Лингвистиканың негізгі нысанасының бірі де бірегейі- поэзия, өлең сөз екені даусыз. Бұл оның әрі танымдық, әрі эстетикалық қызметінен туындайды, яғни поэзия тілін лингвистика тұрғысынан зерттегенде, ең алдымен, ондағы образ жасампаздық мәселесі көзделеді. Ал образ жасампаздық тіл элементтерін (құралдарын) жазушының өз қаламында жарата білу арқылы пайда болады.(Р.Сыздықова). Ал қазақ поэзиясы ежелден кестелі сөзге, астарлы ойға, сөз мағынасын сан алуан ауыстыруға, алмастыруға, әсем де әсерлі образдарға өте бай екені белгілі. Бұл орайда жыраулардың ақындардың кез-келгенінің туындаларынан көптеп мысал келтіруге болады. Ж.Аймауытов айтқандай “суретті, кестелі көркем сөз Мағжаннан басталатыны” да шындық.
Ақынның сөз шеберлігін, сөз мағынасының түрлі иірімдерін нақ басып, жіті сезінгендігін, образ жасампаздығын танытатын шығармаларының қатарында “Қазақ тілі” өлеңінің орны ерекше.
Бұл өлеңді қаламгер дәл қай жылы жазғаны белгісіз, тек ақынның 1995-1996 жылғы үш томдық “Шығармаларында” 1911-1922 жылдарға топтастырылған туындыларының қатарында келтіріледі.
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың…
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.
Жарық көрмей жатсаңда ұзақ кентілдім,
Таза, терең, өткір, кошті, кең тілім.
Тарап кеткен торік балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
Қазіргі күнге дейін маңызын жоймаған, тіпті бұрынғыдан да мәні арта түскен тіл, қазақ тілі өлең тақырыбына шығарылғанымен ақынның аймар ой халқымыздың өткеніне, қазіргісіне, болашағына тікелей қатысты.