Халықаралық құқықтың туынды субъектілерінің қатарына халшықаралық ұйымдар жатады. Бұлар мемлекеттермен қатар, халықаралық құқық субъектісі ретінде доктриналық та, конвенциялық та тәртіпте мойындалады. Халықаралық құқықтық әдебиеттерде мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бір- біріне өзара әсерінің неғұрлым күрделі мәселелері үкіметаралық ұйымдардың құзіретіндегі мемлекеттік егемендік пен ұлттық элементтердің арақатынасы арқылы көрінеді. Мемлекеттің егемендігі мәселесі мемлекет пен халықаралық ұйымға өз құзіретінің бір бөлігін берумен немесе халықаралық ұйымның белгілі бір функцияларды жүзеге асыруы барысындағы құзіреттерінің арақатынасы тұрғысында анықталды. Халықаралық ұйымдар мемлекеттердің жан-жақты өзара қарым-қатынстарының нысны болып табылады, мемлекеттермен қажеттілік шегінде құрылады және хаклықаралық қатынастар қажеттіліктерінен объективті түрде туындайды. Ерекше атап өтетін жайт, халықаралық ұйымдардың құқықсубъектілігі мүше мемлекеттердің ниет білдіруіне, осы ұйымның мақсаттарына, құзіреттеріне, органдар құрылымына қабылданған шешімдердің заңи нәтижелеріне тікелей байланысты, бағынышты болады.
Ұйым жарғысының заңды күшіне енуі белгілі бір құқықтық нәтижелердің туындауын қамтамассыз етеді. Мысалға, оны құрған мемлекеттен ерекше жаңа бір халықаралық құқық субъектісі пайда болады. Бірақ, сонымен қатар, халықаралық ұйым халықаралық құқықтың алғашқы субъектілеріне – мемлекеттермен ұлттар, өз егемендігі үшін күресуші халықтар тән маңызды қасиетке егемендікке емес. Мемлекет кез келген халықаралық ұйымға кіре отырып, өзінің егемендік құқығын жүзеге асырады. Сонымен қатар, мемлекетпен ұлттық ұйымдардың өзара байланыс сипаты мемлекеттік егемендіктің жіктелуіне әкеледі деп айту дұрыс емес. Егемендік- бұл мемлекеттік биліктің күрделі саяси – құқықтық қасиеті және ол саяси режим, құзірет, билік механизмі сиақты құқықтық институттарда жүзеге асады. Халықаралық ұйымдардың жарлығында шектеу бір ғана өлшем бойынша жүргізіледі, ор – құзіреттілік ( Халықаралық даму және қайта құру Банкінде, халықаралық валюталық қорда – бұл экономикалық мәселелер, БҰҰ-ның Қауыпсіздік Кеңесінде – бұл бейбітшілік пен қауыпсіздікті қолдауға байланысты мәселелер болып келеді).
Оларға:
— шаруашылық қызметтің интернационализациясын ;
— ғылыми- техникалық процесін ;
— қазіргі кездегі маңызды мәселелердің ғаламдық сипатын жатқызуға болады.
Халықаралық ұйымдар мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арсындағы өзара қарым- қатынасының бірден-бір маңызды құқықтық нысаны болып табылады. Халықаралық ұйымдар қызметінде неғұрлым басым, актуалды сипатқа қазіргі кездегі ғаламдық мәселелер ие. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар егеменді мемлекеттермен қатар халықаралық қатынастарды халықаралық құқықтық реттеуде маңызды атқаратыны жалпыға мәлім.
Халықаралық ұйымдар құқығы – халықаралық ұйымдардың құрылуы, құқықтық жағдайы және қызметіне қатысты мәселелерді реттейтін қағидаттар мен нормаларды біріктіретін қазіргі халықаралық құқықтың саласы болып табылады.
Халықаралық ұйымдар құқығы көбінесе халықаралық құқықтың саласы ретінде танылады. Сонымен қатар, бұрыңғыдай халықаралық құқық жүйесінің ішкі құрылымына, оның ішінде, халықаралық ұйымдар құқығының мұнда алатын орны мәселесі әлі де болса шешілмеген. Х1Х ғ. орта шенінде тұрақты қызмет етуші халықаралық ұйымдардың пайда болғанына дейін халықаралық қатынастардың негізгі түрі болып тікелей мемлекеттер арсындағы қатынастар есептеліп келеді. Кейіннен келсе, яғни халықаралық ұйымдардың пайда болуымен бірге халықаралық ұйымдар шеңберіндегі халықаралық қатынастар пайда болады. Оларға:
-мемлекеттердің халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасы;
-мүше мемлекеттердің халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасы;
-халықаралық ұйымның оның мүшесі болып табылмайтын басқа да мемлекеттерменқарым қатынасы жатады;
Жоғарыда аталып кеткендермен қатар, ұйымдар арасында да қарым-қатынастар туындайды. Сонымен халықаралық қатынастардың жаңа түрлерінің пайда болуы олардың халықаралық құқық нормаларымен реттелу қажеттілігін көрсетеді.
