Әкімшілік – құқықтық нормалар мен қатынастар

Құқықтың кез келген саласындай әкімшілік құқық та заң нормаларынан тұрады. Өз пәнімен және әдісімен бірлестірілген реттеуші нормалардан тұратын құқықтың институттары құрылады. Өз кезегінде, құқықтық институттардан бүтін құқықтық саланың жүйесі құрылады.

Әкімшілік-құқықтық нормалар атқару билікті жүзеге асыру процесімен байланысты болады. Әдебиетте “билік” түсінігі дегенде, басқа субъектілердің еркін өзіне бағындыру құқығы мен мумкіндігі танылады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл басқа субъектілерден белгілі әрекет етуді немесе құқық бұзушы әркеттерді тоқтатылуын талап ету құқығы мен мумкіндік.

Өктем субъектінің (атқару билік органының) өз еркін басқаға зорлап міндеттеуі құқықтық катынастарда жүзеге асырылады. Дәл осы қатынастардың түрі әкімшілік-құқықтық нормалармен реттеледі. Егер осындай реттеуші нормалар болмаса, бұл билік органдарының зорлық-зомбылығына әкеп соқтырған болар еді.

Әкімшілік құқық нормаларының күші тек олардың мемлекет жағынан өктем сүйеінде ғана емес, бәлкім осы нормалардың мақсатқа сәйкестігінде де болады. Олардың осы қасиеті жария мүдделерді заңды приоритет есебінде сақтауға және қоғамдағы әлеуметтік сүйеуге ие болуға мумкіндік береді.

Атқару билікті жүзеге асыру тиісті нормалармен реттелетін құқық саласындағы бағынышты адамдардың еркі иесіздендірілүіне әкеп соғады. Мысал, әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің шығарылуы осы кодекспен реттелетін іс-әрекет пен қатынастардағы азаматтардың еркін шектеп кояды. Делік, азаматтардың (физикалық тұлға ретінде) мүдделерін қорғау, олардың кәүіпсіздігін және құқықтық тәртіпті сақтау мәселелері жөнінде мемлекет өз еркін білдіруі нәтижесінде (тиісті нормаларды шығаруы арқылы) азаматтар өздерінің күш мүмкіндіктеріне және жеке сенімдеріне сәйкес өздерін қорғау еркі иесіздендіріледі. Бірақ, дәл осы нормаларды шығаруымен адамның және азаматтың сол құқық саласындағы құқықтырын қорғау міндетін мемлекеттік билік өзіне жүктейді.

Солай етіп, мемлекеттік билік әкімшілік-құқықтық нормалары арқылы азаматтарды субъективтік құқықтарынан иесіздендіргені өмірде пайда болатын тартысулар мен соғылысуларды цивилизациялық нысанда шешуге бағытталғанын білдіреді.

Әкімшілік-құқықтық норма –бұл мемлекеттің өктем (заңшығару, атқару) органдары жағынан орнатылған және атқару билік саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуші, тиісті, заңды рұқсат етілген жүріс-тұрыс ережелері.

Әкімшілік-құқықтық нормалар төмендегі талаптарға жауап беру тиіс:

-заңшығару мен атқару органдардың өктем еркін білдіру нәтижесі болу;

-мемлекет мүдделерін заң приоритеті есебінде белгілей отырып, тиісті жүріс-тұрыс ережелерді анықтау;

-жалпы міндетті сипатта болу;

-мемлекет мойындайтын қайнар көздерде шығу.

2

Әкімшілік-құқықтық нормалар әр түрлі критерийлер бойынша бөлінуі мүмкін, мысал, төмендегідей:1)мазмұны; 2)субъектілердің жүріс-тұрысына ықпал ету жолдары; 3)мақсаты (тағайындалуы); 4)қолдану өрісі; 5)заң күші; 6)кеңістік, уақыт, субъектілер бойынша ықпал етудің шектері бойынша бөлінеді.

