Егер қасында зат есім болса, мына сөздер әрі зат есім, әрі сын есім қызметінде жұмсалады: ақ, қара, көк, салқын, суық, жақын т.б.. Мысалы:
Барса, тамда гүл тұр солқылдаған,
Басында үш жеміс бар былқылдаған.
Бірі – ақ, бірі – қызыл, бірі – сары.
Осындағы ақ, қызыл, сары сын есімдердің зат есімге айналып тұрғаны „жеміс” (бірі) – ақ жеміс, бірі – қызыл жеміс, бірі – сары жеміс деген зат есімнің түсіп қалып, ақ, сары, қызыл сөздерінің оның жүгін арқалып, зат есімге айналып тұруы. Егер сын есімдерге жалғаулар (көптік, тәуелдік, септік, жіктік) жалғанса болды, зат есімге айналады. Мысалы, ақтар, ағы, аққа, ақпен және т.б.. Кейде қосымшасыз-ақ сын есімге айналады. Мысалы: Құлақасқа болмағанда, Баршагүлді жоғалтып ек. Ол оның тұңғышы. Мұндағы ғылым тілімен сын есімнің субстантивтенуі деп аталады.
Сын есім мағына жағынан заттың сынын, белгісін білдіретін сөз табы болғандықтан, сөйлемде негізінен анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, жіңішке ине мен жуан иненің аралығындағы жуантық инені бәсең ине дейді.
Сын есем зат есімге айналғанда және сөйлемдегі орындарына қарай сөйлем мүшесінің барлығының да қызметін атқарады. Мысалы, мен ағып тұрған жүйрікпін (баяндауыш). Жақсы студент жақсы оқиды ( пысықтауыш) т.б.