Халықаралық жрия құқықтың әлі күнге дейін жалпыға танылған, біріңғай қайнар көздері түрлерінің тізімі жоқ екенін айта кету қажет. Бұл тізімнің нұсқауы ретінде, БҰҰ Халықаралық сотының Статуты пайдаланылуы мүмкін. 38 бабында Халықаралық құқық қайнар көздерінің санаттарын көрсетеді.
Біріншіден, олар халықаралық шарт, халықаралық әдет-ғұрып пен құқықтың ортақ қағидалары.
Екіншіден, құқықтық нормаларды анықтау үшін көмекші құралы ретінде – сот шешімдері мен доктрина келтіріледі. Біздің негізгі назарымыз, сол аталған қайнар көздердің санаттарына бөлінетін болады.
- Халықаралық шарт.
Қазіргі таңдағы халықаралық құқықтың негізін салушы қайнар көздердің бірі болып – халықаралық шарт танылады, дегенмен жоғарыда айтылғандай, халықаралық құқықтағы негізгі реттестіруші тәсілі болып – халықаралық құқық субъектілері еркілерінің санасу тәсілі саналады, оның өзі, халықаралық шартты бекіту кезінде айқын көрінеді. Халықаралық құқық қайнар көздері ретіндегі халықаралық шарттың нормалары, халықаралық әдет-ғұрыптар секілді қалыптасатын нормаларға қарағанда, қалауымызға жақын, дегенмен де, “халықаралық шарт” ұғымы халықаралық әдет-ғұрып ұғымына қарағанда әлде қайда анық болып табылады, даулы жағдайда, сол тәртіп ережелерінің әдеттегі құқықтық норма ретінде барын дәлелдеудің өзінде қиынға түседі (яғни сәйкес өлшемдер бойынша).
- Халықаралық әдет-ғұрып.
Жоғарыда ескертіп айтып өткеніміздей, қазіргі таңдағы халықаралық тәжірибеде (практикада) халықаралық құқық субъектілерінің рнайы қатынастарын келісімді жолмен қалыпқа келтіру үрдісі байқалып отыр. Халықаралық әдет-ғұрып халықаралық шартпен қатар, халықаралық құқықтың ең маңызды қайнар көзі болып табылады. Халықаралық әдет-ғұрып, халықаралық құқық субъектілерінің ұзақ уақыт бойы қолдану нәтижесінде қалыптасқан тәртіп ережесі болып саналады, біріншіден, бұл субъектілер мемлекеттер, сонымен қатар осы субъектілермен заңды түрде міндетті екендігі мойындалады. Жоғарыда келтірілген дефиницияны айта отырып, негізгі екі өлшемді шығаруға болады, (жалпыға танылған сипатына ие) – объективті және субъективті, бұл белгілердің жиынтығы халықаралық әдет-ғұрыптың бар екендігі туралы айта алады. Осы екі элементтің барын қалай дәлелдеу қажет? Әрине мұны дәлелдеу өте қиын, дегенмен әрбір нақты мәселеде оның жағдайын есепке алу қажет, халықаралық тәжірибені зерттеу қажет.
- Құқықтың ортақ қағидалары.
Халықаралық құқық доктринасында бұл ұғымның айтылуына қатысты қалыптасқан ой-пікір бар. БҰҰ Халықаралық сотының Статуты контексінде – құқықтың қағидалары деп жалпы құқықтық сипаттағы әлде бір ережелерді түсіну қажет. Әйтседе олардың шығу тегі әлемдік қауымдастыққа мүше мемлекеттердің ұлттық құқығы мен байланысты. Сонымен, мұндағы айтылар сөз, халықаралық құқықтың ортақ қағидалары жайында емес, құқықтың ортақ қағидалары туралы, яғни ішкімемлекеттік құқықтық жүйелер болып табылады. Бұл жағдай, халықаралық құқықтың реттестіруші тетігінен бөлек орналасқан. Құқық теориясында мынадай ереже яғни арнайы нормалар бар, жалпы сипаттағы нормалар алдында басым күшіне ие. Біздің қарастырып отырған мәселе төңірегіне қатысты осы ережені қолданудың толық негізділігі бар, оған сәйкес құқықтың ортақ қағидалары соған лайық мұндағы арнайы норманың халықаралық мәніндегі құқықтың бар болған кезінде қолданбауы қажет.
Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көзі ретінде Халықаралық Соттың Статуты доктриналар мен халықаралық соттардың сот шешімін атап көрсетеді.
