- Орфография.
- Транслетерация және транскрипция.
Орфография дегеннен дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы дегенді түсінеміз. Т ілдің дыбыстық жағы оның сөздік құрамы және грамматикалық құрылысымен, өз ара байланыста болады. Осыған орай фонетикалық жазу тілдің дыбысталу жағын ғана емес, сонымен бірге лексикасы мен грамматикалық ерекшеліктерін де қамти алатындай алатындай болуы керек. Орфография дұрыс жазудың нормасы мен қағидаларын белгілегенде, тілдің әр түрлі жақтарын және олардың байланысын ескере отырып, нақтылы принциптарге сүйенеді, соларды негіз етіп алады.Орфографияның жұп-жұбымен тізбектеле қолданылатын алты түрлі принципі бар. Олар мыналар:
Фонеметикалық принцип пен фонетикалық принцип. Фонеметикалық принцип бойынша, әрбір фонема қай позицияда келуіне қарамастан , өзіне бекітілген тұрақты таңба – бір әріппен белгіленеді. Орыс тілінде бір сөздің әр түрлі формалары , мысалы, плода және плод формалары әр түрлі дыбысталғанымен (плода формасында айтылған сөздің құрамындағы ұяң дауыссыз д плод сөзінде айтылуда қатаң дыбысқа айналады), біркелкі жазылады. Орфограграфияның фонематикалық принципі бойынша дуб және дуба формалары да айтылуда бірінде қатаң, екіншісінде ұяң дауыссыз келуіне қарамастан біркелкі ұяң әріппен жазылады.
Фонетикалық принцип сөздің құрамындағы дыбыстардың айтылуын сақтап жазуды басшылыққа алады. Мысалы, жаздыгүні, қыстыгүні, ашудас деген сөздердің айтылуынша, осылай жазылуы – орфографияның фонетикалық принципіне сүйеніп жазудың нәтижесі. Бірсыпыра сөздердің жазылуында фонематикалық принцип пен фонетикалық принцип бірдей ұштасып, бір-біріне сайма-сай келеді. Мысалы, орыс тіліндегі пол, ток, кот, сом, сам, қазақ тіліндегі ағаш, тас, көл, қорған, аттаныс тәрізді сөздер фонематикалық жақтан да, фонетикалық жақтан да біркелкі жазылып, бір-бірінен ажыраспайды. Солай болғандықтан аталған сөздердің жазылуын фонематикалық принципке де, фонетикалық принципке де жатқызуға болады.
Этимологиялық принцип пен дәстүрлік-тарихи принцип. Этимологиялық принцип сөздердің қалпын емес, шығу тегін сақтап жазуға негізделеді. Мысалы, орыс тілінде “қайық” деген мағынаны білдіретін сөз лотка түрінде емес, лодка түрінде жазылады. Бұлай жазуда сөздің негізі лодочный, лодочка деген сөздердің құрамында кездесетін лод екені ескеріледі.Этимологиялық принцип бойынша жазу сөздердің өткен дәуірдегі қалпын сақтайды. Мысалы, орыс тілінде пчел, пошел, пшенный деген сөздердің құрамындағы е әрпінің орнына қазіргі кезде о дыбысы айтылғанымен, бұлардың ертеректегі қалпы сақталып, этимологиялық принцип бойынша жоғарыда көрсетілген түрде жазылады.
Дәстүрлік-тарихи принцип этимологиялық принциппен төркіндес, соған ұқсас принцип болып саналады. Орфографияның бұл принципі тілдің ерте кездегі жазу дағдысына негізделеді де, сөздің ертеректегі айтылуы мен жазылуын өзгертпей сақтауды көздейді. Мысалы, помощник деген сөз шіркеулік славяндық помощь дегеннен емес, орыс тілінің помочь деген сөзінен жасалғанына қарамастан, дағды бойынша жоғарыда көрсетілген түрде жазылады.
Морфологиялық принцип пен иероглиф принципі. М орфологиялық принцип бойынша жазу сөздердің айтылуына емес, түбір тұлғасын сақтауға негізделеді. Көптеген тілдерде сөздерге сөз тудырушы аффикстер мен сөз түрлендіруші аффикстер жалғанғанда, екі сөз бірігіп немесе өз ара тіркесіп айтылғанда, сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуы өзгеріп, әр түрлі дыбыстық өзгерістерге ұшырайды. Морфологиялық принцип дыбыстлудағы бұл рекшеліктерді ескермей , сөз құрамындағы сыңарлардың жеке тұрғандағы қалпын сақтап жазуды басшылыққа алады. Мысалы, басшы (башшы емес), ұшсын (ұшшын емес), сәнқой (сәңқой емес), көрінбеді (көрімбеді емес), қазанғап (қазаңғап емес), әркім (әргім емес).
Орыс тілінде айтылуда вадавоз, атрез, одзыв, хаждение түрінде дыбысталатын сөздер жазуда морфологиялық принципті гаяныш етудің негізінде водовоз, отрез, отзыв, хождение түрінде жазылады.
Иероглиф немесе символ принципі біркелкі дыбысталатын сөздерді , яғни омонимдерді жазуда бір-бірінен ажырату үшін қолданылады. Мысалы, орыс тілінде “музыкалы би кеші” деген мағынаны білдіретін бал деген сөз бен “оқушылардың білім дәрежесіне қарай қойылатын цифрлы баға” деген мағынаны білдіретін балл сөзі жазуда біреуінде жалғыз л әрпі , екіншісінде қосарлы лл әрпі қолданылу арқылы ажыратылады. Орыс тілінде “науқан” деген мағынаны білдіретін кампания деген сөзден “бірлестік, серіктестік” компания деген сөз жазуда иероглиф принципі бойынша ажыратылып жазылады. Қазақ тілінде “ жай, күй, жағдай” деген мағынаны білдіретін хал сөзі мен “денедегі кішірек қоңырқай таңба, белгі” деген мағынаны білдіретін қал сөзінің осылайша жазылуы иероглиф принципі мысал бола алады. Бұл принциптің сөздерді бір-бірінен ажыратушы қызметі ескеріліп, ол кейде дифференциальды принцип деп те аталады.
Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды . Мұндай қызметті транскрипция ғана атқара алады. Транскрипцияның әдеттегі жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдеттегі жазу жүйесінде сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Транскрипция үшін сөздің этимологиялық, морфологиялық байланыстардың ешбір мәні жоқ. Бұл-бір. Екіншіден, графика сөздің дыбысталуын әрқашан дәлме-дәл көрсете бермейді. Ал транскрипцияның ең негізгі қызметі – сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету. Бір әріп ыңғайына қарай әр түрлі фонемаларды белгілей алса, транскрипциялық таңба бір ғана мәнге ие бола алады. Бір фонема жазуда әр түрлі әріптермен таңбалануы мүмкін, ал транскрипцияда ол әрқашан бір ғана таңбамен белгіленеді.
Транскрипциядан транслитерацияны ажырата білу керек. Транслитерация жазылғанды бір алфавиттен екінші алфавитке, мысалы, орыс алфавитінен латын алфавитіне немесе, керісінше, аударып жазуда қолданылады.Транслитерация әсіресе географиялық атауларды және т.б. басқа жалқы есімдерді жазуда жиі қолданылады.