Біріккен сөз — екі я одан да көп сөздер бірігіп, бір ұғымды білдіретін және бір сұраққа жауап беретін сөз.Мысалы, тасбақа тас+бақа,Талдықорған Талды+қорған, орын + басар – орынбасар, көк+өніс – көкөніс, бала+бақша – балабақша, жан+ұя – жанұя, бал+мұздақ – балмұздақ т.б. Қазақ тілінде орыс тіліндегі байланыстырушы дауыстылар сияқты сөзді біріктіретін морфемалар жоқ. Сөз ешбір қосымшасыз бірігеді. Біріккен сөз екі түрлі: 1) кіріккен сөз, 2) біріккен сөз.
Кіріккен сөз деп — сыңарлары түрлі дыбыстық өзгеріске түсіп, бір-бірімен дыбыстық жағынан үндесіп, ықшамдалып, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздерді атайды.Мысалы, биыл-бұл жыл,бүгін-бұл күн, қол+қап – қолғап, алып+бер — әпер, қайын+іні – қайын, ендігіден+әрі – ендігәрі, қара+ала+құс – қарлығаш т.б.
Біріккен сөздер деп құрамындағы сыңарлары дыбыстық құрамын сақтай отырып, бір лексикалық мағына беретін біртұтас сөзге айналған сөздер аталады.Мысалы, сая+жай – саяжай, ақ+қу – аққу, ай+балта – айбалта, көк+жөтел – көкжөтел т.б.Біріккен, кіріккен сөздер бірге жазылады. Біріккен сөздер сөздік қорды байытады.
Біріккен сөздердің жазылу емлесі.
1.Түбір сөздері ешқандай өзгеріске ұшырамай, сол күйінде, өзгеріссіз жазылады. Мысалы: асқабақ, Мергенбай, Ақтөбе, Жетісу, жетіжылдық т.б.
2.Дыбыстық өзгеріске ұшыраған мына сөздер айтылу қалпында жазылады. Мысалы: күздігүні, белбеу, қолғабыс,Жанғазы т.б.
3.Еш, бір, әр, кей, әлде сөздері есімдіктермен бірге жазылады да,есімдермен бірікпей бөлек жазылады.
Еш | Бір | Әр | Кей | Әлде |
Ешбір | біраз | әркім | кейбіреу | әлдекім |
Ешкім | бірнеше | әрқашан | кейбір | әлдеқашан |
Ешқашан | бір адам | әрқайсы | кей адам | әлдеқайда |
еш адам | бірталай | әр адам |
- Қара торғай (құс аты), ақшелек (ауру), Қаракүйе (құрт), соқыртеке (ойын) т.б. сөздер алғашқы мағынасын өзгертіп, жаңа мағынаға ие болғандықтан,бірге жазылады.