Халықаралық соттардың шешімдері мен басқа да актілері.
Қай соттар жайында сөз болады деген сұрақ бірден туады. Ең алдымен халықаралық соттың өзі жайында, сондай-ақ басқа да халықаралық сот органдары жайында, сонымен бірге, құрылып келе жатқан ad. Һoc, яғни бір жолғы тәртіп бойынша нақты жағдайларға байланысты.
Сот шешімдерінің халықаралық құқықтағы маңызы мемлекеттердің жеке ұлттық құқықтық жүйелеріндегі маңызына жақын құқықтың формальды қайнар көздері болып табылмас да, құқық қолдану тәжірибесінде маңызды рөл атқарады, мысалы ГФР. Халықаралық құқықтың даулы нормасына, іске дауласып отырған жақтардан гөрі, келешекте сол тараптан не басқа субъектілермен оның қолданылуын жеңілдететін халықаралық соттың шешімі мен түсіндірме беріліп, интерпретация жүргізілуі мүмкін. Сонымен бірге халықаралық соттың консультативті қорытынды беру институты осыған қатысты БҰҰ Бас Ассамблея, не БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің сұрау салулары негізінде, кез келген заң мәселесі бойынша, белгілі бір маңызын атқара алады (БҰҰ жарғысының 96-бабы).
Халықаралық құқық доктринасы, халықаралық заңгерлердің идеялары мен ұсынылған. Әдебиетте айтылатын пікірлерге сай, мемлекеттер тәжірибесінің түсініктілігінің күшеюіне қарай мемлекеттердің белгілі құжаттарының және халықаралық ұйымдар мен соттар шешімдерінің жариялануы нәтижесінде доктринаның рөлі халықаралық құқық нормаларының барын анықтадың оларды интерпретациялау құралы ретінде төмендей түседі. Біздің пікірімізше, бұл дәл бұлай емес. Ойлап қарасақ, доктрина халықаралық құқық қолдану тәжірибесінде маңызды орынды бұрыннан бері алып келген де, кейін де ұстап отырады. Осы жерде кейбір мемлекеттенрдің ұлттық құқықтық жүйелермен ұқсстыққа жол беріледі, мысалыға ГФР, яғни мұнда дұрыс позитивті заңдардың дамыған жүйесіне қарамастан, сот тәжірибесінің құқықтық нормаларды интерпретациялаудың көмекші құралы ретінде доктрина маңызды тәжірибелі рөл атқаруды жалғастырылады.
Жалпы доктрина секілді, халықаралық сот органдарының сот шешімдері де, қазіргі халықаралық құқықтың келегектегі прогрессивті дамуында өте маңызды рөл атқарады.
Ең ақырында, біржақты халықаралық актілер мен ұлттық заңды сонымен қатар, халықаралық құқықтың қайнар көздеріне орай ұлттық соттардың сот шешімдерін сипаттау қажет. Біржақты халықаралық актілері болып, ең басты халықаралық үкіметаралық ұйымдардың актілері, сондай-ақ мемлекеттердің біржақты актілері табылады. Халықралық үкіметаралық ұйымдардың актілері, ішкі ұйымдық бола тұра, орындалған міндетті сипатқа ие болуы мүмкін. Яғни ішкі мәселелерді реттеп, міндеттер орната алады, мұндағы айталық, халықаралық ұйымның құрылымындағы белгілі бөлімшелердің міндеттерін орнатуы. Халықаралық құқықтың басқа субъектілеріне қатысты қабылданатын сыртқы сипаттағы актілердің міндетті заңды күші жоқ (мысалыға осы ұйымның мүше мемлекеттері).
Ұлттық заңдар мен ұлттық соттардың сот шешімдері.
Бұл әрине, халықаралық құқықтың тікелей қайнар көздері бола алмайды. Олардың мәні, тағы да айтуымыздай көмекші сипатында, халықаралық құқықтың сол бір, не өзге де нормаларының барын анықтау тұрғысында (ең алдымен кәдімгі нормалары). Ұлттық заңдар актілері нормаларын, сондай-ақ сот шешімдерін халықаралық құқықтық проблематикаға қатысты есепке алудың көмегімен мемлекеттің позициясын сол бір, не өзге де мәселесі бойынша немесе нормасы бойныша анықтау мүмкіндігі туады, мысалыға халықаралық әдет-ғұрып санатының субъективті элементіне қатысты.