Көркем тексті лингвистикалық талдау пәнінің жалпы мәселелері

Адамның рухани әлемін, оның адамгершілік бүкіл ішкі сезім қасиеттерін қалыптастырып байытуда әдебиет пен ана тілі пәндерінің атқарар қызметі ерекше. Көркем тексті лингвистикалық талдау жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына 1983 жылы енді.

Көркем тексі лингвистикалық талдау мектепте әдебиет және тіл сабақтарын жүргізуде тигізетін зор практикалық көмегі бар. Әдеби шығарма тіл арқылы жасалатындықтан өнердің бір түрі ретінде оның өзіндік көркем болмысын танып түсіну, оны4 тілін талдамайынша мүмкін емес. Екінші жағынан, көркем шығарманың тілі жалпы халықтық тілдің ең мәнді баспалдағы. Көркем тексі лингвистикалық талдау туыстас екі үлкен ғылым саласының әдебиеттану және тіл ғылымының обьектілермен тығыз байланысты.

Көркем шығарма – тілді қолданудың бір аймағы, үлкен бір өрісі болатындықтан, біз соз етіп отырған мәселе тілді қолданудың басқа да салаларымен, жалпы, тіл қолдану, тіл жұмсау деген ұғыммен тығыз байланыста болады. Демек – тілді лингвистикалық талдау стилистика тіл мәдениеті, әдеби тіл тарихы сияқты тіл ғылымының туыс салаларымен қарым қатынасы байланысты болады.

Көркем ойды бейнелейтін тіл құралдарының эстетикалық қасиетін ашу, сырымен сынын түсіну бағытында аз жұмыс істелген жоқ. Оның алғашқы қадамдары көрнекті орыс ғалымдары С.М.Пешковский, Л.В.Шерба, В.В.Виноградов еңбектерінен басталады

Көркем тілді лингвистикалық талдау пәнінің мақсаты – көркем тексте қолданылатын тілдік құралдардың мәнін ашып түсіндіру, сол арқылы түпкі нәтижеге – текстің жалпы көркем бейнелі болмысын түсінуге қол жеткізу. Көркем тілді лингвистикалық талдау, тексті толық, жан – жақты кең түрде түсінуді қамтамасыз ететін жалпы филогиялық талдаудың алғашқы баспалдағы. Көркем тілге тілдік талдау жасау тексте жазушы қолданған тілдік құралдардың мәнін ашуға құрылады. Текстегі тілдік тұлғалардың мән – мағынасын әбден білмейінше олардың неліктен қолданылып тұрғанын, өзіне қандай көркемдік мақсат жүктейтінін көркем бейне құруға қаншалықты ат салысып тұрғанын ашу былай тұрсын, текстің жай қарапайым мазмұнын түсіндірудің өзі мүмкін болмайды.