Зат есімнің жалғаулары

Зат есімдерді басқа сөздермен өзара байланыстырып,қарым-қатынасқа келтіретін грамматикалық формалар жалғаулар деп аталады. Зат есімнің жалғаулары төрт түрлі: көптік жалғауы, тәуелдік жалғауы,септік жалғауы, жіктік жалғауы.

Бұлардың әрқайсысының қызметі, формалары әртүрлі.

Зат есімнің морфологиялық белгісінің бірі – оны жекеше, көпше болып бөлінуі және тәуелденіп, септеліп, жіктелуі.

  1. Көптік жалғауы. Зат есімнің көптік категориясы үш түрлі жолмен,тәсілмен беріледі: Ол – морфологиялық, лексикалық, синтаксистік тәсіл.

Морфологиялық тәсілді таблица арқылы көрсетеміз.

 

Жеке сөздердің соңғы дыбыстары Көптік түрлері Мысалдар
1.Дауысты дыбыстар және р, у,й

2.з, ж, л, м, н, ң

3.Қатаң дыбыстар – п, қ, к, т.

-лар, -лер

 

 

 

-дар, -дер

-тар, -тер

Бала-лар,іні-лер,тау-лар

Қыз-дар,сөз-дер,этаж-дар

Кітап-тар, көйлек-тер.

 

Лексикалық тәсіл – көптік ұғымды ешқандай қосымшаларсыз өз лексикалық мағынасы арқылы білдіреді.

Мысалы, су,сүт,тұз,жарма т.б.

Синтаксистік тәсіл – сөйлемде атқаратын сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады.

Тәуелдік жалғауы да зат есімдерге жалғанады. Мұны да таблица арқылы көрсетеміз.

Жақ Дауысты дыбыстан соң Дауыссыз дыбыстан соң
І

 

ІІ

 

ІІІ

-м,-мыз,-міз, әке-м, апа-мыз,шеше-міз.

-ң,-ңыз,-ңіз, әке-ң,апа-ңыз.

-сы,-сі, әке-сі, апа-сы.

-ым,-ім,-ымыз,-іміз, қыз-ым, келін-ім.

-ың,-ің,-ыңыз,-іңіз, қыз-ың, келін-іңіз

-ы,-і, қыз-ы, келін-і.

Мұндағы грамматикалық көрсеткіштер заттың үш жаққа да, яғни маған да; саған да; оған да тәуелді екенін білдіреді.

Септік жалғауы зат есімге тікелей де, тәуелденіп те септеледі. Олардың үлгісі төмендегідей:

Септіктер Жай септеу Тәуелді септеу
1.А. кім? не?

2.І. кімнің? ненің?

3.Б. кімге? неге?

4.Т. кімді? нені?

5.Ж. кімде? неде?

6.Ш.кімнен?неден?

7.К. кіммен?

немен?

Апа,әке

Апа-ның,әке-нің

Апа-ға,әке-ге

Апа-ны,әке-ні

Апа-да,әке-де

Апа-дан,әке-ден

Апа-мен,әке-мен

Апам, әкем

Апам-ның,әкем-нің

Апам-а,әкем-е

Апам-ды,әкем-ді

Апам-да,әкем-ді

Апам-нан,әкем-нен

Апам-мен,

әкем-мен

 

Сондай-ақ, септік жалғауы есімдіктерге де, басқа сөздерге де заттанып барып жұмсала береді.

Жіктік жалғаудың негізгі қасиеті – ол баяндауыш болатын сөздерге жалғанады. Зат есімнің бәріне бірдей жіктік жалғауы жалғана бермейді. Тек қана адаммен байланысты, оның мамандығын,кәсібін көрсететін сөздерге ғана жалғанады. Мысалы, мен жазушы-мын, сен жазушы-сың, сіз жазушы-сыз, ол жазушы; біз (біздер) жазушы-мыз, сендер жазушы-сыңдар, сіздер жазушы-сыздар, олар жазушы.