Хлықаралық гуманитарлық құқық – заңды ержелер мен қағидаттар жүйесі, ол қарулы қақтығыс кезінде қолданылады, қарулы күрестің белгілі бір әдістері мен құралдарын қолдануды шектейді немсе тыйым салады, осы күрес барысында адам құқығын қамтамасыз етеді және құқық бұзылудың халықаралық-құқықтық жауапкершілігін қалыптастырады.
Хлықаралық гуманитарлық құқықтыреттеудің пәні мемлекетаралық қатынастардымынадай мәселелер төңірегінде жүйеге келтіруден құралады:
- соғыстың басталуы;
- соғысқа қатыспайтын мемлекеттердің бейтараптығы;
- соғысушылардың соғыс құралдарын таңдаудағы шектеулері;
- соғысушылардың соғыс жүргізу тәсілдеріндегі шектеулері;
- соғыс құрбандарын қорғау;
- соғыс кезінде мәдени құндылықтарды қорғау;
- соғыста жаулап алу ережелері;
- мемлекеттердің құқық ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі;
- соғыс қимылдарының аяқталуы;
- соғыстың аяқталуы.
Қарулы қақтығыста құқық ережелерін бұзғаны үшін жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершіліктері және т.б.
Адамзат тарихында соғыс көп болған, оны адамдар қарым-қатынасынан алып тастау жолындағы нәтижесіз әрекеттер де көп болған. Дегенмен соғыс, не басқа қарулы қақтығыстар тоқталмай келед, тіпті оның жақын арада мүлдем тоқтауы үшін шынайы үмітте байқалмайды.
Әскери әрекеттерді ашу туралы 1907 ж. Гааганың III конвециясы бойынша соғыс әрекетінің басталуы мемлекеттер арасындағы алдын-ала ескертусіз жүзеге асырылмауы тиіс. Олар соғыстың шығу себебін немесе шартты талап қойылуын хабарлауы тиіс. Бұл ереже қазіргі заманғы талаптарда жалғасын тауып келеді. Сонынмен қатар, 1974 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған басқыншылық анықтамасында БҰҰ жарғысының 51-бабына сәйкес қорғану актісі болып табылмайтын соғыс жариялау фактісі заңсыз соғысты заңды соғысқа айналдырмайтын, керісінше басқыншылық актісін сипаттайтынын естен шығармаған жөн. Жарияладың өзі халықаралық қылмыс болып табылады. Ал қарулы қақтығыстар құқығы ережесін сақтау соғыс жарияланған ба, жарияланбаған ба, оған қарамай орындалуы тиіс.
Сғысты жариялаудың құқықтық салдары мынаған келіп тіреледі:
- Бейбіт қатынастар тоқтатылады, джипломатиялық және консулдық қатынастар үзіледі, олардың қызметкерлері кері қайтарылады;
- Бейбіт қатынастарға жасалған саяси, экономикалық және өзге де келісім-шарттар түгел тоқтайды немесе тоқтатыла тұрады.Жалпы сипаттаы көпжақты келісім-шарттар соғыс тоқтағанша өз істерін жүргізбейді;
- Соғыс жағдайдында бекітілген арнайы келісім-шарттар қолданыла бастайды. Бұндай келісім-шарттардың ерекшілігі – олардың қарулы қақтығыс кезінде бекер қалмауында;
- Қарсылас жақтың азаматтары үшін ерекше ереже жасалады. Соғысушы мемлекеттен олардың кетуіне — сол мемлекет мүддесіне қарсы келмейтін болса ған рұқсатетіледі. Оларға арнаулы ереже қолданылуы мүмкін, тіпті белгілі бір жерге еріксіз қоныстандыруды да жүргізе алады.
- Жауласушы ел мүліктері тәркіленеді, бірақ өкілдік пен елшілік мүліктеріне тиісуге болмайды. Дұшпандық етуші азаматтар мүлкі өз дәрежесін сақтап қалады.
Соғыс әрекеттерін жүргізуқұралдарына қару және басқа да әскери техника жатады. Олар қарулы күштердіжұмсау барысында қарсыласының тірі күшін және материалдық заттарын жоюға қолданылады, дұшпанның күшін және қарсыласу қабілетін тұншықтыруға әрекет етеді.
Әскери әрекеттерді жүргізу тәсілдеріне көрсетілген мақсаттарды іске асыру жолында әр түрлі тәсіл, әдіс, айла қолдану реттеріжатады.
