Адам құқықтары- халықаралық құқықтың саласы, негізгі азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен адам бостандығын қалыптастыратын нормалардың жиынтығын және жеке құқықтар мен бостандықтардың дұрыс орындалуын көздейтін құқықтық ұйымдастыру тетіктері.
Халықаралық құқықтың бұл саласының өзгешелігі – дүние жүзі қауымдастығының адам құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда мемлекеттің ішкі жұмысына араласа алуы.
Әмбебап сипаттағы көпжақты келісімдер, аймақтық келісімдер екіжақты келісімдер халықралық әдет-ғұрыптар адам құқықтарымен бостандықтарын қамтамассыз ету мәселесі бойынша тікелей немесе жанама мамандандырылған халықаралық ұйымдардың шешімдері халықаралық құқықтың қайнар көзі болып табылады.
Гуманистік игіліктің алтын қорына енген адам құқытары тұңғыш рет Ұлы бостандық хартиясында (1215ж.) мазмұндалып, ағылшындардың құқықтар туралы билльмен (1689ж.), Егемендік дикларациясымен ( 1776ж.), американдықтардың Құқықтары туралы билльмен және адам мен азматтардың құқықтары дикларациясымен дамытылды. Бұл игіліктердің генезисін көре тұра, адамдардың табиғи құқытарын оқып зертеуге талпыныс берген ежелгі гректердің философиясын, әлеуметтік әділдікпен теңдіктің жорамалдарын қозғаған реформация мен білімпаздықтың кезеңіндегі постулаттарды еске түсірмеуге болмайды.
Ұлттар Лигасының келісімі бойынша екі жақ өз міндеттерінің орындалуына кепіл береді.
Азшылықтың құқытарын қорғайтын жүйе Ұлттар Лигасымен бірге жойылады.
Сонымен, халықарлық құқытардың ішінде түрлі топтардың құқытарын қорғайтын институттар мен доктриналар пайда болады. Халықаралық ұқықтардың бұл аспектілерінің теориясы мен іс жүзінде қолдануы, адам құқықтарының дамуына концептуалды институционалды негіздер қалады.
Қазіргі адам құқықтары заңдар екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Халықаралық қауымдастықтың мұндай заңдарды қабылдауына түрткі болған Гитлер құқықтарының жан түршігерліктей бұзылуы еді. Бірақ, БҰҰ-ның жарғысында жзылған адам құықтары туралы ережелер әскери уақыттың сенімін ақтаған жоқ. Мұндай нәтижені күтуге болатын еді, өйткені әр бір Ұлы державаның адам құқықтары туралы маңызды мәселелері болды. КСРО-да – ГУЛАГ, АҚШ-та – нәсілдік кемсітушілік, Ұлыбритания мен Францияда –отар иеліктері болды. Сондықтан олар адам құқықтарын орындуға және қорғауға көп көңіл бөлді. Бұл мемлекетер жарғының зерттелуін қолдаған жоқ еді, өйткені жарғы кейбір кіші демократиялық мемлекеттер қолдаған, адам құқықтарын жақтайтын халықаралық жүйенің құрылуына алып баратын еді.
Бірақ БҰҰ- ның жарғысы қазіргі адам құқықтары туралы заңдардың тұжырымды және заңды негізін қалады. Сонымен БҰҰ-ның жарғысыда жазылған мақсаттардың бірі экономикалық, әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық мәселелерді шешуде, нәсілі, жынысы, тілі, діні жағынан бөлмей, адам құқықтарымен негізгі бостандықтарын қолдап, құрметтеуде бірге жұмыс істеу болып табылады.
БҰҰ жарғысы қазіргі адам құқықтары мәселесін интернаационалдандырады, басқаша айтқанда, әр мемлекет көп жақты кеелісім болып табылатын жарғыға қосылғанда адам құқықтары туралы мәселелерді мемлекеттің ішкі ісі деп қарамай, халықаралық мәселе болып танылатынын мойындады.
