Халықаралық ұйымдардың даму тарихы. БҰҰ-ның алғашқы бейнесі – Ұлттар Лигасының құқықтық табиғаты

Халықаралық ұйымдардың белгілері Ежелгі Грекияда пайда бола бастады және онда қалалар мен қауымдастықтар одақтары – Пелопеннестік және Афиналық симмахиялар болды. Бұл екі Ежелгі Грек одақтарының арасындағы қатынастар жауластық сипатта болды және аяғы Пелопеннес соғысымен аяқталып, нәтижесінде грек әлемінде Спарта гегемониясы орнықты. Афиналық симмахия таратылып жіберілді.

XIX ғ. Халықаралық ұйымдардың қайсысын бірінші халықаралық ұйым ретінде есептеуге болатындығы жөнінде әртүрлі көзқарастар бар. Мысалыға осындай халықаралық ұйымдардың алғашқылары қатарына:

  • 1815 ж. құрылған Киелі Одақ.
  • Рейін бойынша кемелер жүзуінің Орталық комиссиясы.
  • Халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросы – 1875ж.
  • Дүниежүзілік пошта одағ – 1874ж. жатқызуға болады.

Қазіргі кездегі халықаралық қатынасарға тән белгілердін бірі – мемлекетаралық ұйымдардың тез дамуы мен ұлғаюы болып табылады. XX ғ. басында саяси бағытттағы халықаралық ұйымдар көптеген жоспарлары пайда бола бастайды және олардың мақсаты – соғысты болдырмау болды.

1919 ж. 28 сәуірде қабылданған Ұлттар Лигасының Жарғысына 44 мемлекет қол қойды, оның ішінде 31 мемлекет 1- дүниежүзілік соғыста Антанта жағында болғандар еді. Бұл сан халықаралық ұйымның сипатына толық анықтама беріп тұр. Бұл ұйымның алғашқы мүшесі АҚШ болды. Бірақ, кейіннен американдықтар Ұлттар Лигасына кірмеді, себебі америка Сенаты Версаль шартын ратификацияламады, олай болса, Ұлттар Лигасының жарғысын да қабылдамады.Мемлекеттердің екінші тобы – “шақырылғандар” болды.

Ұлттар Лигасы мынадай негізгі органдардан тұрды:

  • Жиналыс (Ассамблея) . Бұл орган қыркүйкте өтетін сессиялар бойынша жұмыс істеді. Бұл орган өз құзіретіне кіретін барлық мәселелерді қарауға құқылы болды. Қарарлар, ұсыныстар жиналыста бір ауыздан қабылданатын еді.
  • Ұлттар лигасының Кеңесі – тұрақты және уақытша органдардан тұратын орган. Тұрақты органдарға – Ұлыбритания, Франция, Жапония, Италия кейіннен Германия, 1934 жылдан бастап КСРО кірді.
  • Секретариат – Ұлттық Лиганың атқарушы органы, оның аппаратының саны 600 адамға жуық болған.
  • 1920ж. Сот органы құрылды – бұл халықаралық сот төрелігінің Тұрақты Палатасының Статуты редакциялық түзетулер нәтижесінде БҰҰ-ның Халықаралық Сотының Стаутына айналады.
  • Ұлттар Лигасының негізгі органдарының қатарыны халықаралық еңбек ұйымы кірді, ал БҰҰ-да бұл мамандандырылған мекеме болып табылады.

Ұлттар Лигасына құқықтық саралау жасай отырып, бұл ұйымның мынадай кемшіліктерін атап өтуге болады;

  • Саяси шешімдерді шығарғанда бірауыздылық қағидатының қолданылуы. Бұл мынаны білдіреді, яғни Ұттар Лигасының кезкелген мүшесі дауласушы тараптарды қоспағанда вето құқығын қолдана алды, олай болса, шешім қабылданбайды.
  • Негізгі органдар – Жиналыс ( Ассанблея) пен кеңестін арасындағы құзіретері нақты реттелмеген.
  • Ұлтар Лигасының Жарғысында агрессияшыл соғыстын жүргізілуіне нақты қарсылық болмаған.
  • Ұлтар Лигасының Жарғысы басқа мемлекетер алдында өз мідетерін атқару үшін қажетті қаруды минимум мөлшеріне дейін азайту идеясын қолдаған. Толық және негізді қарусыздандыру тезисі халқаралық құқықта кейінірек қарастырылды.
  • Отарлық жүиенің басқаруға мандат беру арқылы жария етілуі.
  • Ұлтар лигасының қызметінде бір бстау болды, ол – антисоветизм еді. КСРО бұл ұйымның толық мүшесі ретінде мәртебеге 15ж. кейін ие болды. Бірақ ҰЛ-ға кіргенге дейін КСРО ҰЛ-дың бастамасымен өткізілген бірнеше конференцияларға қатысты. Мысалға, КСРО-ның қарусыздандыруға байланысты мәселерді шешуге арналған бірнеше сессияларға қатысу нәтижесінде толық, жалпылама және жедел қарусыздандыру туралы конвенция жоспарларының құрлыуына өз көмегін тигізді.