Халықаралық құқықта құқықтық реттеудің өзіндік нысанасы – халықаралық ұйымдар шеңберіндегі халықаралық қарым-қатынастар пайда болады. Халықаралық ұйымдардың қызметі барысында нормативтік база құрылады. Халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалған шарттар снының өсуі- халықаралық ұйымдардың шарттық құқығының қалыптасуының көрінісі болып келеді.
Құқық ғылымындағы құқық саласын бөліп қарастыру өлшемі ретіндегі құқықтық реттеу әдістерінің ролі жайындағы мәселелер төңірегінде әр түрлі көз-қарастар бар. Реттеудің халықаралық құқықтық әдісінің мазмұнын қарастыра отырып, біз осы әдістің құқықтық қарым-қатынас қатысушылары теңдігі өздеріне ерікті түрде міндеттемелерді жүктеуі және құқықтардың тараптардың келісімі арқылы үстемділік элементтерінсіз сиақты белгілермен сипатталатынын көре аламыз.
Халықаралық ұйымның қызмет етуі, оның органдарының әралуан қызметтері белгілі бір құқықтық тәртіптің орнығуына әкеледі. Халықаралық құқық жүйесіндегі халықаралық ұйымдар құқығынан басқа бірде- бір құқық саласының құқықтық реттеу әдісінде ерекшелігі жоқтығын ескере отырып, бұл сала дербес сала ретіндегі мәнге ие болатынын басып айтуымызға болады.
Халықаралық ұйымдар ұғымы мен құқықтық табиғаты.
Халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың туындысубъектісі бола отырып, мемлекеттердің әр түрлі әлеуметтік-экономикалық құрылымдарымен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді, қазіргі кезде маңызды, ғаламдық мәселелерді шешеді. Халықаралық ұйымдардың дамуы олардың халықаралық құқық субъектілік сипатына ие болумен ттікелей байланысты. Халықаралық ұйымдар заң шығарушылық, кодификациялық бақылау функцияларын жүзеге асырады.
Халықаралық ұйымдардың даму процесі ұйымның ішкі мәселелерінің дамуы мен күрделене түсетіндігінің дәлелі болып табылады. Халықаралық ұйымдар өздерінің заңды табиғатына орай мемлекеттердің өзара қарым-қатынасының органы болып табылғандықтан, бұл мемлекеттер ұйымның қызметін, өз мақсатттарын қанағаттандыру үшін қамтамасыз етеді, кейбір элементтерін одан әрі дамыта түседі. Бұған мысал ретінде халықаралық ұйымдағы сайлау рәсімінің эволюциясы бола алмады. Мысалға, Ұлттар Лигасының мүше мемлекеттері БҰҰ жүйесінде барлығының келісуі қағидатынан көпшілік дауысқа өтті, ал кейін халықаралық ұйымдарда кең таралған дауыс беру рәсімі болып консенсус ережесі танылатын болды.
Консенсус – шешімдерді талқылау мен қабылдау рәсімі және де оған мүше мемлекеттердің ойларын үйлестіру дауыс берусіз және қабылданғалы отырған шешімдерге жалпы формальды қарсылықтарының болмауы тән.
— халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалған шарттар;
Қазіргі кезде халықаралық ұйымдардың шарттық практикасы нәтижесінде алынған нормалар саныныңөсу үрдісі орын алған. Сонымен қатар, мемлекеттер халықаралық құқықтың субъектісі бола отырып, халықаралық құқықтың туынды субъектілерінің шарттық практикасының маңызы арта түскенін де еске алып отырады. 12 жыл бойы (1970-1982 ж.ж) халықаралық құқық Комиссиясы мемлекеттермен халықаралық ұйымдар немесе халықаралық ұйымдар арасындағы шарттар құқықғы туралы ковенция жоспарын дайындады. 1969 жылғы халықаралық шарттар құқығы туралы Ковенцияда халықаралық ұйымдардың шарт жасау құқық қабілеттілігін белгілейтін бап бар. Бұл конвенциялық нормаға сәйкес құқық білеттілік осы ұйымның сәйкес ержелермен реттеледі.
