Қоғамның өмірі сияқты, оның қажетінен туған тіл де аса күрделі құбылыс болып табылады. Тіл коғамдық қатынастардың объективтік қажеттілігінен жай пайда болып қана қойған жок, сол қоғамдағы адамдардың бірлескен іс-әрекеттерін үйлестіру талап-тілегін орындау үшін үздіксіз дамып та отырды. Тілдіњ дамуы, жетілуі айрықша күрделі кұбылыс. Ол жөнінде алда арнайы әңгіме болады. Бұл жерде тілдің негізгі қоғамдық міндеттерін — адамдардың өзара ой-пікір алмасуының, жалпы алғанда, өзара қарым-қатынас орнату және, екіншіден, ойлаудың тікелей шындығы болу міндеттерінің мәнін ашып алу қажет. Аталған міндеттердің біріншісі тіл білімі философиясында коммуникативтік функция, ал екіншісі гносеологиялық (дүниетанымдық) функция деп аталады.
«Коммуникация» деген кең мәнді латын сөзінен шыққан «коммуникативтік функция» деген сөз тіркесі қазақ тіліне орыс тілі арқылы енгені белгілі. Қазіргі жағдайда қазақтар үшін орыс тілі де шетелдік тілдердің қатарына көшті. Сондықтан орыс тілінен ауысқан терминдерді де шетелдік ретінде қолдануға қақымыз бар. Ал орыс тілінде «коммуникация» термині тілге байланысты «общение» деп аударылып, бұл екі термин қатар қолданылып жүр. Қазақ тілінде бұл термин «қатынас», «қатынас жасау», «ой-пікір алмасу» деген мағынада қолданылып жүр. Сол сияқты латынның «функция» деген көп мәнді ғылыми терминін де түпнұсқасында және атқаратын қызметі мен рөлі деген қазақша аударма мәнін де қатар қолданамыз. Тілдің коммуникациялық немесе қатынас құралдық ұғымының философиялық логикалық мазмұнын ашып көрсету үшін, ол ұғымды ең алдымен адамның жасампаздық еңбек қызметімен байланыста қарастыру қажет, өйткені тілдің тууының ең негізгі алғы-шарты қоғамдық еңбек процесін реттеу, жетілдіру үшін ұжым мүшелерінің өзара ой-пікір алмасу, бір-бірімен түсінісу қажеттілігі болғаны жоғарыда айтылды. Сол себепті де қарым-қатынас кұралы болу, яғни ең алдымен ой-пікір алмасу құралы болу тілдің ең бірінші, ең басты міндеті, функциясы болып табылады.
Алғашында коммуникативтік функцияны еңбек кұралдарының өздері атқарды.
Еңбек кұралының хабарлаушы-коммуникативтік функциясы біртіндеп ымдаумен, ал одан кейін дыбыспен ауысты.
Тіл адамдардың бұрынғы ұрпақтармен ой-пікір алмасуынын көзге көрінбейтін айрықша байланыс каналының қызметін, адамзаттың әлеуметтік дамуының үздіксіздігі мен сабақтастығының құралы қызметін атқарады. Сөздің мәнін білдіретін мағынасының қалыптасуы, оның өзгерісі ішкі лингвистикалық заңдарына байланысты емес, әлеуметтік-тарихи практика тұрғысынан танымдық бейнесінің дамуына байланысты. Ой-пікір алмасу барысында қайсы бір сөзді түсіну үшін ол сөздін иесі болып табылатын тілдің құрылысын, оның басқа сөздермен байланысу мүмкіндіктерін (синтаксистік жағын) біліп, санада шындыққа сәйкес белгісін дәл елестету керек, яғни сөз бен заттың бейнесін (семантикалық жағын) дұрыс сәйкестендіру қажет.
Тіл «дайын ойды» жеткізу құралы ғана емес. Сонымен бірге ол — ойдың пайда болу, қалыптасу құралы да. Көрнекті орыс психологы Л.С.Выготский (1896-1934) айтқандай, ой сөз түрінде айтылып қана қоймайды, сондай-ақ сөз түрінде іске асады. Олай болса, тілдің коммуникативтік, қатынас құралы болу қызметі оның екінші негізгі қызметімен — ой-пікірді қалыптастырушы қызметімен, яғни гнесеологиялық функциясымен айырғысыз байланыста, бірлікте іске асады. XIX ғ. бірінші жартысында дүниеден өткен немістің аса ірі тілші-ғалымы Вильгельм Гумбольдт (1767-1835) тілді» ойды құрушы орган» деп атағанда, оның дүние танымдың функциясы туралы айтқан болу керек. Тілдің бұл екі негізгі, басты функциясынын: табиғи бірлігі және табиғи бірлікте үздіксіз дамуы тілді қоғам ұрпақтарының әлеуметтік-тарихи тәжірибесін жинақтап сақтаушысына, алға апарушысына айналдырды.
Коммуникативтік функцияны тіл білімі ғылымының мамандары оның бірнеше жеке түрлеріне бөледі: грамматикалық сөйлемдердің мәніне қарай, мәселен, фактінің бар екендігін білдіру функциясы (хабарлы сейлем турінде), сұрау функциясы — фактінің бар-жоқтығын анықтау (сұраулы сөйлем), апелляциялық — белгілі бір әрекетке шақыру функциясы (лепті сөйлем), єкспрессивтік — сөйлеушінің кім екенін, оның көңіл-күйін білдіру функциясы, т.т.