Мазмұны бойынша нормаларды: материалды мен іс жургізу нормаларға ажыратамыз Материалды нормалар азаматтардың, ұйымдардың, атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық статусын белгілейді. Мысал, олар атқарушы биліктің ол немесе басқа суъектісінің құзыретін, сондай-ақ, басқа да әкімшілік құқықтың нормаларымен реттелетін қатынастар катысушыларының құқықтарын, міндеттерін және жауаптылығын анықтайды.

Іс жүргізу норма дегенде мемлекетпен орнатылған немесе бекітілген материалды нормаларды колдану процесіндегі қатынастарды жүзеге асырудың және нормативтік актілерді шығарудың қағидалары түсініледі.

Іс жүргізу нормалар материалдылардан төмендегілерімен ажыратылады: а) өзінің тағайындалуымен; б) олар тек материалды нормаларды қолдану тәртібін реттеу кажеттігіне бола шығарылады (олардың өзіндік мәні болмайды); в) құрметтеуді талап етуді ғана емес, бәлкім міндетті қолдануды талап ететін материалды нормаларды жүзеге асырады; г) тек әкімшілік емес, бәлкім басқа құқық саласы нормаларын қолдану бойынша да қатынастарды реттейді.

Субъектілердің жүріс-тұрысына ықпал ету жолдары бойынша нормалар: міндеттеуші, тыйым салушы мен рұқсат етушілерге бөлінеді. Міндеттеушілерге тұлғалардың анық, жағымды әрекеттерді іске асыруын белгілеуші нормалар жатады.Тыйым салушыларға — белгілі шарттарда ол немесе басқа әрекеттерді іске асыруға тыйым салушы нормалар жатады (мысал,құқықбұзушылық белгісі бар әрекет жасауға тыйым салушы нормалар). Рұқсат етушілерге — өз шеңберінде субъектіге белгілі бірнеше жүріс-тұрыс варианттарынан біреуін таңдауға мүмкіндік беретін нормалар жатады (мысал, өртке қарсы инспекция кызметкері жасаған құқықбұзушылығы үшін мекеме басшысына айыппұл салуды немесе материалдарды прокуратура органдарына жіберуді қолданылуы мумкін).

Мақсаты (тағайындалуы)бойынша нормалар реттеуші мен қорғаушыларға бөлінеді: реттеуші норма – бұл белгілі мемлекеттік басқару өрісінде субъектілерге құқық беруші немесе міндеттерді жүктеуші нормалар. Қоргаушы нормалар – бұл құқықбұзушылықтың құқықтық зардаптарын (жаза шараларын) белгілеуші нормалар.

Заң күші бойынша нормалар заңшыгару мен заңдарды жүзеге асырушы нормаларға бөлінеді. Заңшығару нормаларға Парламентпен шығарылған заңдар, Президенттің заң күшіндегі жарлықтар нормалары жатады. Нормалар жалпы және арнайыларга бөлінуі мумкін: жалпы нормалар азаматтардың баршасына жатады, ал, мысалы, әкімшілік бақылаудағы адамның жауапкершілігін белгілеуші нормалар арнайыларға жатады.

Қолдану өрісі бойынша нормалар: атқару билік органдарының, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерінің, қоғамдық бірлестіктерінің, мемлекеттік қызметкерлердің, азаматтардың ұйымдастыру мен іс-әрекеттерін белгілейтін нормаларға бөлінеді.

Кеңістік, уақыт, субъектілерге ықпал етудің шектері бойынша нормалар жалпы міндеттілер мен жүйе ішіндегілерге бөлінеді (соңғылары – тек бағынышты субъектілер ушін ғана міндетті).

3

Әкімшілік-құқықтық қатынастар –бұл әкімшілік құқықтың нормаларымен ретке келтірілетін мемлекет басқару өрісіндегі қоғамдық қатынастар.

