“Шарт жасасу “ұғымы 1969 және 1986 жылдардағы конвенцияларда берілмеген. Бірақ Президенттің Жарлығына сәйкесшарт жасау дегеніміз – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттың өзіне міндетті екендігіне келісуі.Бұл процеске мемлекеттердің келіссөз жүргізуінен шарттың күшіне енуіне дейінгі барлық әрекеттер жатады.Шарт жасау процесінің кезеңдеріне мәтінін қарастыру және қабылдау,түпнұсқасын бекіту және оның міндеттілігін тану енеді.Көп жағдайда мемлекеттер шарттың жобасын келесі тарапқа ұсынады.Ол өз шарт мәтінін жасауды жеңілдетеді.
Шартты арнайы құжат —өкілеттілік берілген тұлғалар ғана жасауына болады . Ол өкілеттілік шарт жасаудың барлық немесе жекелеген кезеңдеріне ғна берілуі мүмкін.
Халықаралық шарт мәтінінн дайындау және қабылдау.
Шарт мәтінін жасау дипломатиялық жолдар арқылы халықаралық ұйым және халықаралық конференцияларда жүзеге асырылады. Дипломатиялық келіссөздер арқылы көбінесе екіжақты шарттар мәтіні жасалады. Халықаралықұйымдарда шарт мәтінін жасау олардың бас органдарына немесе арнайы сол үшін құрылған органдарға жүктеледі. Кейде халықаралық конференциялар шарт жобаларын өздері де жасайды. Шарт мәтінін дайындау бойынша келіссөздер оның мәтінін қабылдаумен жүзеге асырылады.Мәтінін қабылдау нысаны қол қою немесе парафирлеу болуы мүмкін.Халықаралық конференцияларда шарт мәтінін қабылдау ішкі ережелерге сай жүргізіледі. Бірақ мұндай ережелер бекітілмеген болса ,онда 1969 және 1986 жылдардағы конвенцияларға сәйкес ,қатысушы мемлекеттердің үштен екі дауысымен қабылданады. Шарт мәтінін қабылдаудың тағы бір әдісі – консенсус арқылы. Ол дауыс тарап қарсылық білдірмеген жағдайда қатысушылардың өзара келісімімен қабылдау.
Халықаралық шарт мәтінін түпнұсқасын бекіту.Шарт мәтінін қабылдау оның түпнұсқасын бекітумен жалғасады . Мәтіннің түпнұсқасы оның түбегейлі және шынайы екендігін білдіреді.1969 ж. Вена конвенциясының 10-шы бабына сәйкес, “шарт мәтінінің түпнұсқалылығы мен соңғылығы” қатысушылар алдын- ала келісілген тәртіппен немесе қол қою, Ad referendum, парфирлеу, коференцияның қорытынды актісін шығару мен бекітіледі.
Ad referendum деген шартты түрде қол қоюды білдіреді, ал парафирлеу кезінде мемлекет өкілдері шарттың бір інші және соңғы беттеріне қолдарын қояды ( өз аты жөнінің бір інші әріптерін де қоюлары мүмкін). Кейде шарттың барлық бестері парафирленеді.
Ad referendum мен парафирлеудің айырмашылылғы:
- Прафирлеу тек шарт мәтінінің түпнұсқасын бекіту болса, Ad referendum мемлекеттің шарттың өзіне міндетті күші барлығын білдіруі.
- Ad referendumның кері күші болады, ал парафирлеуден кейін қол қоюдың кері күші болмайды.
- Ad referendum үшін арнайы өкілеттілік керек.
- Ad referendum-ды мемлекет мақұлдағаннан кейін, ол соңғы болып танылады және одан заңдық салдар туындайды, ал парафирлеуден кейін міндетті түрде қол қою жүргізіледі.
Халықаралық шарттың міндеттілігіне келісім беру әдістері. Шарт жасасудың соңғы сатысы – тараптардың оның міндеттілігіне келісімдерін беруі. 1969 және 1986ж.ж. конвенцияларға сай шарттың міндеттелігіне келісім берудің бірнеше әдісі бар. Олардың ішіндегі кеңінен таралғаны- шартқа қол қою.
Халықаралық тәжірибеде көрініс тапқан шарт қай мемлекетке арналған болса, сол мемлкетттің атауы, өкілінің қолы, өз тіліндегі мәтінін бір інші орынға қойылу әдісі – Альтернат деп аталады.
