Қандайда болмасын хабар қатынас текст арқылы жүзеге асады. Текст аяқталған бір бүтін құрылымнан тұрады. Сөйлеудің мазмұны қатынас жасау жағдайлары, оның бағыт өрістері әр түрлі болғандықтан, текст құрамындағы тілдік тұлғалардың тіркесу, байланысу сипаттары да түрліше болады. Бұл айырмашылықтар жалпыланған, бір тектес сипатқа ие. Сондықтан оларды жинақтап, топтап ол топтардың өз ішіндегі ортақ қасиеттерімен бір бірен-саран айырмашылықтарын тауып зерттеу текст стилистикасындағы басты міндеттерінің бірі. Мұның өзі тілдік шығармалардың түрлерін дәлірек айтқанда тілдік қолданыстарын типтенген формаларын зерттеу болып шығады.
Тілдік тұлғалардан қолданыс кезіндегі ерекше сипаттарын экстра лингвистикалық факторлар анықтайды. Оларға тілдік қолданыстардың коммунативтік міндеттерді: қатынас жасаудың мақсатымен айқындамасы, хабардың кімге арналғандығы т.б жатады. Шығарманың мазмұндық жағын құрайтын бұлар тідік тұлғаларды таңдауға негіз болады да, текстік өзіндікжалпы сипатын, стилін айқындайды.
Шығарманың өзіндік тілдік бітім болмысы, бір жағынан тілдік тұлғалардың шындыққа қатынасымен айқындалса, екінші жағынан, шығарма текстін құрудың, ұйымдастырудың ерекшеліктерімен айқындалады.
Екінші жағына, текст құрудың ұйымдастырудың ерекшеліктерімен айқындалады. Олардан тілдік құралдардың өзара құрылудың қатынаста болатынын, және өздері бейнелейтін мазмұнға қатысты болатынын білеміз. Текстің мазмұндық формасы және элементтерді жоққа шығармай. Мазмұнымен қатыста болуға тиіс мазмұнын негізгілігін, батапқылығын мойындай отырып, форманың мәнін төмендетуге болмайды. Ол мазмұнды құрушы, ұйымдастырушы жақ, онсыз мазмұнда бейнеленбеген болар еді. Мазмұн мен форманың көрініс әртүрлі сөйлеу типтерінде, текст түрлері де бірдей емес. Бұлардың байланысы әсіресе көркем шығарма текстерінде күрделіде ерекше болады. Текстін құрылымдық бір тұтастығы тақырып бірлігін сақтайтын құралдар әртүрлі қайталаулар, контекстегі тілек мәнді сөздер арқылы жүзеге асады . Текст құрылымы текст компонентерінің байланыстарымен беріледі. Сөйлемдердің басталуы, аяқталуы бірдей тұлғада орналасу тәртібіде бір тектес болып келеді.
Көркем текст, оның басқа тексттерден айырмашылығы.
Көркем тіл мен әдеби тіл.
Көркем текст аяқталған біртұтас күрделі құрылым ретінде қаралады. Оның эстетикалық тұрғыдан ұйымдасқан тілдік формасы текстін идеялық көркемдік мазмұны белгіленеді. Курстың міндеті осы бір тұтас күрделі құрылымды талдап түсіндіру оның ұйымдастыру механизімін ашу. Бұл міндет тексті тілдік және тілдік статистикалық талдаулар арқылы жүзеге асады.
Тілдік талдау талдаудың ең қарапайым түрі. Оның мақсаты-көркем тексте пайдаланған, әдіс шығарманы дұрыс ұғынуға тікелей қатысы бар тілдік тұлғалардың мән — мағыналары мен қолдану жағдайларын ашып беру.
Бұл, сөз жоқ, әдеби туындысы дұрыс әрі толық түсінуге көмектеседі. Тілдік талдаудың алғашқы басқышы – көркем шығарма текстін мәнерлеп оқу.
Мұнда шығармалардағы экспресивтік-эмоционалдық жүк көтеріп, өзіне айрықша міндетті артып тұрған сөздер мен аралымдарға мән бере интонациясын, әуенін сақтап сол арқылы жазушысын сөз қолдану ерекшелігін толық ұғынарлықтау оқу күрделі.
Тілдік талдаудың негізгі обьектісі – шығарманың сөздік құрылымы. Сөз құрамымен жұмыс жазушы қолданған сөздері мағынасын ашып айқындау үшін қажет өйткені сөз мағынасы тілдік өзгергіш бөлігі: Ол оқушыға түсініксіз болса тексті түсіндіруге де қиындық тудырады. Текстегі кейбір сөздердің шығу тарихы, қолдану аушағы мен актив не пассив қолданысы.
Бұл жұмыстардың бәрі де тілдік талдаудың алғашқы сатысы. Ол тілдік түсініктеме беру деп аталады. Текстегі сөздердің, граматикалық тұлғалардың сыр-сипаты ашылады, қолдануда шығып, көнерген сөздермен тіркестердің деаликтиздермен қарапайым мен жаргон сөздердің мән мағыналары анықталады. Сөйтіп тілдік түсініктеме жасаудың міндеті тексті түсінуге қажетті фонетикалық лексикалық, грамматикалық тұлға құрылымдарменкатегориялардың мазмұнын ашу. Көркем шығарма тілі әдеби тіл фактісі болғандықтан, әдеби тілде болып жатқан барлық өзгерістерді өз бойында қамтып отырады. Көркем текстегі сөздер тіркестег басқада тілдік тұлғалар мен категориялар қазіргі әдеби тілде жоқ күні өткен немесе әлі ене қоймаған жаңа құбылыс болуы мүмкін. Сондықтан көркем текст басқа да текст түрлерімен біргелікте әдеби тілдің даму заңдылықтарын анықтауға обьект болатын тілдік дерек ретінде қарастырады. Көркем әдеби тексті әдеби тілде жазылса да көркем шығарма тілі мен әдебиеті арасында принціпті ерекшеліктер бар. Олардың ең бастысы атқаратын қызметінен туындайды. Әдеби тіл комуникативтік қызмет атқарып, адамдардың күнделікті қарым-қатынас жасауының құралы болса, көркем шығарма тілінде ол басқа қырынан көрінеді.