Өз кызметі процесінде атқрушы билік органдары мүдделері бірдей болмайтын көпшілік субъектілермен әрекеттеседі. Осы субъектілер қатынастары әкімшілік құқықтың пәні болғаны ұшін, олардың жалпы жүріс-тұрысының ережелерін, соларды қолдану тәртібін, сондай-ақ қатынастардың үйлескен жүйесін табу мақсатқа сәйкес.

Табиғи талап, қатынастардың екі тарапы да әкімшілік құқықтың субъектілері болып, заң алдында тең болуы және оның талаптарын орындауы тиіс.

Әкімшілік құқық субъектілерінің жалпы императивтік (сөзсіз,үзілді-кесілді) жүріс-тұрыс ережелерін орнатуда және қамтамасыз етуде , заң нормаларымен бекітілген құқықтық қатынастардың тұрақтылығында мұқтаждық әкімшілік құқық қатынастарының өктем табиғатына себепші болады.

Солай етіп,әкімшілік-құқықтық қатынастардың өктем табиғатына субъектілердің әр түрлі мүдделері мен мұқтаждықтарын реттеу қажеттілігі себепші болады. Мысал, жалпы міндетті жол әрекет қағидаларын енгізу өмірдің талабы десек болады, өйткені оларды жеке адамдар арасында жасалатын келісімдер арқылы орнатудың мүмкіндігі жоқ.

Субъектілердің заң алдында теңдігіне карамастан, заңды орындауға бағытталған әкімшілік –құқықтық қатынастар пайда болуының бастамашысы болып басқару органдар немесе қарау сипаттағы өкілеттіктерге ие лауазымды адамдар тұрады. Дегенмен, әкімшілік бақылаудың қағидалары осы жөндегі қатынастардың екі тарапына да бірдей тиесілі: олар бақылаудагы адаммен де, олардың сакталуын қадағалаушы полиция қызметкерімен де орындалуы тиіс.

Әкімшілк-құқықтық қатынастардың нормаларын бұзу мемлекет алдындағы жауапкершілікке әкеп соғады, ал туындайтын тартысулар мен басқа мәселелердің шешілуі , әдетте, әкімшілік тәртіппен жүзеге асырылады.

Заңда белгіленбеген детальдар субъектілердің еркімен толықтырылатын азаматтық-құқықтық қатынастардан айырмашылығында әкімшілік-құқықтық қатынастарда анық ережелер мен оларды жүзеге асырушы процедуралар анықталуы талап етіледі. Мысалы, жол әрекеті қағидаларын бұзушыларға МАИ қызметкерлерімен салынатын айыппұл мөлшері мен оны алу процедурасы анық белгіленуі тиіс. Әкімшілік –құқықтық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттері олардың қалауына қарай өзгертілуі мүмкін емес.

Әкімшілік –құқықтық қатынастар әр түрлі болады, олардың түрлерге бөлінуі құқықтық нормалар бөлінуіне сәйкес болады.

Мысал, нормаларға уқсас субъектілердің жүріс-тұрысына ықпал етудің әдісінен тәүелді қатынастар да міндеттеуші, тыйым салушы мен рұқсат етушілерге бөлінеді. Нормалардың функциясынан тәүелді құқықтық қатынастар реттеуші мен қорғаушыларға бөлінеді.

Құқықтық қатынастар вертикалды мен горизонталдыларға, аппарат ішіндегі мен аппараттан сырт қатынастарға, т.б. бөлінеді.

Әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне және олардың жойылуына негіз болып заңды фактілер тұрады. Заңды фактілер –бұл тараптар арасында құқықтық қатынастар пайда болуының мән-жайлары (нормалармен белгіленуі тиіис). Заңды фактілер әрекеттер мен оқиғаларға бөлінеді.

Әрекеттер- бұл субъектінің еркін білдіретін, әкімшілік қатынастардың пайда болуына, жауапкершілікке әкеп соқтыратын актілер. Олар құқылы (правомерный) (мысал, арыз беру), немесе құқыққа қайшы (мысал,салык толеуден кашу) әрекеттерге бөлінеді.