— халықаралық ұйымдар заң шығарушылық процеске тікелей қатысуы;
БҰҰ-ның мамандандырылған мемкемелерінің Жарғыларының сәкес баптарына талдау жасаған кезде бұл маманлдандырылған мекемелер халықаралық конвенциялар, келісімдер мен регламенттер жоспарын қабылдауға құқықтары бар екенін анықтаймыз.
- халықаралық ұйымдардың кодификациялық және бақылау функцияларын жүзеге асыруы;
БҰҰ Жарғысының Кіріспесінде ұйымның басты міндеттерінің бірі “шарттар мен басқа халықаралық құқықтың қайнар көзінен туындайтын міндеттемелерге қатысты әділеттілік пен құрмет жүзеге асатындай жағдай жасау” болып табылады. Дәл осы міндетті жүзеге асыруға халықаралық ұйымның кодификациялық және бақылау функциялары бағытталған.
— халықаралық құқықтың санкцияларды қолдануы арқылы;
Соңғы кезде халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық нормаларын орындаға мәжбүрлеуді қамтамасыз етудегі ролі артып отыр. Бұл халықаралық ұйымдар санкциялары жарғылық құжаттар, шарттар нормаларында, оның органдарының қаулыларында кезігуі мүмкін. Санкцияларды қолдану құқықтық мәжбүрлеудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін қамтамасыз етеді. Мысалға, неғұрлым тиімді болып табылатындары:
- Халықаралық ұйымның жарғылық құжаттарында көзделген құқықтар мен құзіреттерді тоқтату.
- БҰҰ мамандандырылған мекемелері органдары қызметіне қатысуда, халықаралық ұйымдар қатысуымен өтетін арнайы сұрақтар бойынша шарттарға қатысушылықтан шығару.
Халықаралық ұйым — бұл белгілі бір мақсаттарды орындау үшін халықаралық шарттар негізінде құрылған тұрақты қызметететін органдар жүйесі бар, халықаралық құқық субъектілікке ие және халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттары негізінде құрылған мемлекеттердің тұрақты бірлестігі.
Халықаралық ұйымның белгілеріне:
- халықаралық жарғылық шарттың болуы;
- белгілі бір мақсаттардың болуы;
- сәкесінше ұйыдық құрылымы: тұрақты оргадар жүйесі және штаб-пәтері;
- мүше мемлекеттер құқығы мен міндеттерінен ажыратылатын өзіндік құқықтары мен міндеттері;
- халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарына сәкес құрылуы;
- үш және одан да көп мемлекеттер мүшелігі жатады.
Халықаралық ұйымдардың классификациясы көпетген қиыншылықтарға байланысты. Бріншіден, бір ұйыға анықтама беруге әр түрлі тұрғыдан келуге болады. Екіншіден, ұйымдар түрі өте көп және маңызды ерекшіліктері оларды әр түрлі санаттарға жатқызуға мүмкіншілік береді.
Сарлау негіздеріне мыналар жатады :
- Мүшелік өлшем.
а) Үкіметаралық – мұндай ұйыдар мүшесі тек қана мемлекеттер бола алады. Мұндай өлшемді қолдану құқық субъектілікті анықтауда зор маңызға ие болады (БҰҰ, МОТ, ВОЗ, ЮНЕСКО);
ә) Үкіметтік емес ұйымдар мүшесі ретінде заңды тұлғалар қоғамдық ұйыдар бола алады.
— Қызмет уақыты.
а) Уақытша – бұларға халықаралық жиналыстар, халықаралық конференциялар жатады.
ә) Тұрақты – бұларға қазір қызмет етуші ұйымдар – БҰҰ, ТМД, барлық мамандандырылған ұйымдарды жатқызуға болады.
Бұл белгінің щартты екендігін атап өту керек. Мысалға Экономикалық Көмек Кеңесі, Варшава Шартының Ұйымы өзінің қызмет ету кезінде тұрақты халықаралық ұйым болған еді.
- Аумақтық қызметі бойынша:
а) Дүниежүзілік – оларға БҰҰ, ЮНЕСКО, Жастардың халықаралық Кеңесі және т.т.
ә) Аумақтық – қызметі белгілі бір аймаққа таралатын ұйым – Араб Елдерінің Лигасы, Африканың бірлік Ұйымы, Америка Мемлекеттерінің Ұйымы, ТМД.
- Қызметінің нысанына байланысты:
а) Шектелмеген нысаналы қызметі бар ұйымдар – БҰҰ, Араб Елдерінің Лигасы.
ә) Құзіретіне арнайы мәселелерді шешу кіретін ұйымдар – БҰҰ-ның барлық мамандандырылған мекемелері кіреді.