БҰҰ –ның мүше мемлекеттерінің 56-бапқа сәйкес, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын дамуына ат салыудағы міндеттері және мүше мемлекетттердің ұйымымен қарым-қатынас жасауы БҰҰ-ға бұл заңдарға анықтама беруге және кодификациялауға керекті заңды өкілдік береді.
Адам құқықтары туралы халықаралық билльдің және қазіргі қолданылатын адам құқықтарын қорғайтын көптеген келісімдермен қабылдануы осындай ат салысудың нәтижесі болды.
Бұдан әрі қарай, БҰҰ өзінің өмір сүруі барысында, адам құқықтарының дамуы жөнінде, БҰҰ мүшелерінің міндеттерін көрсетіп, олдарды ұлғайтып, жарғының ережелеріне сәйкес адам құқықтарының орындалуын қадағалайтын институттарды қамти алады. Бұл институттр: БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комиссиясы, азшылықты қорғап, кемсітушіліктің алдын алу жөніндегі шағын комиссия, әйелдердің әл-ауқаты және жоғарғы комиссардың адам құқықтарын басқару туралы комиссиясы.
Адам құқықтары жөніндегі комиссия Экономикалық және әлеуметтік кеңестің қамқорлығында жұмыс істейді. Ол мынадай мәселелермен шұғылданады: ЭКОСОС-қа зерттеулер жүргізіп, баяндамалар дайындайды, конвенциялар мен декларациялардың жобасын дайындайды және адам құқықтары жөнінде басқа да жұмыстармен айналысады.
Адам құқықтары жөніндегі комиссия БҰҰ-ның күн тәртібін кеңейтуде үлкен рөл атқарып, адам құқықтарын бұзушылықпен күресуде жаңа халықаралық тәсілдерді қолданды (Нақты жағдайлар және мемлекеттер бойынша мандат берілген жұмысшы топтардың және баяндамашылардың торабын ұлғайту). Халықаралық қауымдастықтың күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі-адам құқықтарының қорғалуы болуы, сонымен қатар адам құқықтары туралы БҰҰ жарғысы ережесінің қолданылуының кеңейтілуі – бұл комиссияның зор еңбегі.
Азшылықты қорғап, кемсітушіліктің алдын алу жөніндегі шағын комиссия 1946 ж. құрылды. Ол мынадай қызметтерді жүзеге асырумен айналысады:
- Адам құқықтары мен нәсілдік, ұлттық діни және тілдес азшылықты қорғауға байланысты адам құқықтары жөніндегі комиссияға сипаттама беру және зерттеулерге кірісу.
- ЭКОСОС немесе адам құқықтары жөніндегі комиссияның кез келген басқа да жұмыстарын атқару.
Шағын комиссияның құрамына 26 сарапшы кіреді. Шағын комиссия жылына бір рет сессия өткізеді. Оның басқа жоғарыда айтылған адам құқықтары туралы БҰҰ институттарынан негізгі айырмашылығы, ол өз үкіметінің атынан жұмыс істемей, комиссия мүшелері өз беттерінше бөлек жұмыс істейді.
Әйелдердің әл-ауқаты жөніндегі комиссия 1946 ж құрылды. Комиссияның қызметі қоғамның барлық салаларындағы әйелдердің құқығы қорғалуының жүзеге асырылуыжөнінде ЭКОСОС-қа баяндама мен ұсыныс дайындау болып табылады. Комиссия мүшелерін (ЭКОСОС) Кеңес 4 жылға сайлайды, олар үкіметтің сарапшылары болып келеді.
Комиссияның қамқорлығымен әйелдердің құқықтарына байланысты көптеген конвенциялар мен декларациялар зерттеліп дайындалды.Мысалы, 1952 ж. Бас Ассамблея Әйелдердің саяси құқықтары тупалы конвенция қабылдады, 1957 ж. Күйеуге тиген әйелдердің азаматтығы туралы конвенция, 1967 ж. Әйелдер жөніндегі кемсітушілікті жою, Әйелдер мен ерлердің заң алдындағы құқықтарының теңдігі және балалар жөніндегі құқық пен міндеттердің теңдігі туралы декларация.