Шарттың міндеттілігіне келісім берудің келесі әдісі- ратификация. Вена конвенцияларына сәйкес ратификация – мемлекетттің ішкі құқығының бір институты, өйткені қай мемлекеттік органның халықаралық шарттарды ратификациялауына құзыреті барлығын тек ішкі құқық белгілейді. Әдетте бұны Президент немесе Парламент жүзеге асырады. Ратификация дегеніміз, Жарлыққа сай, ҚР Парламенті бекітуі арқылы ҚР-ның Халықаралық шартты өзіне міндетті деп тануы.
Бекіту- Ратификациялауға жатпайтын шарттарды ҚР Үкіметі арқылы өзіне міндетті екндігін білдіру. Егер шарт мемлекетаралық болса, бекітуді ҚР Президенті жүргізеді, егер шарт үкіметаралық болса, онда ҚР Үкіметі жүргізеді, ведомоствоаралық шарттарды бекітуді сол ведомостволардың ұсынуы бойынша ҚР Үкіметі жүргізеді. Егер шарт халықаралық ұйымдар арасында жасалса, онда шартты бекітуді қол қойғаннан кейін әр ұйымның жоғары органы жүзеге асырады.Бекіту нота, хат, басқа да құжаттар түрінде рәсімделеді.
Халықаралық шартқа қосылу-ҚР-ның өзі жасауға қатыспаған шарттарды өзіне міндетті екендігіне ерік білдіруі. ҚР Президенті ұсынған ,сон дай-ақ ҚР Үкіметі ұсынған мемлекетаралық шарттарға қатысты және ратификациялау қажет ететін шарттар бойынша қосылуды ҚР Парламенті жүзеге асырады.Егер шарт Үкіметтің қарауына жататын болса және ратификациялауды қажет етпейтін болса, онда ҚР Үкіметі жүзеге асырады. Қосылу нота, хат басқада құжаттар түрінде рәсімделеді.
Халықаралық шарттарға жасалатын ескертпе. Вена конвенциялары ескертпелерді мемлекет немесе халықаралық ұйым шартты ратификациялау, қол қою, қабылдап бекіту, қосылу немесе ресми мақылдау актісі арқылы шарттың белгілі бір ережесінің өзіне қатысты заңдық әрекетін өзгерту немесе жою кезінде кез-келген нысандағы біржақты арыз ретінде анықтайды.
Депозитарий қызметі. Көпжақты шарттар жасасқан кезде шарт түпнұсқасын және оған байланысты құжаттарды сақтайтын депозитарийге қажеттілік туады. Вена конвенцияларына сәйкес, депозитарий ретінде бір немесе бірнеше мемлекет халықаралық ұйым немесе осы ұйымның лауазымды тұлғасы тағайындалуы мүмкін.
Халықаралық шарттады тіркеу және жариялау. ХХ ғасыр халықаралық шарттардың тіркелуімен сипатталады. Екінші Дүниежүзілік соғысқа дейін шарттарды тіркеуді Ұлттар лигасының Секретариаты жүзеге асырған. Одан кейін бұл қызмет БҰҰ Секретариятына ауысты. Ал Секретарият өз кезегінде тіркелген шарттарды жариялайды. БҰҰ Секретариятынан басқа да халықаралық ұйымдарда шарттарды тіркеуге болады. Мысалы Халықаралық шарттар БҰҰ шарттар жинағында жарияланады. Жинақтардың көбі екі бөлімнен тұрады, бір інші бөлімінде БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің тіркелген шарттары, екінші бөлімінде сақтауға алынып, тізімге енген шарттары жарияланады. Қазақстанда халықаралық шарттар мемлекетаралық болса, Парламенттің ресми басылымдарында, үкіметаралық болса, ҚР Президентінің және ҚР Үкіметі актілер жинағында, ведмоствоаралық болса, ҚР-ның халықаралық шартар, мәмілелер және жекелеген заңдық актілер бюллетенінде жарияланады.
Күшіне енген шарт қана заңды салдар тудырады. Вена конвенцияларына сәйкес, шарттың күшіне ену тәртібі және күні шартта белгіленеді немесе қатысушыларымен келісіледі. Мысалы, шартар ратификацияланған , қол қойылған немесе ратификациялық грамоталарының белгілі саны өткізілген күннен бастап күшіне енуі мүмкін. Жекелеген жағдайларда шарттың күшіне ену уақыты мен соған байланысты туындайтын құқықтар мен міндеттердің әрекет ету мерзімі әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, әскери көмекті көздейтін өзара көмек туралы шарттар тараптардың біреуіне шабуыл жасалған кезде ғана әрекет етуі немесе шабуыл болмаса мүлдем орындалмауы мүмкін.
