арқылы Әділет министрлігі физикалық және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ, міндеттерін іске асырудың мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Дегенмен, осындай өктем ұйғарымдар орган немесе лауазымды адамдардың тек есеп берушілігін ғана белгілеуден тұрмауы мүмкін.Мысал, көп министрліктер мен мекемелер өз қарауындағы орта мен жоғары оқу орындарына ие. Бірақ, жалгыз Білім және Ғылым министрлігі ғана олардағы оқу процесін ғылыми- әдістемелік қамтамасыз етуге, жалпы міндетті оқу стандарттарды орындау жөніндегі оқу орындардың әрекеттерін үйлестіруге (координациялауға) құқылы.
3
Атқару биліктің негізгі міндеті – заңдардың орындалуын қамтамасыз ету. Бұл тапсырма әр түрлі басқару нысандарда жүзеге асырылады.
Әкімшілік құқықта басқару нысаны деп әрекеттің (құжаттың) сыртқы көрінісі мен басқару нәтижелері айтылады. Басқару нысандары заңдарда белгіленеді. Құқықтық пен құқықтық емес нысандар ажыратылады:
Басқарудың құқықтық нысандарына :
- нормативтік құқықтық актілерді дайындау мен қабылдау;
- келісім жасау жатады.
Нормативтік құқықтық актілерді дайындау мен қабылдау –бұл атқару билік органдарының заңдармен ұйғарылған негізгі қызмет түрі. Өктем кабілеттілік сипаты әсіресе құқықтық нысандарда білдіріледі.
Нормативтік құқықтық актілерді дайындау, талқылау, қабылдау мен баспасөзден шыгару тәртібі заңдарда белгіленеді.Осы тәртіпті бұзу нормативтік құқықтық актісінің күшке ену және баспа сөзде шығарылу мүмкіндіктерін жояды.
Атқару- қарау қызметі өрісіндегі келісім жасау сияқты басқарудың құқықтық нысаны мемлекеттік басқару органдары іс-әрекетінің горизонталды денгейде үйлесуін қамтамасыз етудің, арнайы басқару еңбектің бірігуін жүзеге асырудың, ведомстволық быдыранқылықты басудың мумкіндігін береді.
Келісімде субъектілер еркіне мемлекетпен арнайы шығарылған ережелермен тыйым салынганына байланысты, ол жария мүдделер өрісінде қызмет етеді.
Басқарудың құқықтық емес нысандарына :
ұйымдастырушы және материалдық- техникалық іс-әрекет жатады.
Басқару органдардың ұйымдастырушы іс- әрекеті өз мақсаты бойынша құқықтық іс- әрекет мақсатына тура келеді, тек бұл мақсаттарға жету құралдары ғана әр түрлі.
Ұйымдастырушы іс — әрекет заңдар мен басқа актілердің мазмұндарын түсіндіру, қызметкерлердің, лауазымды адамдардың аттестациясын өткізу мен нұсқаулар беру, басқару органдардың жұмысын тексеру мен корытындылау, төменгі басқару органдардың басшыларын жоғары орган мәжілістеріне қатыстыру, екі министрлік коллегияларының біріктірілген отырысын өткізу, т. б. тұруы мумкін.
Материалдық- техникалық іс-әрекет органдар мен лауазымды адамдардың істерін ақпараттық- мәліметтік камтамасыз етуді жүргізуден, іс жүргізуден, есепке- тіәркеуге алу жұмыстарыннан, қабылданған шешімдер негізінде қажетті құжаттарды ресімдеуден (реестрге енгізуден,тіркеу нөмірін көрсетуден , т.б.).
Бұл әрекеттерді жүзеге асыру тәртібі арнайы өкілеттіктері бар органдармен қалай болса, министрлік пен мекемелердің актілерімен де солай белгіленуі мумкін (мысал, нұсқаулармен, ережелермен).