Зат есімнің сөйлемде атқаратын қызметі

Зат есім – сөз таптарының ішіндегі ең молы және басқа сөздердің негізгі ұйтқысы. Зат есім басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, сөйлемде сөйлем мүшелерінің бәрінің қызметін атқарады: Дегенмен, зат есім заттық ұғымды білдіретіндіктен оның сөйлемдегі ең басты, негізгі қызметі бастауыш пен толықтауыш болады. Мысалы, Мұғалім – ауылдағы мәдени күшіміз. Осы каналды қазып бітірейік.

Ескрту: соңғы кезде сөйлем мүшелерін төмендегі шартты белгілермен белгілеп жүр.

Бастауыш

Баяндауыш

Толықтауыш

Пысықтауыш

Анықтауыш

Зат есімдер қандай сөзбен тіркесуіне және сөйлемде қай орында тұруына байланысты анықтауыш та, пысықтауыш та, баяндауыш та бола береді. Мысалы, Сәрсеннің қарындасы университетте оқиды.