XІV-лекция. (1- сағат)

Тақырыбы:

Халықаралық құқықтағы жауапкершілік

Жоспар:

  1. Халықаралық құқықтағы жауапкершілік ұғымы.
  2. Халқыаралық – құқықтық жауапкершілік институтының қайеар көздері және жүйеге түсуі.

Бұл санатты ХҚ субъектілері арасындағы қатынастардың ерекше нысаны ретінде қарастыруға болады, оның барысында ХҚ нормаларын бұзған бір тараптың (немесе бірнеше тараптың ) екінші тарап (тараптар) алдындағы оған келген шығынның орнын толтыру, бұрынғы болған жайларды қалпына келетіру, жауапкершіліктің материалдық емес басқа түрлерін мойнына алуы жөніндегі міндеттері жүзеге асырылады. Сырт қарағанда, бұл анықтама қарапайым болғанымен, бұл ұғымда көптеген аспектілер мен қиындықтар бар.

Халықаралық құқықтық жауапкершілік (әрі қарай: ХҚЖ) институты “ қосымшалық” сапамен сипатталатындықтан, бұл тұрғыдан алғанда онда ХҚ-ның басқа институттарына қароағанда айырмашылық бар: сол институтты құрайтын құқық нормаларының өздері де, олардың негізінде туын.дайтын құқықтық қатынастар да қосымша, себебі бұл құқықтық нормалар мен қатынастар басқа нормалар қаралғаннан кейін, тіптен оларды жауапкершілікке негіздеме болған бұзушылық формасында қарағаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

ХҚЖ-ның мақсаттық міндетті туралы мәселе даулы болып келеді : үстем пікірлерге сәйкес, оның негізгі міндеті залалдың орнын толтыру, басқа тараптың өзгедей талаптарын қанағаттандыру деп танылады. Туынды ретінде (одан маңыздылық кемімейді) ХҚЖ-ның алдын-алу міндеті қарстырылады. ХҚЖ – ға қатысты жазалау міндеті тікелей даулы болып табылады. Бұл тұрғыдан екі аспектіні айта кеткен жөн:

  • Соңғы міндет шеңберінде әрі қарай ойластыра отырып, біз құқығы бұзылған тараптың құқық бұзушыға қатысты бір жақты мәжбүрлеу актісін жасауына құқық беру туралы тұжырымға келдік. Бұд – ХҚЖ-ның жазалау міндетінің “практикалық” аспектісі.Қазіргі ХҚ-да дауларды бейбіт жолмен реттеу үшін (дипломатиялық жолдармен, келіссөздерге, ізгі қызмет көрсету арқылы, делдалдық жасау, т.б.) біржақты қарсы шараларға жол ьеруді шектеу үрдісі байқалады. Дегенмен, біржақты қарсы шараларды жүзеге асыру мүмкіндігі әлі де сақталуда, мысалы, мемлекеттердің ХҚЖ-сы бойынша БҰҰ-ның ХҚ Комиссиясы дайындаған шарттық ережелер жобасы, біріншіден, құқықтары бұзылған мемлекеттің құқыққа ұмтылуының түрелрін реттейді, екіншіден, қарсы шараны жүзеге асырудағы оның құқығын белгілейді.
  • ХҚЖ-ның жазалау міндеті жайында біз тек жоғарыда келтірілген ойлар тұрғысынан ған айта аламыз. Принциптік тұршғыда ХҚЖ-да жазалаушылық сипат жоқ.

Қазіргі кезде ХҚЖ мәселелеріне арналған құқықтық нормалар ХҚЖ-ның әр түрлі қайнар көздерінде бар, негізінен және өзінің формасы жағынан бұлар халықаралық шарттар. Әмбебап сипаттағы шарттардың жарқын мысалы ретінде мыналарды келтіруге болады: БҰҰ Жарғысының 39,41,42-баптары (БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бейбітшілікке қауіп төнген, бейбітшілік бұзылған және басқыншылық болған жағдайдағы әрекеті), геноцид қылмысының алдын алу және ол үшін жазалау туралы Конвенция (1948ж), Апартеид қылмысын тыю және ол үшін жазалау туралы конвенция (1973ж), Ғарыш нысандарына келтірген зиян үшін халықаралық жауаптылық туралы конвенция (1978ж), Адамды қинауға және аса қатыгездікпен оның ар-намысын таптауға және жазалауға қарсы Конвенция (1984ж), Босқындар мәртебесі туралы Конвенция (1951ж) және басқалар.

Принциптік маңызы бар құқықтық нормаларды ХҚЖ бойынша жүйелеу өздігінен әлі осы күнге дейі аяқталған жоқ. БҰҰ-ның ХҚ Комиссиясы бұл мәселемен 1955 ж. бері айналысуда. 1996 ж. ол болжамдағы шарт баптарының жобасын қабылдады.Бірқатар мемлекеттер (Дания, ГФР, Франция, Италия, Австрия, АҚШ) оған өз пікірлерін білдірд, қазіргі уақытта жоба екінші оқылуда. Бүл құжат негізгі үш бөлімнен тұрады:

  • ХҚЖ туындауының жалпы алғышартын көздейді;
  • ХҚЖ-ның бірнші бөліктен туындайтын мазмұнын, түрін және формасын белгілейді;
  • Туындайтын дауларды реттеу мәселесін қарайды.