: Тіркескен сөз – екі немесе көп сөздер тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін күрделі сөздің түрі.
Тіркескен сөздер 5 түрлі жолмен жасалады.
1.Күрделі зат есім.Мысалы, Алматы қаласы-мәдениет сарайы.
2.Күрделі сын есім.Мысалы,қара кер, бидай өңді, ұзын бойлы т.б.
3.Күрделі сан есім.Мысалы, он бес, екі жүз сексен т.б.
4.Күрделі етістік.Мысалы, келіп отыр, деп айтты т.б.
5.Күрделі үстеу.Мысалы, күні бойы, ала жаздай т.б.
Тіркескен сөздің екі түрі бар:
1.Еркін тіркестің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға болады. Мысалы, оқып отыр, оқып жүр т.б.
2.Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға келмейді. Тұрақты сөз тіркесінің құрамына енген сөздердің орындары бұлжымайтындай аса берік. Мұндағы сөздердің орнын ауыстыруға да, өзгертуге де болмайды. Бір тілден екінші бір тілге сөзбе-сөз аударуға да болмайды. Мағыналық жағынан бұл тіркес бір бүтін тұлға ретінде жұмсалады.Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздер бірігіп, бір ғана мағына береді.Мысалы, қас пен көздің арасында (тез) деген тіркесті кірпік пен көздің арасында десек „тез” деген мағынаны бермейді.Түйе үстінен сирақ үйіткенде деген тұрақты „илікпейтін, икемсіз” деген мағынаны білдіреді.