Халыаралық құқық рұқсат етілмеген соғыс құралдарыммен қатар, соғыс жүргізудің кейбір әдістерін шектейді немесе тыйым салады, атап айтқанда:
— қарсы тұлғаларды сатқындықпен өлтіруге немсе жарақаттауға;
— ұлттық және халықаралық эмблемаларды, белгілерді, туларды орынсыз, мәнсіз пайдалануға;
— мәлімет, жауап аларда ұрып-соғып, қорқытуға, кепілдікке кісі алуға, опасыздық, қиянатшылық, зұлымдықжасауға;
— үкімет адамын және оның жанындағы адамын өлтіруге;
— қаланы немесе ауылдық мекендерді тонауға, жергілікті халыққа басқыншылық жасауға, халық ішіндеаштық туғызуға;
тазалық мекемелеріне шабуыл жасап, бомба тастап жоюға, госпитальды, кемелерді, көліктерді, ұшақтарды,көмек көрсететін емдік, тазалықшыл адамдарға шабуыл жасауға;
- қаруын тастап немесе қарусыз келіп, тұтқынға берілген дұшпанын өлтіруге немесе жаралауға;
- қарсы жатқан адамын өз еліне қарсы бағытталған соғыс әрекеттеріне қатысуға зорлауға;
- саптан шыққан, ұшу аппараты істен шығып, қашып құтылған адамдарға шабуыл жасауға;
- дұшпан меншігіне төну немесе басып алуға;
- ғылыми немесе діни қызмет атқаратын, балық аулайтын кемелерді жаулап алуға;
- ешкімді тірі қалдырмау туралы бұйрық беріп, қорқытуға және солармен соғысуға;
- мәдени байлықтарды, тарихи және басқа ескерткіштерді жоюға тыйым салынады.
Заң тұрғысындағы мағынасында соғыстың аяқталуы соғыс қалпын тоқтату дегенді білдіреді, яғни соғысушы тараптар арасында бейбіт қатынас орнату және одан кейінгі халықаралық-құқықтық дәрежедегі салдарды анықтау.
Жергілікті келісім, яғни уақытша бітім- жеке бөлімдер мен бөлімшелердің соғыс әрекеті театрының шектелген учаскелерінде ұрысты тоқтатуды көздейді.Әдетте, ол жеке мәселелерді шешуге бағытталады. Жаралылар мен аурыларды жинап алу, өлгендерді жерлеу, парламентарийлерді жіберу т.б. орындайды.
Жалпылай келісімге келужағдайында барлық соғыс әрекеттері тоқтатылады . Жалпылай бітімге келудіңкүші ерекше, ол тек соғыс әрекетін тоқтатып қана қоймай, сонымен қатар әскерді түгелдей таратып жібере алады. Екі жақ та бейбіт өмір сүруге кірісіп кетеді. Бұл жағдайда келісімге келу соғысушы тараптармен келісімдік-құқықтық құжат түрінде, оның халықаралық-құықытық салдарын ескере отырып жасалады. Мысал ретінде ,1953 ж. 27 шілдедегі Кореядағы Әскери бітімгершілікке келу туралы және 1973 ж. 25 қаңтардағы Вьетнамдағы соғысты тоқтатып, бейбітшілікті қалпына келтіру келісімін алуға болады.
Соғыс қимылдары тізе бүгу, кейін шегіну, берілу негізінде де тоқтатыла алады. Уақытша бітімге және келісімге келуге қарағанда, тізе бүгу кезінде соғыс қимылдарын тоқтату жеңген жақ қойған шарттар негізінде жүргізіледі.Фашистік Германияны талқандағаннан кейі 1945 ж. 8 мамырда Берлинде неміс қарулы күштерінің тізе бүккендігі жөніндегі Актіге қол қойылды, ал 1945 ж. 2 қыркүйекте Токиода Жапонияның тізе бүккендігі жөніндегі Актіге қол қойылды.
Өзара дау-дамайда жүрген мемлекеттер арасындағы соғыс жағдайын тоқтату екіжақты қатынастарды дұрыстау ғана емес, сонымен қатар халықаралық бейбітшілікті күшейту факторлары.
Осылайша, халықаралық жұртшылық құқық ережелері бейбіт кезде ғана емес, соғыс кезінде де, қарулы қақтығыстар кезінде де іске асырылады. Мұндай арнаулы халықаралық құқық ережелерін көбінесе соғыс заңдары мен салт дәстүрлері деп те атай береді немесе халықаралық гуманитарлық құқық деп атайды. Бұндай арнаулы халықаралық-құқықтық ережелердің белгіленімі, ондағы қарулы күрес кезінде құралдар мен әдістердің шектеулі екендігінде. Ал қарудың өте қатыгез түрлерін пайдалануға рұқсат етпеу бұл ереженің мәнділігін одан әрі арттыра түседі.
Халқаралық гуманитарлық құқық ережелері тұрғылықты азаматтарды мәдени байлықтарды, бейтарап мемлекеттерді қорғайды. Қарулы қақтығысқа жақын елдердің тыныштығын бұзған әскери қылмыскерлерді жазалайды. Осылайша бұл құқық ережелері соғысты ізгілендіруге, яғни адам мүдделерін қорғауға бағытталады, бейбіт ел, бейбіт мемлекет туын көтеруге мұрындық болады; соғыс бола қалса, оның кең етек алып кетпеуін қамтамасыз етеді.