Оқиғалар-әректтерден айырмашылығында , субъектілердің еркінен тәүелсіз болады . Оларға туылу, өлу фактілері, қай бір жасқа жету жатады.Туылу және өлу уақыты-бұл азаматтардың әкімшілік өкілеттіктері пайда болу немесе жойылуына байланысты заңды фактілер.

Әкімшілік құқыққабілеттілік- бұл әкімшілік құқық субъектісі болу қабілеттілігі (мемлекет мойындаған және заңда белгіленген болу тиіс).

Әкімшілік әрекетқабілеттілік –бұл әкімшілік заңшығарумен ескерілген өз әрекеттерімен құқықтарына ие болу және міндеттерін орындау қабілеттігі. Толык әрекетқабілеттілік 18 жастан, жарым -жартылайы 18-ге дейін беріледі. Әкімшілік құқықбұзушылық ушін жауапкер болу қабілеттілігі (деликтқабілеттілік) тек 16 жасқа толған тұлғада ғана туындауы мүмкін.

Әрекетқабілеттілік заңда анық және тікелей көрсетілген мән-жайлармен ғана шектелуі мумкін (рухани кесел, сот ұкімі т.б.).

Құқықтық қатынастардың құрамы үш элементтен тұрады:

1).Субъектіден: құқықтар мен міндеттерге ие құқықтық қатынастардың қатысушысы.

2).Объектіден: мемлекет басқару өрісіндегі тәртіптілік пен үйлесімділік;

3).материалдық мазмұны: тараптардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырушы тұлғалардың нақты әрекеттері .

4

Әкімішілік құқықтың қайнар көздері, олардыњ түрлері:

Әкімішілік құқыктың қайнар көздері деп мемлекеттік билік ресми мойындаған басқару қатынастардағы субъектілердің жүріс-тұрыс ережелерін білдіру мен бекітудің сыртқы нысандары айтылады.

Оларға мемлекеттік биліктің әр түрлі органдарының нормативтік актілері жатады. Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне бірнеше міндетті белгілер тән:

-белгілі субъектілер тобымен орындалуы міндетті болатын бір немесе бірнеше жүріс-тұрыс ережелері болуы;

-мемлекеттік билікпен ресми түрде мойындалуы ;

-қалыптасқан,әрекеттегі құқықтық жүйенің шеңберінен аспау, құқықтық саланың доктринасына сай болу;

-субъектілердің заңды әрекеттеріне негіз болу және жиі қолданылу.

Заң әдебиетінде әр түрлі авторлар құқықтың қайнар көздеріне жалпы алғанда төмендегі алты нысанды жаткызады:

  1. Құқықтық әдет- қоғамда мемлекеттік билік араласуынсыз қалыптасқан және көп қайтарылу нәтижесінде азаматтардың санасына сінген жүріс-тұрыс ережелері- құқықтық әдет мемлекет пен құқық дамуының ертедегі сатыларында аса маңызды болған . Дегенмен , 27 декабрь 1994 жылы қабылданған Қ Р –сы Азаматтық кодексінде(3-нши бап) құқықтық әдет құқықтың қайнар көздері арасында аталып өткен.

2.Соттық прецедент – бұл нақты іс бойынша сотпен қабылданған және барлық ұқсас (аналогичный) істерді сотта қарау кезінде колдануға міндетті болып есептелетін шешім. Әкімішілік құқықтың қайнар көзі ретінде англ-сакстардың құқықтық жүйесінде кең қолданылады. Қазақстанда құқықтың қайнар көзі ретінде мойындалмаған.

  1. Сот тәжрибесінің қорытындылары — егер республиканың Жоғары Соты Пленумының қаулысымен ресмилендірілсе, олар құқықтың қайнар көзі есебінде мойындалады. Сот тәжрибесінің корытындылары шығарылған нормативтік актілерінің кемшіліктерін толықтыруда және нормаларды жетілдіруде , нақтылауда аса маңызды болады. Соттардың іс-әрекеті , заң шығаруы, заң ғылымы оларсыз дамуы мүмкін емес.
  2. Ғылыми–құқықтық доктрина — бұл құқықтың қайбір саласында немесе бұкіл құқық та жалпы мойындалған көзқарастардың, ережелердің және принциптердің жүйесі.

