1
Қазақстан мемлекеті басының құқықтық орны Конституцияда, “Қазақстан Республикасы Президенті туралы” 1995 жылғы 26 декабрь күнгі Заң күшіндегі Президент жарлығында белгіленген.
Әрекеттегі заңдар бойынша Президент Қазақстан Республикасының басы, оның ең жоғары лауазымды адамы болып тұрады. Халықтың бірлігі мен мемлекеттік биліктің, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының рәмзі әрі кепілдеушісі болып тұрған Президент мемлекеттік биліктің барлық тарауларының келісілген уәзіптенуін, сондай-ақ билік органдарының халық алдында жауаптылығын қамтамасыз етеді.
Президент болу үшін кандидат Конституцияда көрсетілген төмендегі талаптарға жауап беруі тиіс: Қ Р-сы азаматы болу; Қ Р-сында 15 жылдан кем жасамау; мемлекеттік тілде еркін сөйлеу білу; жасы 35-тен кіші болмау; осы лауазымда қатарынан екі мерзімнен көп болмау.
Президентікке тағайындау бұкіл халықтық, құпия дауыс беру, жалпы, тең, тікелей сайлаумен, 7 жыл мерзіміне болады.
Ол лауазымына январь айының екінші сәрсенбі қүні ант бергеніннен кейін кіріседі. Мемлекет басы міндеттерін атқаруы үшін заңдарда құқықтық, ұйымдастырушы, әлеуметтік кепілдер белгіленеді.
Құқықтық кепілдер Президенттің төмендегі қабілеттіктерінде:
-халық пен мемлекет атынан шығу;
-халықтың бірлігі мен мемлекеттік биліктің, Конституция тұрақтылығының кепілі болу;
-мемлекеттік билік барлық тарауларының үйлескен уәзіптенуін қамтамасыз ету;
-Конституцияның 44-інші бабында бекітілген кең өкілеттіктерге ие болу құқығында.
Ұйымдастырушы кепілдер Президенттің:
-Парламент сайлауын тағайындау;
-Конституциямен белгіленген кездерде және тәртіппен Парламент пен Ұкіметтің өкілеттіктерін мерзімінен алдын тоқтату;
-Ұлттық қәүіпсіздік Комитетін, т. б. органдарды құру мен қайта құру мүмкіндіктерінде.
Әлеүметтік кепілдер: Президенттің және отбасы мүшелерінің намыстары мен мәртебелерін қорғаудан, мемлекет есебінен қызмет көрсетуден, оның жеке тұлғасын қорғаудан тұрады.
Конституцияның 47-інші бабында белгіленген жағдайда Парламент Президентті лауазымынан айыруы мүмкін.
2
Қазақстан Р-сында атқару билікті жүзеге асыруды басқаратын орган болып Ұкімет тұрады. Конституцияға сәйкес ол атқару билік органдардың жүйесіне жетекшілік етеді. (“Ұкімет туралы” Қ Р-ының Конституциялық заңы,18.12.95 жылғы, ВВС,1995 жыл, № 23, стр. 145).
Ұкімет – бұл құрамында премьер – министр, оның мүшелері (орынбасарлары, министрлер, мемлекеттік комитеттер төрағалары) болатын алқа орган. Ол Президентпен құрылады, қызметі бойынша Президент алдында жауапты, сондай- ақ , Парламентке есеп береді. Өкілеттік мерзімі Президент өкілеттіктерімен бірдей. (“О структуре Правительства”, Указ Президента РК от 22.01. 1999 года, Каз.правда, 1999 года, 23 января).
Атқару билікке тиісті мәселелерді шешу үшін Ұкіметке төмендегі өкілеттіктер берілген: әлеуметтік- экономикалық саясттың, қауіпсіздіктің негізгі бағыттарын істеп шығу; қоғамдық тәртіп сақтау, қорғаныс қабілеттігін қамтамасыз ету және бұл бағыттардағы тапсырмаларды орындау үшін жергілікті және орталық атқарушы органдарға басшылық ету;
- республикалық бюджетті дайындау менПарламентке ұсыну, оның атқарылуын қамтамасыз ету және бұл жөнде есеп беру;
- мемлекеттік меншікті басқару;
— Мәжіліске заң жобаларын ұсыну және олардың орындалуын қамтамасыз ету ;
— сырткы саясат жүргізу бойынша шараларды істеп шығу.
