Дипломатиялық құқық

Дипломатиялық және консулдық құқық – халықаралық құқық субъектілерінің арасында, олардың сыртқы байланыс органдарымен орнатылатын және қамтамасыз етілетін, ресми байланыстар мен қатынастарды реттейтін қағидаттар мен ережелерді қамтитын халықаралық жария құқықтың бөлімі.

Дипломатиялық және консулдық құқық негізінен мемлекеттердің сыртқы байланыс огандарының және осы орган қызметкерлерінің құқықтық жағдайы мен қызметін, сондай-ақ үкіметаралық ұйымдардың және олардың қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы мәселелерді реттейді.

Ерте заманның өзінде-ақ халықаралық құқықта мемлекеттің немесе олардың органдары өкілдерінің жағдайы мен қызметін, халықаралық қарым-қатынас процесінде олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және өкілдік ету мақсатында, олардың арасындағы ресми байланыстарды реттеуге бағытталған ережелер болған. Осылайша ерте заманда басқа мемлекеттерге жіберілетін елшілер институты пайда болды. Онымен бірге дипломатиялық құқықтың алғашқы ережелері де дүниеге келе бастады. Оладың ішіндегі ең алғашқысы елшілерге қол сұқпаушылық ережелері. Дипломатиялық құқық Еуропа мемлекеттерінде тұрақты дипломатиялық өкілдіктер құрыла бастағанда, яғни XVI – XVIII ғғ. Белсенді түрде дами түсті.

Тұрақты консулдар институты Ежелгі Грекияда пайда болып, ол орта ғасырларда белсенді түрде дамыған және алғашқы консулдық құқық ережелерінің дүниеге келуіне негіз болды.

Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін дипломатиялық және консулдық құқық негізінен жай ережелерден және мынадай халықаралық келісімдерден құралады: 1815 ж. Вена Когресінде қабылданған Вена регламенті, ол дипломатиялық өккілдіктер сыныбынан бекітті; 1911 ж. Консулдық функцилар туралы Каракас Ковенциясы; 1928 ж. Дипломатиялық шенеуніктер туралы Гавана Конвенциясы;

Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін, БҰҰ-ның құрылуымен және оның жарғысында халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары анықаталғаннан кейін, БҰҰ Бас Ассамблеясы құрылған соң 1947 ж. Халықаралық құқық Комиссиясының бастауымен дипломатиялық және консулдық құқықтың белсенді түрде дамуы бастау алады.

Мынадай аса маңызды халықаралық құқықтық актілер қабылданды: 1946 ж. БҰҰ- ның артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенция және 1947 ж. БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенциясы; 1961 ж. Дипломатиялық қатынастар туралы Вена Ковенциясы; 1963 ж. Косулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясы; 1969 ж. Арнайы миссиялар туралы Конвенция; 1973 ж. Халықаралық қорғаудағы тұлғаларға, оның ішінде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстарды тоқтату және жазалау туралы Конвенция; 1975 ж. әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдармен қатынасқа түсетін мемлекеттердің өкілдіктері туралы Вена Конвенциясы.

Қазіргі таңда дипломатиялық және консулдық құқық, жүйелеу және үдемелі даму тұрғысынан алғанда, халықаралық құқықтың бір ретке келтірілген саласы болып табылады.

Сыртқы саясат және дипломатия. “Дипломатия” термині мемлекеттердің сыртқы қатынастар органдары қызметінің ерекше нысанының белгісі ретінде Батыс Еуропада XVIII ғ. соңынан бастап белсенді түрде қолданыла бастады.

“Дипломат”, “дипломатия” терминдері грек- латынның “дипломат” сөзінен шықты. Солай көне елшілер үшін (қуғыншыны, қонақтарды, және басқаларды) олардың өкілеттіктерін бекіткен, сенім грамотасының қызметін атқарған, қосарланған металл тақтайды атайтын.

“Дипломатия” мен “сыртқы саясат” ұғымдарын ажырата білген жөн.

Сыртқы саясат – ол мемлекеттің халықаралық істердегі жалпы бағыты. Ол мемлекеттің мақсаты мен міндеттерін, халықаралық қатынастағы оның қызмет бағытын, сонымен қатар, осы қызметтің нысандары мен тәсілдерін анықтайды.

“Дипломатия” “сыртқы саясатқа” қарағанда ұғымы тарлау, өйткені ол соңғыны жүргізудің бір тәсілі болып табылады.