Құқықтық доктринаның ережелеріне сүйене, құқықшығарушылық (правотворчество) іс-әрекетінде, қолданылу кезінде заңның баптарын талқылау, құқықтағы кемшіліктерді толықтыру жузеге асырылады. Дегенмен, бұл функцияларына қарамай, ғылыми құқықтық доктрина әкімішілік құқықтың қайнар көздеріне жатпайды. Өйткені, біріншіден, ол жетерлі дәрежеде нақты емес- одан жүріс-тұрыс ережелерін іздеп табу өте күрделі болады. Екіншіден, ол мемлекеттік билікпен ресми қайнар көзі есебінде мойындалмайды, басқа құқықтың ресми мойындалған қайнар көзі көрсетілмесе, оның негізінде ғана шығарылған шешім заң күшіне ие болмайды.

Қ Р-сында әкімішілік құқық ресми мойындаған қайнар көздері ретінде төмендегі нысандары белгіленген:

  1. Нормативтік акті – бұл мемлекеттік органмен белгіленген тәртіпте қабылданатын және өзіне құқықтық нормаларды қосатын немесе әрекеттегі нормаларды жоятын (өзгертетін) акті. Ол қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің негізгі құралы болып тұрады.
  2. Шарт — бұл екі немесе одан көп субъектілердің, тек өздері үшін ғана міндетті жүріс-тұрыс ережелерін белгілеуші бітім. Горизонтальды (теңқұқықты) құқықтық қатынастардың өркендеуіне байланысты, шарттың қолданылу өрісі кеңее барады. Осыган сәйкес, оның құқықтың қайнар көздері арасындағы маңызы арта барады.

Әкімішілік құқықтың қайнар көзі деп атқарушы іс-әрекет өрісіндегі құқық нормаларын талдап қорытушы, сондай-ақ субъектілердің қоғамдық қатынастарын ретке келтіруші құжаттың құқықтық нысанын айтамыз. Нормативтік акті (мысалы, оларға Қ Р-сы Конституциясы , Азаматтық кодексі, Парламент заңдары, Жарлықтар мен қаулылар жатады)- бұл құқық нормасын камтитын, атқару билік өкілетті органымен белгіленген тәртіппен шығарылған акті.

Нормативтік акті басқару өрісіндегі қатынастарды ретке келтірудің негізгі жолы болып тұр. Жоғарыда айтылғандай, К Р-сында әкімішілік құқық қайнар көздері болып көп нормативтік актілер әрекетте. Олардың негізгі турлері төмендегідей болады:

1)Қ Р-сының 1995 жылғы Конституциясы;

2)Қ Р-сының 2001 жылғы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі мен Азаматтық кодексі;

3)Парламентпен шығарылған немесе референдум тәртіппен қабылданған заңдар. Олар атқару-қарау іс-әрекетінің негіздерін, оның принициптерін, басқару органдарының тізімін және олардың өкілеттіктерін (құзыретін) белгілейді.

4)Заң негізінде шығарылған нормативтік актілер -әрекеттегі заңшығарудың кемістіктерін жетілдіру және заңдарды жүзеге асыру үшін шығарылады, мысалы, кейбір көбірек вертикалды құқықтық катынастарды (өзара бағыныштылығы бар органдардың, субъектілердің арасындағы қатынастарды )реттеуге сәйкестендірілген.

Бір-біріне бағыныштылығы жоқ әкімішілік құқық субъектілерінің қатынастарын ретке келтіру үшін жиірек шарт нысаны қолданылады.

Нормативтік актілер мен шарттар арасындағы айырмашылық келесіде:

1)Шарттарда белгіленген жүріс-тұрыс ережелері тек оны тузген тараптар ушін ғана міндетті болады;

2)Шарт субъектілері өзара теңқұқылы болады.