Екіжақты шарттар да, көпжақты шарттар да белгілі бір мерзім аралығында жасалуы мүмкін. Кейбір екіжақты шарттар мерзімі бітсе де, тараптардың бірі бас тартпайынша, күшінде бола беруі мүмкін.
Шарттың әрекет ету мерзімін сол мерзім аяқталмай тұрып ұзарту пролонгация деп аталады. Ол өз кезегінде бірден жүзеге асырылатын және тараптар келісімінің негізінде жүзеге асырылатын болып бөлінеді. Алғашқысы – шартта алдын-ала көрсетіледі. Екіншісі әр түрлі жолдармен жүргізіледі. Көпшілік жағдайда пролонгация туралы хаттама жасалады, ол хаттама күшіне ену үшін мерзімі ұзартылып отырған шартқа қандай жағдай қажет етілсе сондай қолданылады.
Халықаралық шарттарды талқылау. Талқылау дегеніміз-халықаралық шарттардың шынайы мағынасымен мазмұнын анықтау. Халықаралық шарттарды анықтау. Халықаралық шарттарды талқылау қағидаларына адалдық, шарттар қолданылатын терминдер әдеттегі ұғымы бойынша және шарттың объектісі мен мақсаттарына сай талқылануы тиістілігі жатады. Талқылау кіріспе мен шартқа жасалған қосымша құжаттардың көмегі арқылы жүзеге асырылады.
Талқылау әр түрлі әдістерді қолдану арқылы жасалады. Оларға грамматикалық, логикалық, тарихи және жүйелік талқылау жатады.
Грамматикалық талқылау – грамматикалық және басқа да ережелер негізінде бөлек сөздер мен шарт мазмұнының мағынасын анықтау.
Логикалық талқылауда бір бапты басқа баптар негізінде және оларды бір- бірімен салыстыру арқылы талқылау. Бұл әдісті қолданғанда шарт мәтінінің біртұтастығы сақталуы тиіс.
Жүйелік талқылау – шарт ережелерін басқа шарт ережелерімен салыстыра отырып талқылау. Кейде шарт жасаудан кейін көп уақыт өтуіне байланысты шарттың мақсаты, мазмұны, бөлек терминдер мағынасын ашу қиын болуы мүмкін. Осы кездерде талқылау үшін шарт жасасудың тарихи мән жайларын әзірлеу материялдарын, дипломатиялық хат алмасуды зерттеу қажет болады. Бұл талқылауды тарихи талқылау деп атайды.
Халықаралық шарттардың жарамдылығы. Жарамды шарттар ғана оның қатысушылары үшін құқықтар мен міндеттер туғызады. 1969 ж. Вена ковенциясының 49, 50,51,52,53 баптарына сәйкес алдау, мемлекет өкілін сатып алу, мемлекет өкілін шарт жасауға мәжбүрлеу, мемлекетке күш қолдану жолджарымен жасалса және халықаралық шарттың қағидаларына, нормаларына ( jus cogens ) қайшы болса, жарамсыз деп. танылады. Егер мемлекет шарт міндеттілігіне ер кін білдірген кезде оның мемлекеттің ішкі нормаларын бұзу арқылы жасалғаны дәлелденсе, ол шартты жарамсыз деп. санауға негід болады. Бірақ мемлекеттің нормасы бұзылғандығы ацқын болуы қажет.
Халықаралық шарттың күшін тоқтата тұру және жою. Шарттың күшін жоюы оны орындаудың, уақытының өтуі, жаңаjus cogens нормасының шығуы, шартта көзделген негізде денонсациялау негізінде болуы мүмкін. Кейінгі жасалған шарт осыған дейін жасалған шарттың күшін мына жағдайларда жояды:
- егер екеуі де бір мәселені реттесе ;
- егер бір-бірімен сыйспайтын болса;
- егер тараптар соңғысын қолдануға келіссе.
Мемлекеттің өзі жасасқан халықарлық шарттан ресми түрде бас Тарту бас тартуы денонсация деп. аталады. Егер шартта көрсетілмесе және қатысушылардың оған ниеттері болмаса шартты денонсациялауға болмайды.