Кез келген сөз қысқартыла бермейді, тек күрделі атаулар қысқарады. Күрделі атауларды шартты түрде қысқарту арқылы жасалған сөздер қысқарған сөздер деп аталады.
Орыс тілінде қысқарған сөздер өте көп, қазақ тілінде одан әлдеқайда аз.
Қысқарған сөздер төрт түрлі жолмен жасалады:
1.Күрделі атаудың әр сөзінің басқы дыбысы алынады: АҚШ – Америка Құрама штаттары, БҰҰ – Біріккен Ұлттар ұйымы, ҚХР – Қытай Халық Республикасы; Бұған тек өлшем атаулары бағынбайды: м – метр, кг – килограмм, мм – милиметр, г – грамм т.б.
2.Күрделі атаудың бірінші сөзінің алғашқы буыны және қалған сөздерінің басқы дыбысы алынады: ҚазМПУ – Қазақтың Мемлекеттік Педагогикалық Университеті, ҚазМУ – Қазақтың Мемлекеттік Университеті.
3.Күрделі атаудың әр сөзінің алғашы буындары алынады: ауатком – аудандық атқару комитеті.
4.Күрделі атаудың алғашқы сөзінің алғашқы буыны алынып, келесі сөз түгел айтылады: педучилище, мединститут.
Қысқарған сөздердің бұл айтылғандардан басқа ТУ-114, АН-24, см,км, мм,дм т.б. сияқты түрлері бар.
Қысқарған сөздердің құрамындағы әріптердің, буындардың, буын мен сөздердің араларына ешқандай белгі қойылмайды.