Көркем шығарма талдаудың тәсілдері

Қсықа-қысқа сегіз бөлімнен тұратын повест мазмұны кедей жігіт Бақтғұлдың өміріндегі аур кезеңді бейнелеуге құрылған. Повесть қазақ қоғамының феодалдық дәуіріндегі бай- жуандардың кедейге жасаған озбырлығын, есепшіл қулығын, шесіз әділетсіздіктің куәсі іспетті.Оқырманның барлық ынта-ықласы кедей жігіт Бақтығұл жағында, өйткені, ол- адал, еңбекқ, әділет іздеуші ер жігіт. Повестің идеясы мынау: теңсіздік жайлаған қоғамда әділеттілік болу мүмкін емес. Үсте тап өкілдерінің бірінен – бірі ешқандай айырмасы жоқ. Бақтығұл Сәлменнен қашып Жарасбайға тығылғанда, Жарасбай оны біраз өз ісіне пайдаланған соң , уақыты келгенде асыранды жетім күшіктей далаға лақтырып тастайды. Абақтыға тықпақ болған соң, қашқын аталады. Зорлық пен әділетсіздік жанын әбден күйзелткен ол болысты атып өлтіреді. Повестің осындай идеялық мазмұны қандай тілдік бояулармен берілген.

Бір інші бөлімнің мазмұнын бейнелейтін текст құрылысы бірде автордың өз баяндауы ретінде, бірде автормен Бақтығұлдың бірлескен көзқарасы тұрғысынан, бірде Бақтығұлдың ішкі ой, еске түсіруі ретінде бері леді. Текстің құрылымын жасуда бірді екілі диалогтың да орны бар.

Жазушы образ жасауда сөздердің тура мағыналары мен қата, ауыс мағыналарды да пайдаланады.

Мұнада қолданылған теңеу, эпитет, метафора бәрі де жазушуның айтайын дегенін жеріне жеткізіп бейнелеп, көздеген жерден дәл шығып жатады.

Кейікпердің Жан дүниесімен табиғат көріністері де үйлесім тауып жатады:”Күз аспаны кір леп, мұнартып, алыстағы қарлы биіктерден басына сәлдедей болт оралып, томсарып, сұрланып тұр”.

Тексте бұлардан өзге жиынтық образ жасайтын тағы бір символ бар. Ол- сын сәттерде Бақтығұлға күш-қайрат беретін Ожардың мұз құрсанған қарлы шыңы. Мұз тау, бір жағынан Бақтығұлдың ішіне қан боп қатқан кекті бейнелесе, екінші жағынан езілген бұқараның жиынтық бұқараның жиынтық рухын бейнелейтін образ. Бақтығұлға қарғыс оғын қолын қалтыратпай атқыэатын- сол.

Жалпыхалықтық тіл құралдары өнер шығармасының құрылысына енгенде белгілі эстетикалық шуан Альп, бұрын белгісіз, белгілі болса да онша ескеріле бермейтін жаңа, тың қырынан көрінеді. Көркем туындыда өзінің мазмұнына айырықша мол эстетикалық сапа, қасиетсыйғызып тұратын жекелеген сөз – образдар, тіркестер болады. Олар шығарманың тұтас өң бойына не жекелеген бөліктеріне өзінің эстетикалық нәрін таратып, айрықша көркемдік күш- қуат беріп тұрады. Көп ретте шығарманың аты өзінің құрылысында шығарманың бүкіл идеялық мазмұнын жинақтап, сйығызып тұратынсөз-образ болып келеді.