Мемлекетті халықаралық тану және мемлекеттер сабақтастығы

Халақаралық тану мәселесін қарастыратын болсақ, халықаралық құқықтану – бұл танылып жатқан мемлекетпен заңды қатынастарға түсу үшін қажетті акт. Танылып жатқан (мемлекет) жақ болып табылуы мүмкін жаңадан пайда болған мемлекет, жаңа үкімет, тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан халықтар мен ұлттар, ұлт-азаттық көтеріліс, халықаралық ұйымдар.

Халақаралық құқық теориясында тану туралы екі теория бар:

  1. Декларативтік теория;
  2. Конститутивтік теория.

Декларативтік теория бойынша тану белгілі бір халықаралық құқық субъектісінің пайда болғанын айтады. Бірақ үлкен заңды маңызы жоқ. Өйткені мемлекеттің халықаралық құқықтың субъектісі ретінде пайда болуы тануға байланысты емес.

Конститутивтік теория бойынша мемлекет тек оны басқа мемлекеттер таныған кезде ғана халықаралық құқықтың субъектісі болады. Бұл теория мемлекеттердің басты белгісі – мемлекеттік егемендігінің маңызын төмендетеді. Мемлекет басқа мемлекеттердің еркіне, қалауына байланысты пайда болады.

Кез келген мемлекет жаңадан пайда болғанда халықаралық танылу құқығы бар. Бұл БҰҰ-ның жарғысында жазылған.

Мемлекеттерді тану жазбаша насанда болады. Танылып жатқан мемлекет ол тануды дипломатиялық нота арқылы белгілейді. Мысалы, Қазахстан Республикасының дипломатиялық нота арқылы ең бірінші Туркия мемлекеті таныды.

Халықаралық тану нысандар:

  1. Заңды тану
  2. Фактілік тану

Немесе,

  1. Де-юре
  2. Де-факто
  3. Ад хос (ad hоs)

Де-юре тануы – бұл толық көлемде тану. Бұл танымды қайтып алуға болмайды. Бұндай таным кезінде танылып жатқан мемлекетпен немесе танылып жатқан үкіметпен толық көлемде толық көлемде дипломатиялық, консулдық және басқа да қатынастар орнатылады.

Де-факто – бұл жартылай тану. Бұндай таным кезінде дипломатиялық қатынас орнатылмайды, тек консулдық немесе сауда қатынастары орнатылады. Әдетте бұндай тану уақытша, де-юре танымына өтпелі таным болып табылады. Сонымен қатар, бұндай таным қайтарылуы мүмкін. Әдетте жаңа мемлекетті танығандай емес, жаңа үкіметті танығанда қолданылады.

Аd hоs – бұл уақытша белгілі байланысты тану. Мұндай таным кезінде мемлекет танығысы келмесе де, тануға мәжбүр болады. Мысалы, өз азаматтарын сауда жағынан қорғау.

Тануды қайтарып алу. Тану дегеніміз – танып отырған мемлекеттің тиісті қоғам не үкіметтің өзін-өзі басқаруға, билеуге және соғысуға қабілеті бар мемлекеттілік белгілі қасиетке ие болғаны туралы берген декларациясы.

Мемлекеттің бұл белгісі әр қашан сақталады. Әдетте, танып отырған мемлекет қандай да бір жағдайлармен тану декларациясын қайтарып ала алады. Кей жағдайларда тануды қайтарып алу арнайы нотификация арқылы жүзеге асуы мүмкін. Көбіне тануды қайтарып алу де-факторлық тануда болуы мүмкін. Ал, де-юре, яғни толық және түпкілікті тануды қайтарып алуға болмайды.

Халықаралық құқық мемлекеттердің әрекеттерін реттей отырып, ол мемлекеттер өмірінің және мәртебесінің өзгеруіне, сол сияқты тағы басқа жағдайлар болған кезде тыс қалмайды. Яғни, бір мемлекетке қосылуы және бір мемлекеттен бірнеше тәуелсіз мемлекеттер құрылған, т.б. жағдайларға қатысы болады. Мемлекеттік сабақтастықтың объектісі болып халықаралық шарттар, мемлекеттің мүлкі, мемлекеттің қарызы және мемлекеттің архиві, халықаралық ұйымдарға мүше болып табылады.

Мемлекеттерде сабақтастық мәселесі туатын жағдайлар:

  1. Әлеуметтік төңкерістің нәтижесінен пайда болған жаңа мемлекет;
  2. Ұлттық – бостандық күресінде жаңа тәуелсіз мемлекеттің пайда болуы;
  3. Мемлекетті бөліктерге бөлген кезде;
  4. Мемлекеттер біріккен кезде;
  5. Мемлекеттің аумағының бір бөлігінде жаңа мемлекет құрылған кезде.

Халықаралық құқықта сабақтастық деген ұғым – бір мемлекеттің басқа мен ауысуы, яғни міндеттері мен құқықтары жаңа пайда болған мемлекетке ауысады. Сабақтастық ежелден келе жатқан институт.

Сабақтастық жүзеге асырылған кезде мемлекеттер қаншама оның қатысушысы болғанымен, қашанда екі жаққа бөлінеді:

  1. Жаңа пайда болған мемлекет, яғни бүкіл жауапкершіліктің бұл мемлекетке өтуі (оны мирасқор деп атайды);
  2. Ыдыраған мемлекет – бұл халықаралық қатынстардан толықтай және аумағының бір бөлігіне қатысты жауапкершілікті мойнына алатын мемлекет (оны ізашар деп атайды).

Мемлекеттің меншік сабақтастығы деп ыдыраған мемлекеттің ішкі заңдарына сәйкес тиісті құқықтарын мүліктерін және мүдделерін жаңа пайда болған мемлекетке тапсыру кезі болып саналады. Сабақтастықтағы мемлекеттің меншігіне байланысты маңызды проблемелардың бірі жаңа мемлекетке өтетін меншік болып табылады.

Мемлекеттің мұрағаты деп бұрынғы өткен құжаттарының түрлерінің сабақтастыққа дейінгі жұмыс кезіндегі мемлекеттің иемденіп жасаған құжаттары, сол мемлекетке тиісті болып табылатын ішкі заңдарына сәйкес әр түрлі мақсаттарға оның қаруы есебінде табылған құжаттар.

Мирасқорлықта мемлекеттің қарызы дегеніміз – ескі мемлекеттің басқа мемлекетке, ұйымдарға және басқа да халықаралық құқық субъектілеріне кез келген қаржылық міндеті. Мемлекеттің қарыз жөнінде сабақтастық несие алушылары құқықтары мен міндеттеріне дау көтермейді.

Халақаралық ұйымдар мен екі тараптағы мемлекет шешімдері бұл мәселелерді қарастырмаса, онда жаңа мемлекетке өткен қарыздар мерзімі сабақтастық кезінде белгіленеді.

Мемлекеттер бірігіп жаңа бір мемлекет құрған кезде алдыңғы мемлекеттердің қарыздары осы жаңа мемлекетке көшеді.