Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін, сөйлесуі қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады.
Тілің қатынас құралы қызметін атқаратыны туралы пікірлер ертеректен айтылғанымен, тілдік қатынастың тіл білімінің жеке мәселесі ретінде зерттелуі соңғы жылдардың үлесіне тиеді.
Қазіргі кезеңде халқаралық байланысы күшті барлық елдерде тілдік қатынас мәселесіне ерекше маән беріліп отыр. Тілдік қатынастың бүкіләлемдік маңызы ел мекн елдің, ұлт пен ұлттың сакяси байланысына жан-жақты жол ашудан көрінеді. Сондықтан тілдік қатынас бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі ретінде әлемдік лингвистикада жаңа ғылыми еңбектердің шығуына әсер етті.
Тілдік қатынас – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту, пікірлесу т.б. әрекеттеріне тікелей
Қатысты құбылыс. Свондықтан тілдік қатынасқа байланысты құбылыстардың теориялық негіздерін анықтау; айтылған, берілген, жазылған хабарды қабылдаудың әдіс-тәсілдерін айқындау; сол сияқты қарым-қатынас құралдары мен тұлғаларын, олардың қолданылу жолдарын белгілеу қазіргі өзекті мәселелер қатарына жатады.
Тілдік коммуникация туралы мәселені қарастырмастан бұрын, “коммуникация” немесе “коммуникативтік” терминдері қандай мағананы білдіріп, қалай қол?данылатындығы жөнінде айта кеткен жөн.
Қазақ тіл біліміне қатысты еңбектерде “коммуникатив” деген сөз алпысыншы жылдардан бастап кездеседі. Тілшілер кітаптарында бұл терминді тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметіне қатысты қолданғанмен, оның мән-мағынасына түсініктеме беріп-, зерттеу жүргізе қойған жоқ.
Мәселен, 1980 жылы “Ғылым” баспасынан жарық көрген “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің” 5-томында осы түбірге қатысты бір ғана сөз берілген. Ол — “коммукниация ”сөзі. Мұнда айтылған анықтаулар мен мысалдар “жол қатынасы” , “байланыс” деген ұғымды көрсетеді.
Қаым-қатынастың түрлері көп. Тілдік қатынас – тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы; қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу; яғни адамзаттың тіл арқылы қатынасқа түсуі тілдік қатынас дегенді білдіреді.
Бұл жерде сөйлеу тілі деген тіркесті ерекше бөліп айтуға тура келеді. Өйткені ол ауыз екі сөйлеу деген мағананы емиес, жалпы адамзаттың сөйлесу құралы, сөйлеу құралдарының қызметі, адамның тілі, адамның тілдік қатынас құралы деген қоғамдық әлеуметтік мәні бар ұғымды жеткізіу тиіс. Сондықтан осыедай нақтылы ұғымды білдіру үшін, бі сөйлесім тілі деген тіркесті қолданамыз.Себебі, “сөйлесім”, “сөйлеу” түбірі арқылы жасала келіп, сөйлеупроцесінің тек адамзатқа тән екенін дәлелдейді. “Сөйлеу” деген сөздің өзі адамның ойын жарыққа шығару қасиетін білдіретіндіктен, көбінесе бір жақты әрекет ретінде қапбылданады. Ал, “сөйлеисім” “сөйлеу” түбіріне ортақ етістің “с” жұрнағы қосылу арқылы жасала келіп, бір –бірімен тілдік қарым-қатынас нәтижесінде іске асатын ортақ құбылысты көрсетеді.
Тілдік қатынас – сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді нақтылай келіп, жай ғана қарым-қатынас дешгеннен гөрі тамыры тероеңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамның дамуы үшін ең қажетті әлеуметтік ақпараттлардың жиынтығы арқыл адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы, адамдар қатынасының түп қазығы дегенді білдіреді.
Өмірде адамдар тек тілмен сөйлесу арқылы ғана бір-бірімен түсініспейді, кейде әртүрлі жағдайларға байланысты олар бір-бірін тілсіз-ақ ұғып, соған қарай іс-әрекет жасайды.
Кейдле адамдар белгілі бір шартты келісімдер немесе белгілер арқылы тілсіз-ақ ұғынысады. Бұл да адамдар арасындағы қарым-қатынастың бір түрні. Осыдан басқа да адамдардың бірін-бірі түсінісудің көптеген жолдары бар.
Мұндай семиотикалық таңба-белгілерден өзгеше адамдардың ыммен түсінісуі және көздің, ауыздың, қабақтың қимыл қозғалыстары мен жалпы бет — әлпеттің өзгеруі арқылы ұғынысуы сияқты қаншама көп белгілер бар.
Жалпы адамдардың арым – қатынгасына қатысты зәрекеттер екі үлкен тармақтан тұрады. Оның бірі – тілдік қатынас, екіншісі – тілсіз қатынас.
Тілдік коммуникацияның лингвистикалық негізі қарым-қатынас құралы тілге байланысты екені анық. Лингвистика тіл туралы ілім болса, тілдік қатынас сол тілдің қарым-қатынасқа қатысты ерекшеліктерін қамтиды.
Тілдік қатынастың педагогикалық негізі – табиғат пен қоғамдағы ерекше құбылыс адамға, оның өмірдегі орнына, тілдік қарым-қатынасына байланысты.
Тілдік қатынастың психологиялық негізі – тілді оқыту барысында оқушының сана – сезісіне әсер етіп, оның қажетитігі мен маңызын түсіндіріп, пәнге дешген дұрыс көзқарасты қалыптастыру. Сонымен, тілдік қатынастың ең басты