Атқару биліктің нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін Ұкіметке құқықтық, ұйымдастырушы және әлеуметтік кепілдер берілген құқықтық кепілдер :
-Ұкімет өз қызметін Қ Р- сы Конституциясы мен заңдары, сондай- ақ билік тарауларын ажырату принципі негізінде жүзеге асырады;
-өз өкілеттіктері шегінде республиканың барлық аумағына миндетті қаулылар шығарады;
- билік ресурстарына (экономикалық, қаржылық, кадр, ақпараттық ресурстарға ) карайды.
Ұйымдастырушы кепілдер:
- атқару биліктің органдарын басқару ;
- Ұкімет аппаратын құру мүмкіндіктерінде.
Әлеуметтік кепілдер:
— мемлекеттік бюджет есебінен еңбек жалақысын төлеуді белгілеужәне оны қамтамасыз етуде;
- басқа әлеуметтік төлеулер (выплаты) болында. 3
Министрлік, мемлекеттік комитет , мекеме – атқару биліктің мемлекеттік органдары жүйесіне жатады.Қ Р- сы заңдарында олар атқару биліктің орталық органдары деп белгіленген.
Министрлік – мемлекеттік органдардыңең тұрақты нысаны. Олар әкімшілік-саяси, экономикалық және әлеуметтік – мәдениеттік орістердегі салалармен мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.
Мемлекеттік комитет – салааралық басқаруды камтамасыз ететін органдар болып тұрады. Оларға мысал, статистика және талдау бойынша Мемлекеттік комитет , нарық және монополияға қарсы Мемлекеттік комитет жатады.
Министрлік пен мемлекеттік комитет бір – біріне қайта ұйымдастырылу мумкін. Олардың құрылымдарында бірәз басқарма , бөлім, департаменттер және басқа бөлімшелер болады.
Министрлік пен мемлекеттік комитеттер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына , заңды мүдделеріне тиетін, шектейтін , тыййм салатын, жағдайларын ауырлататын) нормативтік актілер шығаратын болса, бұл актілер Әділет министрлігінің тіркеуінен өтуге және баспа сөзде жариялануға жатады.
Мекеме – бұл министрлік пен мемлекеттік комитет құрылымындағы салаара басқаруды жүзеге асыратын орган. Көбінше олар рұқсат ету, бақылау, тіркеу, лицензия беру, қадағалау бойынша миндетттерді жүзеге асырады. Олар өз атынан құқықтық акті шағара алмайды ( мысал , ІІМ МАИ басқармасы ).
Жоғарыда айтылған органдардың атқаратын функциялары, кұзыреті тиісті заңдарда және заң негізінде шығарылатын актілерде анықталады.
4
Атқару биліктің жалпы мемлекеттік саясаты әкімдермен басқарылатын жергілікті орган, бөлім, басқарма және басқа бөлімшелермен жүзеге асырылады.
Жергілікті атқару органдарының іс- әрекеті төмендегі принциптерге негізделеді :
- Президентке , Ұкіметке , өзінен жоғары әкімшілік басшыларға есеп беру;
- қарауындағы мәселелер бойынша жергілікті өкілетті орган бақылауы ;
- заңдылық ;
- жеке дара басшылық (единоначалие)
- азаматтардың құқықтарын , бостандықтарын және заңды мудделерін қамтамасыз ету ;
- өз кұзыреті шектерінде дербестігі мен тәүелсіздігі ;
- өз іс- әрекеті мен қабылданған шешімдері үшін жауаптылық .
Бұл органдардың әкімшілік- құқықтық статусы Қ Р –сы Конституциясы мен заңдар негізінде шығарылатынактілерде анықталады.
Әкімнің ұйымдастырушы , құқықтық және материалдық –техникалық іс- әрекетін камтамасыз ету үшін әкімшілік аппараты құрылады. Облыс және республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерін премьер- министр ұсынысымен Президент тағайындайды және лауазымдарынан босатады. Барлық әкімдер тиісті аумаққа орындалуы міндетті шешімдер қабылдайды .
Әкімдердің іс — әрекеті негізгі бағыттары төмендегідей болады :
- аумақтық экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын дайындау мен оларды маслихатта бекітү.
- маслихатта бюджет жобасын бекіту мен оның орындалуын қамтамасыз ету;
- қарауындағы басшыларды тағайындау ;
- Қ Р- сының жер туралы заңдарына сүйене жер жөніндегі қатынастарды реттеу.
- әкімшілік аппаратының штаттарын, жалақы төлеу шарттарын белгілеу және оларды қамтамасыз ету.
Әкім оның қарауына берілген мәселелер бойынша шешім мен өкім шығара алады.
Жергілікті билікпен шығарылған нормативтік актілер Қ Р – сы Конституциясына және басқа әрекеттегі заңдарына сәйкес келуі шарт.