Коммуникация немесе қатынас жасау дегеніміз — қоғамдық субъектілердің (жеке адамдардың, қоғамдық топтар мен таптардың т.б.) өзара байланысу және қатынасу процесі: түрліше іс-әрекеттер, хабарлар мен тәжірибе, қабілеттілік пен дағды-шеберлік және сондай-ақ өндіріс (еңбек) нәтижелерің алмасу; қоғам мен жеке адамның қалыптасуының және дамуының қажетті де ең жалпы шартының бірі. Қатынас жасаудын барлык формаларының шын іске асуының көрінісі идеялар, мақсат, мүдделер, сезім мен көңіл күйі сияқты рухани өмірдің нәтижелері ғана емес, сондай-ақ адам еңбегінің құралдары мен жабдықтары да, әлеуметтік байлықтар мен адам тәжірибесінін нәтижесі болып саналатын материалдық заттар да соған жатады. Қатынас жасаудың бір қатар түрлері бар. Ол ең алдымен тікелей қатынас және жанама қатынас болып екіге бөлінеді. Одан кейін жеке адамдық және ұжымдық (коллективтік), рухани және материалдық (заттык) болып, ал мазмұнына қарай информациялық (хабар беруіпі), сезімдік-ємоциялық әсер беруші және реттеуші т.т. болып бөлінеді. Бірақ бұлардың бәрі іс жүзінде түрліше ұштасып қолданылады. Мәселен, тікелей қатынас көбінесе жеке адамдық түрде, ал жанама қатынас ұжымдық және руханилық түрлерімен ұштаса қолданылады.
Ой-пікір алмасудың формасы (мәселен, тікелей түрі) мен сөйлеу формасы (айталық, баяндаламаған сөзін бөліп реплика тастау, сұрақ қою) және олардың мазмұны арасында айырғысыз бірлік бар. Ой-пікір алмасу формасы алмасудың сөйлеу сипатын және басқа жақтарын алдын ала айқындап береді. Сөйлеу формаларына сөйлешілердің қоғамда атқаратын қызметі, әлеуметтік орны зор әсерін тигізеді.
Адамның қалыптасуының бастапқы кезеңінде оның білім алуының негізгі жолы, көзі тікелей қатынас жасау, шындық дүниені сезім мүшелерімен тікелей қабылдау болды. Біртіндеп коллективтік тәжірибеші ымдау, дыбыстау арқылы, кейіннен жазбаша тіл арқылы берудің рөлі арта берді. Адамдар арасында қарым-қатынас жасаудын б±л коммуникативтік формасынын, өрісі тар болды — ру, тайпа, жеке ауыл-село және қала аумағынан аспады. Бірақ адамзаттың тарихи прогресі адамдардың ақыл-ойы мен жүрегіне жол табудың жаңа әдіс-тәсілдерін ойлап шығарды: тікелей сөйлеу, жиында баяндау, өз оқушыларының алдына лекция оқу, мешіт пен шіркеудегі діни уағыздау, өлең арқылы жеткізу, шешеннің халық алдында сөйлеуі, тағы сондай толып жатқан тікелей хабар жеткізудің орнына тіл арқылы қатынас жасаудың жанама жолдары мен құралдары пайда болды.
Қатынас жасаудың жанама түрі арқылы ғылымды, білімді, қоғамдық сананың басқа формаларын меңгеру көбінше кітап, әдебиет пен өнер шығармалары оқу, бұќаралық хабар құралдары т.б. арқылы жүзеге асады. Ќатынас жасаудың мақсаты мен нақты жағдайларына байланысты хабар (информация) не нақты адамға немесе адамдар тобына тікелей жіберілуі мүмкін не болмаса адамдар тобыныя белгісіз бір бөлігіне арналуы мүмкін. Тікелей ќатынас жасау ауызша сөйлеу жөне белгілі бір мөнді білдіретін қимыл арқылы жүзеге асады. Ал қатынас жасаудын жанама жолы: баспасөз, хат жолдау, телефон, телеграф, радио, кино, теледидар т.б.
Ќатынас жасау ќ±ралдары дегеніміз — адамныњ ішкі дүниесінен сыртқы өлеуметтік дүниеге апаратын өткел деуге болады; олар ой-санаға жеке адамдыќ болмыстаи гөрі жоғары сипат беріп, ойлау болмысын айтарлықтай ±зартады, ал кейде мәңгі өлмейтіндей жасайды. Сонымен бірге тіл қоғамның барлыќ байлығын жеке адам рухының байлығына айналдырады. Ќоғам өміріндегі бұл сабаќтастыќ байланыстың зор маңызын атап көрсету мақсатында орыс жазушысы әрі философы А.И.Герцен адамдардың іс-єрекет ±мтылысы «ізсіз жоғалып кетпейді, олар тұлғалы сөз түрінде бейнеленіп, аңыздар түрінде сақталады, сөйтіп ғасырдан ғасырға беріліп отырады» деп жазған екен. Кітаптар барлык өткендегі мөдениетті ќазіргілердің игілігіне айналдыратын ќ±жаттар десе де болады. Ана тілінде жинаќтаған ќазына байлығына әрбір ±рпаќ бірінен соњ бірі өз аќыл-ойының жетістіктерін қосып отырады. Әрбір халыќ өзініњ рухани өмірініњ даму ізін халыќ тілінде, жазуында мұќият саќтап қалдырады, сөйтіп адамның ақыл-ойы өз дамуында аса бІр к‰рделі де мањызды міндетті шешті: өзіндік аќыл-ойын сөйлеу тілінде бейнелендіріп, оны мєңгі өлмейтін ќ±былысқа айналдыру мүмкіндігіне ие болды. Б±л жөнінде халыќ даналыѓы; «ќалам±шпен жазғанды балтамен шауып жоя алмайсың» дейді.