Көркем текст және әдеби тіл. Әдеби тілдің дамуы туралы мәлімет.

Басқа да қоғамдық құрылыстар сияқты әрбір әдеби тілдің туу туралы, даму кезеңдері болады. Әдеби тіл белгілі бір халықтың бәріне бірдей түсінікті ортақ қатынас құралы болғандықтан оның туып қалыптасуы дамуы сол халықтың шығуы мен тарихы тығыз байланысты.

Ұқсас жағдайларды ортақ ерекшеліктерді ескерткенде жалпы әдеби тілдің қалыптасуын негізгі үш жолын көрсетуге болады. Олар төмендегідей болып келеді.

  1. Әдеби тіл белгілі бір халықтың бір ғана тобы сөйлейтін, бір ғана

диалектісінің негізінде қалыптасады. Басқаша айтқанда белгілі бір халық бірнеше диалектіде сөйлейтін болса, диалектілердің біреуі бірте – бірте сол халыққа түгел ортақ бола бастайды да, кейін сол диалект әдеби тілге айналады. Мысалы, әдеби тілге негіз болған диалектінің жергілікті тілдің басқа диалектілерімен салыстырғанда жанрлық стильдік тармақтары дами түскен болуы, сөздік қоры бай болуы мүмкін.

Татар тілі өз ішінде бірнеше говордан тұратын негізгі үш диалектіге бөлінеді. Олар: 1) орта (қазан) диалекті, 2) Батыс (мишер) диалектісі, 3) Шығыс (сібір) диалектісі. Татар ұлттық әдеби тілдің қалыптасу процесінде оған негіз болған орта (қазан) диалектісі. Өйткені ол басқа диалектілерге қарағанда фонетикалық жүйесі грамматикалық құрылысы әлде қайда дамыған, сөздік құрамы бай, орфоэпиялық нормасы тұрақты диалект.

  1. Әдеби тіл кейде сол халықтың өз ана тілі емес, бөтен халықтың тілі

болуы да ықтимал. Әдеби тілдің бұлай қалыптасуы көбінесе сол халықтың басынан кешірген саяси- экономикалық жағдайлары мен тығыз байланысты. Бөтен тілдің әдеби тіл болуы сол халықтың тәуелсіздігінің жоқтығымен басқа бір елге бағынышты ел болуымен, мәдениетінің мешеу қалуымен байланыста болып келеді. Әдеби тілдің бұлай қалыптасуының өз ерекшеліктері бар. Кей жағдай әдеби тіл болып саналатын бөтен тіл ол халық үшін белгілі бір мерзім ішінде ғана өмір сүріп , кейін ол қасиетінен айырылып қалады. Немесе ондай әдеби тіл жергілікті халық тілі мен қатар өмір сүріп, тек жазба ресми әдеби тіл шеңберінде қалып қояды. VIII ғ бастап түркі халқын арабтар жаулап ала бастады. Басқыншылар түркі халықтарының жерін жаулап алып қана қойған жоқ, сонымен бірге жергілікті халықтың тілін, мәдениетін де құртып жіберуге әрекет жасады.

Осындай құбылыстардың негізгі себебі, бір жағынан, жоғарыда көрсеткеніміздей, түркі жерінде араб үстемділігін, ислам дінінің тамырын кең жоюының салдарынан болса, екіншіден, бұл кезде әлем халықтарына танылудың басқа елдерге кеңінен тараудың бір жолы – араб, парсы тілдерінде еңбек жазу еді.

  1. Көп жағдайда әдеби тіл сол халықтың барлық ия бірнеше

диалектісінің негізінде немесе жалпы халықтың тілдің негізінде, сол сияқы сөйлеу тілі мен бай ауыз әдебиетінің дәстүрінде қалыптасады. Ондайда бұған кейде халықтың я жеке ру – тайпалардың көне дәуірде болған жазба дәстүрі, сонымен бірге әр түрлі әдебиет дәстүрлері де әсер етіп отырады.

Қазақ әдеби тілінің тарихын Н.Сауранбаев мынандай дәуірлерге бөледі: 1) ХІХғ. Екінші жартысына дейінгі дәуір. 2) ХІХғ. Екінші жартысынан ХХғ.20-жылдарына дейінгі дәуір. 3) Советтік дәуір.

Қазақ әдеби тілінің қайдан басталатынын, қалыптасу тарихы туралы батыл пікір айтқан. С.Аманжолов болды. Ғалым қазақ тілі мен қазақ әдеби тілінің қалыптасу ерекшеліктері мен кезеңдерін бөлек – бөлек қарайды. Қазақ тілі үш территориялық диалектінің негізінде құралды. Ол үш территориялық диалект қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалардың басын құрған үш тайпа одағының тілдері еді, ал жеке ру-тайпа немесе тайпа одағының тіл тарихы көне дәуірге келеді. Ол тайпа тілдерінің немесе диалектілерінің тамыры бір жағынан көне түркі тілі мен ұштасып жатса, екінше жағынан, олардың кейбірі Орхон-Енисей, Семей-Талас жазба естерткіштерінің тілімен жақын болса кейбірі көне ұйғыр жазбаларының тіліне жақын, үшінші біреуі куман тіліне, төртіншісі Қожа Ахмед Яссауидың тіліне жақын еді деп келіп, ғалым қазақ тілінің негізгі біздің арамызға дейінгі, тұтас түркі тілі, семьясының негізгі сыдырай бастаған кезден бастайды да, кейін тұтас тайпа одақтары мен түркі халықтарының тілдері мен араласып, бірде жақындап, бірде алыстап отырды деп түйді. Ол қазіргі қазақ әдеби тіліне Солтүстік Шығыс диалектісі негіз болды дейді. Оның пікірінше оған себеп біріншіден, орыстың арық мәдениетіне бір табан болса да бұл территориядағы қазақтардың жақындығы болса, екіншіден Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин шекті ғалымдар мен көркем сөз шеберлердің тарих сахнасына келуі дейді.