Сан есімдер

Өзінің мағынасы мен қызметі жағынан сын есімге ұқсас сөз табының бірі – сан есім. Өйткені екеуі де зат есімдегі қасиеттерді көрсетеді.

Сонымен бірге сан есім жеке-дара да қолданылып, тіліміздегі санның атын білдіреді. Сан есім неше? қанша? нешінші? нешеу? деген сұрақтарға жауап береді. Сан есімдер басқа сөздерге тіркестірілмей айтылған да, санды (абстракт) жалпылай атайды. Мысалы: бір, екінші, үш, бес, алты, жеті т.б.. Сан есім өзге сөздермен қарым-қатынасқа түскенде, олардың мағынасы нақтыланады. Мысалы: екі айда алпыс күн бар. Төрт аяғым тең жорғамын. Осындағы екі, алпыс, төрт сан есімдері ай, күн, аяқ сөздерінен айқындап, нақты мағынаға ие болып тұр.

Заттың санын, ретін, мөлшерін білдіретін сөзді сан есім дейміз.

Сан есімдер құрамына қарай іштей дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Дара сандардың атауы жиырма шақты, бірден мыңға дейін. Мысалы, бір, екі, үш,төрт, он, жиырма, елу, алпыс, жүз мың.

Сан есімдер негізінен анықтауыш қызметін атқарады.

Сан есімдер мағыналық, тұлғалық, синтаксистік жағынан алты топқп бөлінеді. Олар: Есептік сан есім, реттік сан есім, жинақтық сан есім, болжалдық сан есім,топтау сан есім, бөлшектік сан есім.

  1. Есептік сан есім заттың жалпы санын білдіреді. Есептік сан есімге табиғи сандар жатады. Олар сандәрежесіне қарай бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандар деп бөлінеді.
  2. Реттік сан есім заттың рет санын білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімнің жасалуына есептік санесім негіз болады. Мұны кесте арқылы көрейік.

 

Есептік сан есім Реттік сан есім Мысалдары
Бір

он

алты

жеті

-інші, -ыншы

— ншы, — нші

Бірінші, он-ыншы

Алтыншы, жеті-нші

Реттік сан есім күрделі де болып келеді. Күрделі сан есімге жұрнақтар ең соңғы санына жалғанады. Мысалы, он алтыншы. Реттік сан есім сөйлемде анықтауыш болады.

  1. Жинақтық сан есім нешеу? деген сұрауға жауап беріп, заттың жинақталған санын білдіреді. Жинақтық сан есім –ау, еу жұрнақтар арқылы жасалады. Жинақтық сан есім бірден жетіге дейін ғана. Жинақтық сан есім үнемі дара күйде келеді. Жинақтық сан есімдер тұрып та, қосымшалар жалғанып та сөйлемнің әр түрлі мүшесі бола алады. Мысалы, екі жердегі екі —төртеу. Мына төртеуін бер.
  2. Болжалдық сан есімдер заттың санын да дәл атамайды, шамалап, болжалдап көрсетеді. Болжалдық сан есімдердің жұрнақтарын кесте арқылы көрсетеміз.
Есептік сан есім Жұрнақтар арқылы Көптік және жатыс жалғау арқылы Есептік сан есімдерге қосарланған сан арқылы Көмекші сөздер арқылы
Он

Жүз

-лаған, -леген

-таған, -теген,

-лап, -леп,

-тап, -теп,

-дай,-дей,

-тай, -тей,

он-даған

жүз-деген

он-дап

жүз-дей

-лар-да

-лер-де

-тар-да

-тер-де

-дар-да

-дер-де

он-дар-да

жүз-дер-де

он-он бес

жүз-жүз

елу

елу-алпыс

шамалы

мөлшері

қаралы

таяу

жақын

жуық

таман

тарта

 

  1. Топтау сан есім заттың санын топтап көрсетеді. Топтау сан есімі нешеден? деген сұраққа жауап береді, шығыс септігі жалғауы арқылы жасалады. Мысалы, екі-екіден, бес-бестен.
  2. Бөлшектік сан есім бүтін заттардың бөлшегін білдіреді: жарым-жарты, ширек, үштен бір. Жартысы, ширегі сияқты сөздер арқылы жасалғанда, сан есімдер ілік жалғауында тұрады. Мысалы, жүздің жартысы, онның ширегі.