“Дипломатия” сөзінің біренше мағынасы бар. Біріншіден, бұл “шешілетін мәселеніңсипаты мен нақты жағдайлары ескерілетін, әскери емес, тәжірибелік іс-шаралар, әдістер мен тәсілдердің жиынтығын білдіретін мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асыратын құралы”; екіншіден, бұл “мемлекеттің сыртқы саясатының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда мемлекеттің, оның мекемелерінің және шетелдегі азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауда мемлекет және үкімет басшыларының, сыртқы істер министірінің, сыртқы істер ведомстваларының, шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің, делегация басшыларының халықаралық конференциядағыресми қызметі”.

Диплматиялық құқық ұғымы. Дипломатиялық құқық – халықаралық құқықтың ең бір маңызды және көне салаларының бірі. Дипломатиялық құқық- мемлекеттер арасында және халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасында сыртқы қатынасқа түсу органдарымен бекітілген және қолдау табатын ресми байланыс пен қатынасты реттейтін халықаралық – құқықтық нормаларының жиынтығы.

Дипломатиялық құқықтың қайнар көзі – көпжақты және екі жақты шарттар, әдет-ғұрып. Дипломатиялық құқықтың қайнар көзінің ерекшелігі әдет-ғұрыптың дипломатиялық құқықтың қайнар көзі ретінде маңызды және едәуір орын алатындығы.

Халықаралық шарттардың ішіндегі ең маңыздысы 1961 ж. Дипломатиялық қатынас туралы Вена конвенциясы, оның нормалары диплматиялық қызметтің негізгі сұрақтарын жан-жақты реттейді: дипломатиялық өкілдіктердің міндеттерін, дипломатиялық өкілдіктерді тағайындау және шақырып алу тәртібі, олардың сыныптары, дипломатиялық өкілдіктердің, персоналдың және басқа қызметшілердің артықшылықтары мен иммунитеттері.

Мемлекеттер дипломатиялық қатынасты орнату және дипломатиялық қатынастың басқа да мәселелері бойынша екіжақты шарттар мен келісім-шарттар бекітеді.

Халықаралық ұйымдар өздерінің штаб-пәтерлері, огандары орналасқан мемлекетпен өздерінің және өз персоналының имммунитеттері мен артықшылықтары жөнінде екіжақты шарттар бекітеді.

Мемлекеттің сыртқы қарым-қатынас орнату органдары. Дипломатия бір мемлекеттің басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сыртқы байланыстарын бекітетін, халықаралық құқықтың субъектісі ретінде мемлекеттің құқықтарын танытатын, халықаралық қатынаста оның мүдделерін және оның азаматтары мен заңды тұлғаларының мүдделерін қорғайтын сыртқы қатынас органдарының ресми қызметі арқылы жүзеге асырылады.

Сыртқы қатынас орнату органдарын былайша бөлуге болады:

а) мемлекеттің ішкі органдары;

ә) мемлекеттің сыртқы органдары;

ҚР 1997 ж. 12 қарашадағы “Дипломатиялық қызмет туралы” Заңымен мынадай дәрежелер бекітілген: Төтенше және Өкілетті елші; I және II сыныптың Төтенше және Өкілетті уәкілі; I және II сыныптың кеңсшісі; I және II сыныптың бірінші хатшысы; I және II сыныптың екінші хатшысы; үшінші хатшы; атташе.

ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісінің және I және II сыныпты Төтенше және Өкілетті уәкілдің жоғары дипломатиялық дәрежелерін Президент береді; қалған дипломатиялық дәрежелерді – Сыртқы істер министрі береді.

Дипломатиялық өкілдіктің құрылымы және құрамы.

Дипломатиялық өкілдік мекендік мемлекеттің астанасында орналасады. Оның функционалды бөлімдері бар: Саяси, экономиклық, консулдық, мәдени байланыс, баспа, әкімшілік-шаруашылықбөлім, кеңес.

Дипломатиялық өкілдіктің құрамы үшке бөлінеді:

а) дипломатиялық;

ә) әкімшілік-техникалық;

б) күтуші.

Дипломатиялық корпус. Бұл ұғым тар мағынада да және кең мағынада да қолданылады. Тар мағынада мекендік мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктер басшыларының жиынтығын білдіреді; кең мағынады – бұл дипломатиялық өкілдіктер басшыларының, олардың отбасы мүшелерінің және дипломатиялық персоалдың толық құрамын білдіреді.